
- •1 Тақырып. Қаржы есебінің ұйымдастырылуы, мақсаттары мен қағидалары.
- •3. Банктердегі ұлттық валютадағы ағымдығы банктін шотының операциялар есебі
- •1030- Ағымдық банктік есеп айырысу шоты
- •5 Тақырып Есеп беретін тұлға мен есеп айырысу есебі
- •6.Басқа ұйымдардың бағалы қағаздарына ұйымның қаржылық салымының есебі
- •8.Несиелік жөне есеп айрысу, ақшалай қаражаттарды түгендеу жүргізу тәртібі,
- •9 Тақырып. Негізгі құралдар, олардың қаржылық есептегі топтамасы мен бағалануы
- •10.Ғимараттар мен құрылғыларды мердігерлік және шаруашылық әдістермен салу есебі. Тәжірибелік жұмыс №3
- •11.Негізгі құралдардың тозу есебі.
- •12.Негізгі құралдардың құрамы мен түрлері
- •13.Негізгі құралдарды қысқа және ұзақ жалға берудің есебі.
- •15.Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер қозғалысына байланысты шоттар корреспонденциясын құру Тәжірибелік жұмыс №5
- •16 Тақырып . Материалдық қорлар, олардың жіктелуі, бағалануы және есебінің мақсаты
- •18.Қорларды сатып алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу есептері.
- •18.Қорларды сатып алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу есептері.
- •19.Сатып алынған материалды құндылықтар бойынша қосылған құн салығы акциздер есебі
- •20. Өндіріске босатылған материалдарды әр түрлі әдістермен бағалау. Әр түрлі мақсаттарға және өндіріске босатылған материалдар есебі. Тәжірибелік жұмыс №6
- •21.Қорларды түгендеу және қайта бағалау
- •Сатып алушылардан алынған аванс
- •Басқа ұйымдардан алған кредиторлық борыштарды жабу
- •Кіріс ордерімен
- •Нақты орындаған жұмыс уақыты үшін тарифтік бағамен
- •Жабдықтаушы қр-да ққс төлеуші болып саналса,сатылған тауарлары үшін
- •22.Материалдық құндылықтардың қозғалысымен байланысты операцияларының шоттар корреспонденциясын құру Тәжірибелік жұмыс №7
- •23. Еңбек және төлемақы есебінің
- •24.Тарифтік тор және оның разрядтары. Жұмыс уақытының есебі. Еңбек және оның төлемақысын құжаттау Тәжірибелік жұмыс №8
- •25.Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін ұсталымдар. Зейнетақы жинақ қорларына және әлеуметтік салық бойынша аударымдардың есебі. Тәжірибелік жұмыс №9
- •26. Төлемақы төлеу тәртібі, депонирленген сомалардың есебі.
- •27.Төлемақы есебімен байланысты операцияларға шоттар коррепонденциясын құру. Тәжірибелік жұмыс №10
- •28. Еңбекақыны әртүрлі жүйеде төлеу есебі
- •29. Есеп айырысу төлем ведомосын құрастыру. Тәжірибелік жұмыс №11
- •30.Өндіріс шығындары есебі мен бақылауының мақсаттары және өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың негізгі қағидалары
- •32.Тура шығындар құрамы мен сипаттамасы және олардың негізгі өндіріс шығындары элементтерінің шоттарында көрсетілу тәртібі. Тәжірибелік жұмыс №12
- •33.Өндірістік жоғалтулар есебі. Накладной шығындары жөне оларды бөлу өдісі. Тәжірибелік жұмыс №13
- •34.Калькуляция ұғымы, оның мәні, калькуляция объектілері. Өндіріс шығындары есебінің негізгі әдістері
- •35.Өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің тапсырыс беру әдісінің мәні
- •36.Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің процестік әдісі.
- •37.Жалпы және әкімшілік шығындарының есебі
- •39. Дайын өнім есебінің мақсаттары. Дайын өнімді бағалау
- •40.Сатып алушылармен есеп айырысу есебі
- •39 Тақырып. Дайын өнімді шығарудың және оның қоймадағы есебі.
- •41. Дайын өнімді сату есебі
- •42.Дайын өнімді түгендеу және оны есепте бейнелеу. Тәжірибелік жұмыс №15
- •43.Дайын өнім қозғалысына алғашқы құжаттарды толтыру. Тәжірибелік жұмыс №16
- •44.Кірістер мен шығыстар есебі. Корпоративті табыс салығы бойынша есеп айырысу. Тәжірибелік жұмыс №17
- •45. Жарғылық капитал есебі
- •46.Резервті капитал есебі, таратылмаған табыс (бөлінбеген пайда) есебі
- •47.Жиынтық табыс пен таратылмаған табыс есебі
- •48.Меншікті капитал қозғалысы есептеріне шоттар корреспонденцияларын құру. Тәжірибелік жұмыс №18
- •49.Тауарлар, жұмыстар және қызметтер экспорты бойынша операцияларының есебі.
- •50. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер импорты бойынша операцияларының есебі
- •51.Реэкспорт бойынша операциялар есебі
- •52. Толлингтік операциялар есебі.
- •53.Сыртқы экономикалық қызметке байланысты операциялар есебіне шоттар корреспонденцияларын құру. Тәжірибелік жұмыс №19
- •54.Есеп саясатының ұғымы және құрылуы
- •55.Қаржылык есептілікте есеп саясатының ашылуы
- •56.Есеп саясатын аша отырып жылдық қаржылық есеп беруге түсінік хатын құру. Тәжірибелік жұмыс №20
- •57.Экономикалық ақпарат жүйесіндегі қаржылық есеп берудің мағынасы. Ұйымның баланс кұруы
- •Бухгалтерлік баланс
- •58.Ақша қаражаттарының қозғалысы есебі
- •59. Кірістер мен және шығыстар есебі Кірістер мен шығыстар туралы есеп
- •60.Капитал өзгерісі және ақша қаражаттар есебі
- •61.Қортынды баланс және есептіліктің басқа нысандарын құрастыру Бухгалтерлік баланс
- •Кірістер мен шығыстар туралы есеп
- •62.Ауылшаруашылығындағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері. Ауыл шаруашылық өнімдерінің жіктелуі. Биологиялық активтер
- •64.Ауылшаруашылық өнімдерін сату кірістер мен шығыстар есебі
- •65.Өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру бойынша шығындар
- •66.Туристік компаниялардағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
- •67.Турөнімнің бағасының қалыптасу саясаты.
- •68.Турөнімінің өзіндік құнының шығындар құрамы және калькуляциялау
- •69.Турөнімдерді сату кірістермен шығыстар есебі. Тәжірибелік жұмыс №23
- •70.Автокөлік ұйымдарындағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
- •71.Автокөлік қызметі құнының шығындар құрамы және кірістерді калькуляциялау
- •72. Тмқ мен нқ есептеу
- •73. Саудадағы қаржылық есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері.
- •74. Тауар айналымы және көтерме сауда есебі. Тәжірибелік жұмыс №24
- •Көтерме және бөлшек тауар айналымының есебі.
- •75. Қоғамдық тамақтандыру есебінің ерекшеліктері
- •Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз етудегі бағалардың пайда болуы және калькуляциялануы.
- •76. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері.
- •77. Құрылыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы
- •78. Орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстардың кіріс және шығыс есебі
- •79.Құрылыстағы өндіріс шығындарының есебі, ақау есебі. Тәжірибелік жұмыс №25
18.Қорларды сатып алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу есептері.
Материалдық қорлардың қозғалысы есептеу алу бойынша типтік құжаттар әзірленген. Оларды уақытылы жазып, дұрыс ресімдеу уйлесімді ұйымдастыру есеп пен осы қорлардық сақталуы, әрі дұрыс пайдалануына бақылау жасау мүмкіндік береді. Субъектінің бас бухгалтері дұрыс құжат айналымын, типтік құжаттардың қолданылуына, әзірлеуін ұйымдастырып, олардың жасалу, тексері және қабылдау кестесін барлық орындаушыларға жеткізуге міндетті. Материалдық қорлардың қозғалысына байланысты барлық операциалар құжаттармен рәсімделеді.Материалдық құндылықтар кәсіпорындағы, әдетте, жеткізу шарты бойынша келіп түседі. Онда жеткізілімінің саны, сомасы, ассортименті, жиынтықтылығы, сапасы, есептеулер мен жеткізу шарты бұзғаны үшін қарастырылған санкциялардың сомасы белгіленеді.Келіп түсетін материалдық құндылықтардың есептік құжаттары (шот-фактура, төлем талап-тапсырмасы, тауар-көлік жүк құжаттары) жабдықтау бөліміне жіберіледі. Жабдықтау бөлімінің қызметкерлері:
1. Осы құжаттардың деректерін ассортиментке, материалдық құндылықтардың санына, бағаға, тиеп-жөнелту мерзімдеріне қатысты жеткізу шартына сәйкестигін тексеру;
2. Жеткізушінің есеп айрысу құжаттарын төлеуге келісім беруге немесе оларды төлеуден бас тартуға;
3. Есеп айрысу құжаттарын келіп түсетін жүктерді есепке алудың №1 нысанындағы журналға тіркеуге;
4. Есеп айрысуға құжаттардың бухгалтериаға табыс етуге және материалды алу және сақталатын жеріне дейін жеткізу туралы өкілеттілігі бар лауазымды тұлғаларға өкім беруге міндетті.
Тауар жеткізушілермен, қызмет көрсетіп, жұмыс орындаушы мердігерлермен есептесудің құқықтық режимі ҚР Азаматтық кодексінің талаптарына сай келісім шартпен анықталады.
Жеткізушілермен келіп түскен құндылықтар үшін, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, актілер және т.б құжаттар толтыру талап етіледі. Құндылықтармен қоса келген тқұжаттарға сәйкес қоймадағы материалдар есебін жүргізетін карточкалар толтырылады. Қоймадан жіберілетін материалдар үшін лимиттік-алым карточкасы толтырылады. Материалдарды
босатуға қатысты құжаттардың барлығы бухгалтерияда толтырылып, қоймадағы жауапты тұлғаға орындау үшін жіберіледі.
Шоттардың үлгілік жоспарында, қолдану мерзіміне байланысты, есеп жүргізу үшін төмендегі шоттар қолданылады: 1610 –берілген қысқа мерзімді аванстар; 2910-берілген ұзақ мерзімді аванстар; 3310- жеткізушілермен мердігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық қарыздары;
4110- жеткізушілермен мердігерлердің ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздары.
Жеткізілген тауарға төленген аванс мөлшері: Дт 1610,2910 Кт 1030,1010
Егер авнастық сомалар кейін қайтарылатын болса: Дт 1030,1010
Кт 16910,2910. Алдын ала төленген аванс жеткізушіге төленетін қарыздың есебіне жатқызылған кезде: Дт 3310,4110 Кт 1610,2910.
Қарыздар мекеме мойындаған әртүрлі айыппұлдар немесе сот шешімі бойынша өндіріліп алуға жататын сомалар 6280 шотында көрсетіледі
Өткен тақырыпты бекіту.
Төменде келтірілген шаруашылық операцияларына шоттар байланысын құрыңыз:
№ |
Операциялар мазмұны |
Сомасы, тг |
Дт |
Кт |
1 |
Жабдықтаушылардан алынған материалдар кірістелді |
980 000 |
|
|
2 |
Оның ішінде ҚҚС сомасы көрсетілді |
? |
|
|
3 |
Алынған материалдар өндіріс мұқтажына босатылды |
500 000 |
|
|
4 |
Негізгі өндіріс жұмысшыларына еңбекақы есептелінді |
620 000 |
|
|
5 |
Жұмысшылардың еңбекақы қорынан әлеуметтік салық ұсталынды |
|
|
|
6 |
Жабдықтаушылардың қарыз сомасы есеп айырысу шотынан төленді |
1200 000 |
|
|
№ |
Операциялар мазмұны |
Сомасы, тг |
Дт |
Кт |
1 |
|
110 000 |
1210 |
6010 |
2 |
|
128000 |
1210 |
3130 |
3 |
|
10000 |
1332 |
3310 |
4 |
|
5000 |
1320 |
8110 |
5 |
|
4000 |
1350 |
6280 |
№ |
Операциялар мазмұны |
Сомасы, тг |
Дт |
Кт |
1 |
|
150 000 |
8310 |
1310 |
2 |
|
18000 |
8110 |
1312 |
3 |
|
120000 |
8410 |
1313 |
4 |
|
45000 |
1310 |
6220 |
5 |
|
24000 |
1340 |
8110 |
6 |
|
330000 |
1320 |
8110 |
17.Қорлардын қоймадағы және бухгалтериядағы есебі.
Қойма шаруашылығының жақсы жағдайы тауарлық материялдық құндылықтардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып саналады. Қойманың ұй-жайы тұйықталған, дабылдамамен, стеллаждың, жәшіктерінің, еденшелермен, механизация жабдықтарымен және салмақ өлшейтін приборлардың қажетті мөлшерімен жабдықталуға тиіс.Қойма ішінде материялдың әрбір тобы, топшасымен түрі белгілі бір жерде сақталуы тиіс. Сақтайтын әрбір жерге материялдық затбелгі бекітіледі. Басшының бұйрығымен қоймады жұмыс істейтінматериялды жауапты адамдардың тізімі бекітіледі. Олармен материалдық жауапкершілік шарт жасалады. Материалдардың қоймадағы есебін тікелей осы адамдар жүргізеді. Материалдық құндылықтардың қоймалық есебі үшін әдістің біреуімен ұйымдастырылуы мүмкін. Бірінші әдіс – сандықөсомалық есеп әдісі. Осы әдіс негізінен қорлар номенклатурасы кішігірім, шағын кәсіпорында жүргізіледі.Екінші әдіс – сальдолық (жедел-бухгалтерлік) әдіс. Материалдық құндылықтардың есебін қойма меңгерішісі жүргізеді.Үшінші әдіс – материалдық есеп берулер әдісі.
Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері
Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:
1. Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі
2. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
3. ФИФО әдісі
Арнайы сәкестірілген есептеу әдісі. Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі әдетте бірімен-бірін алмастыруға болмайтын к/о-да ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл металдардың, асыл тастардың және т.б.) нақтылы бір мат-дық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалған материалдар мен істелген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе к/о-ның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған мат-дың өзіндік құнын есептеуге арналған.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі.Орташа өзіндік құнды есептеу әдісі бойыеша к/о-ға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандығы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болған жағдайда жүргізіледі.Мат-дық қорлар тобының орташа өзіндік құны ұйымның мат-дың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған мат-дар құнының жиынтығы мат-дың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті мат-дың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.
ФИФО әдісі. ФИФО есептен шығарылған мат-дық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша мат-дық ьқорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны алғашқы болып, яғни кезекте шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған мат-дар ібрінен соң бірі кіріске алынғандығы кезегі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында к/о-ның қоймасында қалған мат-дың өзіндік құны соңғы кіріске алынған мат-дың бағасымен бағаланады.
Мат-дық қорларды ФИФО әдістерімен бағалау барысында мат-дың талдамалық есебін олардың түрлері бойынша ғана жүргізіп қоймай, егер олар әр түрлі бағамен сатылып алынған болса, онда келіп түскен мат-ды олардың топтамасы бойынша есептеу керек.Мат-дар баланста нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар мат-дар өздерінің топтамалық есебінде нақты өзіндік құнымен көрсетіледі де, ал талдамалық есебінде жоспарлы есептеу бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер мат-дық қорлардың талдамалық есебі жоспарлы есептеу бағасы бойынша есептелетін болса, онда олардың нақты өзіндік құны жоспарлы есептеу құнына баға өзгеруінен болатын ауытқуларды қосу немесе алу арқылы анықталады. Бұл бағаны к/о-ның немесе ұйымның өзі жоспарланған дайындау-тасмалдау шығындарын ескере отырып есептен шығарады. Жалпы мат-дық қорларды есептеуде заттай және ақшалай өлшемдер қолданылады.
Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері
Есеп №1:
01.05.2010 жылға материалдық қалдықтар:
552 бірлік х 100тг = 55200 тг
05.05.10. 500 бірлік х 110 тг = 55000 тг
10.05.10. 700 бірлік х 120 тг = 84000 тг
20.05.10. 800 бірлік х 125 тг = 100000 тг
25.05.10. 900 бірлік х 130 тг = 117000 тг
Барлығы: 2900 бірлік = 356000 тг
Ай ішінде жұмсалғаны – 3000 бірлік
Табу керек: әр түрлі әдістерді қолданып бағасы мен қалдықты анықтау.
Шешуі: Орташа өлшемді құн әдісі – ай басында қолда бар материалдық құндылықтар мен ай ішінде келіп түскендердің құнын материалдық құныдылықтардың бірлігінің санына бөлу жолымен есептеледі.
552 б +2900 б= 3452 б.
55200 тг. + 356 000 тг. = 411 000 тг.
411000 тг / 3452 б = 119 тг бір бірлік материалдың құны.
3000 б х 119 тг = 357000 тг ай ішінде жұмсалған материал құны.
3452 б – 3000 б = 452 б х 119 тг = 53788 тг
30.05.10. Соңғы қалдық : 452 б = 53788 тг
ФИФО әдісі – бұл материалдық құндылықтарды олардың бастапқы құны бойынша бағалау әдісі. Мұндай әдісте мынадай қағида қолданылады: « бірінші топтама – кіріске, бірінші болып – шығысқа» яғни материалдық ұндылықтардың шығынын оларды сатып алу құны бойынша белгілі бір кезектілікпен бағалайды.
552 бірлік х 100тг = 55200 тг
500 бірлік х 110 тг = 55000 тг
700 бірлік х 120 тг = 84000 тг
800 бірлік х 125 тг = 100000 тг
448 бірлік х 130 тг = 58240 тг
=
3000 б х = 352440 тг жұмсалған материал құны.
452 б х 130 тг = 58760 тг
452 б = 58760 тг соңғы қалдық.
ЛИФО әдісі – бұл материалдық құндылықтарды «соңғы топтама –кіріске, бірінші – шығысқа» қағидасына орай ағымдағы бағалар бойынша бағалау әдісі.
900 б х 130 тг = 117000 тг
800 б х 125 тг = 100000 тг
700 б х 120 тг = 84000тг
500 б х 110 тг = 55000 тг
100 б х 100 тг = 10000 тг
3000 б = 366000 тг
б х 100 тг = 45200 тг
452 б = 45200 тг Бұл әдіс нарықтық экономикада тиімсіз деп танылып, қолданыстан алынып тасталған.
Арнайы бірегейлендіру әдісі – бұл әдіс материалдық құндылақтардың топтамалық есебін ұйымдастыру мүмкін болған жағдайда ғана қолданылады.
500 б х 100 тг = 50000 тг
450 б х 110 тг = 49500 тг
600 б х 120 тг = 72000 тг
700 б х 125 тг = 87500 тг
750 б х 130 тг = 97500 тг
3000 б = 356500 тг жұмсалған материалдар құны.
52 б х 100 тг = 5200 тг
50 б х 110 тг = 5500 тг
100 б х 120 тг = 12000 тг
100 б х 125 тг = 12500 тг
150 б х 130 тг = 19500 тг
452 б = 54700 тг соңғы қалдық.
Қоймадан тізілім бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала жинақталғаннан кейін таксалауға беріледі. Таксалаудан кейін құжат деректер кәсіпорында белгіленген есептік топтар бойынша (орман материалдары,темір және т.б.) топтастырылады. 1300 және 1330 (тауарлар) – бөлімшелердің шоттары бойынша тауарлы-материалдық құндылықтардың кірісі мен шығысы бойынша жүретін, материалдардың талдамалы есебінің жинақтаушы ведомоста әрбір топ бойынша сомалқ өлшеммен көрсетіледі: 1. Өткен айдағы ведомоста алынған ай басындағы қалдық;2.Құжаттарды өткізу тізілімінен ай ішіндегі топ бойынша тауарлыөматериалдық құндылықтардың кірісі;3. Құжаттарды өткізу тізілімінен ай ішіндегі топ бойынша тауарлы-материалдық құндылықтардың шіғісі;4. Есептеу жолымен анықталғанай соңындағы қалдық.
Материалдардың өндірістегі жұмасалуына алдын ала және кезекті бақылаулар жүзеге асырылады. Алдын ала бақылау кезінде материалдардыңөндіріске босату әзірленген лимиттер бойынша жүзеге асырылады. Есепті айға материалдар шығысының лимитті материалдардың жееклеген түрлері бойынша белгіленген шығыс нормасын орындалған жұмыстардың жоспарлы көлеміне көбейту жолымен анықталады. Бұл орайда лимиттік-шектеу картасы толтырылады. Материалдарды шектен тыс босату немесе материалдардың бір түрін басқасына алмастыру жеке құжатпен, яғни жүкқұжатпен ресімделеді.Материалдардың өндірісте пайдаланылуын одан әрі бақылау үшін мынадай әдістер қолданылады:1. Нормадан ауытқуды ресімдеу құжаты. 2. Топтамалар бойынша қаптау есебі. 3. Инвентарлық әдісі.
1 – әдіс. Бұл әдіс кезінде, яғни материалдардың бір түрін басқасына алмастыру және материалдарды нормадан тыс босату нәтижесінде туындаған норма ауытқуларды дабылдама құжатпен ресімделуі тиіс.
2 – әдіс. Қапталатын материалдарыдң әрбір топтама бойынша ауытқуын анықтау үшін қаптама картасы ашылады.
3 – әдіс. Бұл әдістің мәні мынада: өндіріске босатылған материалдардың саны мен құны бастапқы құжаттардың негізінде 1310-1317-шоттардың кредитіне 8011, 8031, 8041, 7210, 7110-шоттардың дебетінде есептеп шығады. Құрылыста кезекті бақылау М29 нысанындағы Өндірістік нормалармен салыстырғандағы негізгі материалдарыдың шығысы туралы есеп берудің₺ деректері бойынша жүзеге асырылады.Жұмсалған материалдардың М29 нысандағы есеп беруде көрсетілген саны жұмсаған материалдардың М19 нысанындағы материалдық есеп беруде келтірілген санына сәйкес келу тиіс.
Тақырыпты бекіту.
1. Есеп.
«Ұлан» АҚ-да есеп беру мерзімінің басына 20 000 теңге мөлшерінде материалдар болды. Негізгі өндіріске 7 000 теңге, қосалқы өндіріске 1 500 теңге, қойманы жөндеуге 2 000 теңге, өнімді жеткізу бойынша 1 000 теңге материалдар жұмсалды.
Шаруашылық операцияларына бухгалтерлік өткізбе құрып, есеп беру мерзімінің соңына материалдар қалдығын анықтаңыз.
2.Есеп.
Компанияның 2012 ж. 1 қаңтарға қор қалдықтары болды:
«Материалдар шотында» 1 200 бірлік * 100 теңгеден = 120 000 теңге.
Ай ішінде сатып алынды:
07.01.12ж 300 бірлік *115 теңгеден = 34 500
13.01 12ж 230 бірлік *120 теңгеден = 27 600
19.01.12ж 500 бірлік *130 теңгеден = 65 000
Ай ішінде түскен жиынтығы: 1030 бірлік 127 100 теңге
Ай ішінде өндіріске босатылды: 1850 бірлік
ФИФО әдісі бойынша ай соңындағы қалдықты анықтап, сомасын есептеңіз.
3.Есеп
Компанияның 2012 ж. 1 қаңтарға қор қалдықтары болды:
«Материалдар шотында» 1 200 бірлік * 100 теңгеден = 120 000 теңге.
Ай ішінде сатып алынды:
07.01.12ж 300 бірлік *115 теңгеден = 34 500
13.01 12ж 230 бірлік *120 теңгеден = 27 600
19.01.12ж 500 бірлік *130 теңгеден = 65 000
Ай ішінде түскен жиынтығы: 1030 бірлік 127 100 теңге
Ай ішінде өндіріске босатылды: 1850 бірлік
Орташа өлшем әдісі бойынша ай соңындағы қалдықты анықтап, сомасын есептеңіз.