Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд на 158ч.поҚаржесеп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

3. Банктердегі ұлттық валютадағы ағымдығы банктін шотының операциялар есебі

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу,өнімдерді,жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады.Есептесу 2 нысанында жүргізіледі:

1.Банк жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз аудару жолымен.

2.Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.

Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін ҚРның банк мекемелері:

1.ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын.

2.Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды

3.Бюджеттік мекемелерге,олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша,қоғамдық ұйымдарға,өндірістік,коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды

4.Республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттік шоттарды

5.Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.

1030- Ағымдық банктік есеп айырысу шоты

Уақытша бос ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін шар-қ субьектілері өзі таңдаған банкте есеп айырысу шотын ашады.

Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың негізінде ашылады:

  1. Шот ашуға арналған өтініш

  2. Қойылатын қол мен мөртаңба белгісінің үлігісі бар карточка

  3. Субьектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы.

  4. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі

  5. Жарғы мен құрылтай шартының көшірмесі

Есеп айырысу шотын ашқан шаруашылық субьектісі оның иесі болып табылады. Ол өзіне берілген құқықтардың шегіне осы шоттағы қаражаттардың барлығына иелік жасайды.

Ақшаларды қабылдауды, беруді және аударуды банк мынадай құжаттардың негізінде орындайды:

1. Қолма-қол ақшаларды кассадан есеп айырысу шотына енгізген кезде қолма-қол ақша салымының мәлімдемесі рәсімделеді.

2. Әр түрлі мақсаттар үшін кассаға алынғанда чек кітапшасы рәсімделеді.

3. Басқа субьектілермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады.

4. Субьект босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстар мен қызметтердің құнын сатып алушыдан өндіріп алуға тиіс болған жағдайда төлем тапсырмасы жазылады.

5. Шаруашылық істері жөніндегі алқанын (комиссия) бұйрығы сот органдарының атқарушы қағаздары есеп айырысу шотынан құжаттар есептен шығарылатын атқарушы құжат болып табылады.

Есеп айырысу шотын жабу оның иесінің өтініші бойынша:

А) есеп айырысу шотын ашу үшін тіпті болмағанда бір ғана бөлігінің болмауына (дербес бланстың бар болуы және т.б) әкеп соқтырған субьект қызметі сипатының өзгерісі кезінде

Ә) субьектіні құрған органның шешімі бойынша

Б) 3 ай бойы шотта қозғалыс болмаған кезде жүргізіледі.

Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ суббектіңн атауы өзгерген жағдайд шоттың иесі чек кітапшасын пайдаланылмаған чектерімен қоса банкке қайтаруға, олардың нөмірін көрсетуге және есеп айырысу шотындағы құжаттардың қалдығын растауға міндетті.

Банктердегі арнайы шоттардағы ақшалай қаражаттар есебі. Тәжірибелік жұмыс №1

ҚР-а қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі нысандары ұсынылады: төлем-тапсырмасы, чек, аккредитив, төлем-талап тапсырмасы, вексель, инкассалық өкім.

Төлем-тапсырмасымен есеп айырысу дегеніміз ақша берушінің тапсырмада көрсетілген соманы бейнефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады.

Қызмет пен жұмысты және ТМҚ өтеу үшін есеп айырысу кезінде осы төлем тапсырмаларын пайдаланады. Тапсырмаға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот фактуралаоры және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттарымен бірге тапсырылады.

Төлем тапсырмасы төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық және қағаз түрінде ұсынылады. Ол 2 данада жасалаы., біреуі банкте қалдырылады, екіншісіне қол қойылып, штамп басылып иесіне қайтарылады.

Бейнефециар – аудару жасалған кезде ақша қаражатты алушы .

Төлем тапсырмалары:

1. Мерзімді

2. Мерзімінен бұрын (алдын-ала төлем)

3. Кейінге қалдырылыған болып келеді.

Чектермен есеп айырысу . Чек берудің төлемдерді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады.

Есеп айырысудың бұл нысаны бойынша шоттың иесі (чек беруші) өзінің шотынан сатып алушының (чек ұстаушы) шотына қаражаттың белігілі бір сомасын аудару жөнінде өзіне қызмет көрсететін банкке чек түрінде жазбаша тапсырма береді.

Чек кітапшасын ашу үшін банкке өтініш беріледі.

Лимиттелген чек кітапшасы иесінің жеке шотындағы қаражатты депонеттеуге болады.

Төлем-талап тапсырмаларымен есеп айырысу. Мұндай нысан болған кезде жеткізуші жөнелтілген өнімге төлем талап-тапсырмасын ресімдейді де, оны төлеушіге бағыттайды. Ол бұнымен танысқаннан кейін төлем жайында шешім қабылдайды. Төлеуге шешім қабылдағанан кейін төлеуші оған қол қояды, мөрін басады және оны өзінің банкіне өткізеді. Төлеушінің банкі ақшаны оның есеп айырысу шотынан есептен шығарылады және оны жеткізушінің шотына есептеу үшін соның банкіне аударады. Есептен шығарылған және есептелген сомаларды бух-к жазбалары есеп айырысу шотынан банк беретін көшірменің негізінде жүргізіледі.

Аккредитив. – келісім бойынша контрагенттің (өзара уағдаласушы) пайдасына жасалған клиенттің тапсырмасы бойынша банкіде берілген шартты ақшалай міндет.

Есеп айырысудың мұндай нысанында төлеуші аккредитив ресімдейді. Мұндағы мәлімдеме өз банкінің бөлімшесіне өзіне жіберілген ТМҚ шоты ашу үшін төлем жасауға арналған аккредитивқоюды тапсырады. Белгілі бір жеткізушілерге:

1. Жабық (депонеттелген) немесе жабылмаған (кепілденген)

2. Шақырылып алынатын және шақырылып алынабай аккредитивтер ашылуы мүмкін

Аккредитив алу үшін төлеуші өзінің банкіне шарттары көрсетілген өтініш береді. Оны орындаған кезде жөнелтілген тауарлар немесе орындалған қызметтер үшін жеткізушінің есептік құжаттары төленуі мүмкін. Аккреидтив мерзімін сатып алушы 25 күн шамасында белгілейді. Қажет болған кейбір жағдайларда жеткізудің шарты бойынша жеткізушінің банкіндегі аккридитивтің әрекет мерзімі алушының банкінің рұқсатымен 45 күнге дейін ұзартылып белгіленуі мүмкін. Мерзімді әдетте, жеткізушімен төлеуші белгілейді. Аккредитив мерзімі аяқталғаннан кейін төлем жасауға рұқсат етілмейді.

Вексель- бұл вексель айналымы жолымен берілетін коммерциялық несиенің түрі. Вексельдің 2 түрі бар:

  1. Жай вексель- оны борышқор жазып береді және оған қол қояды. Екі тарап қатысады: вексель беруші және вексель ұстаушы. Вексельде берілген орны мен күні, міндеттеменің жалпы сомасы немесе пайыз төлеу жөніндегі міндетте бөлек түрде, төлемнің мерзімі мен орны, алушының атауы, екі тараптың қойған қолары көрсетіледі.

  2. Аудармалы вексель-бұл вексельде көрсетілген соманы белгіленген мерзімде ұстанушыға немесе үшінші тұлғаға төлеу жөнінде кредитордың борышкерге берген бұйрығы.

Инкассалық тапсырмалармен есеп айырысу.

Бұл нысан кәсіпорынның шотындағы қаражатты оның келісімінсіз есептен шығарған кезде қолданылады:

  1. Бюджетке төлемдер бойынша қарызды айыппұлдарды өнідіріп алған кезде және өндіріп алушының өкімі бойынша қаражатты есептен шығарудың даусыз тәртібі белгіленген өзге жағдайларда

  2. Атқарушы және соған теңдестірілген құжаттар бойынша

Қаражаттарды шоттан даусыз тәртіппен есептен шығару өндіріп алушылап төлем талап-тапсырмасының банкісінде ұсынған өкімнің негізінде жүргізіледі.

Тақырыпқа байланысты қолданылатын бухгалтерлік жазбалар.

Шаруашылық операцияларының мазмұны

дт

кт

тип

1

Есеп айырысу шотынан алынған ақша кассаға кірістелді

1010

1030

1

2

Сатып алушылардан есеп айырысу шотына қарыз сомасы келіп түсті

1030

1210

1

3

Ағымдағы банктік шотқа айыппұл келіп түсті:

1030

6280

4

Ағымдағы жал бойынша жалға алынған негізгі құралдарға есеп айырысу шотынан жал төлемдері аударылды:

3360

1030

4

5

Акциялар бойынша дивиденттер есеп айырысу шотына келіп тусті:

1030

6120

6

Акционерлерден сатып алынган меншікті акиия үшін қаржы аударыдды:

5210

1030

4

7

Дайын өнімді жеткізгені үшін есеп айырысу шотына алдын ала алынған аванстық төлем келіп түсті:

1030

3510

3

8

Есеп айырысу шотына кассадан инкассаторға берілген ақша келіп түсті:

1030

1020

1

Өткен тақырыпты сұрақтармен бекіту.

  1. Есеп айырысу шотын ашуға қандай құжаттар керек.

  2. Есеп айырысу шотына ақша қаражатын қабылдау, кандай құжатпен рәсімделеді

  3. Есеп айырысу шотынан ақша қаражатын алу, кандай құжатпен рәсімделеді

  4. Есеп айырысу шотынан ақша қаражатын контырагенттере аудару, кандай құжатпен рәсімделеді

  5. Сатыпалшылардан алынған товарлары, көрсетілген кызметтері,жұмыстары үшін

төленбеген соммаларын өндіріп алу кандай құжатпен рәсімделеді

  1. Чек кітапшасы кайдан алынады.

  2. 1030-шотына экономикалық сипаттама берініз.

  3. Төлем - тапсырмасына қол қойятын тулғаны атаңыз

9. Инкассалық тапсырмалармен есеп айырысуды қай кезде қолданамыз.