Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд на 158ч.поҚаржесеп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

16 Тақырып . Материалдық қорлар, олардың жіктелуі, бағалануы және есебінің мақсаты

К/о-дар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алынған тауарлары, сатып алынған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары, аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.Олардың өндіріс құралдарынан өзге еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.

Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:

  1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.

  2. Материалдардың қоймада және тасмалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.

  3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.

  4. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.

  5. Мат-дың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.

  6. Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдарқұнын әр объектінің шығынына қосу.

Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемі пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажнт:

  • тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлімдердің әрқайсысы материалдардың білгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;

  • материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастыруы керек.

Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек.Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айымашылықтары бар.Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:

  • шикізат;

  • негізгі материал;

  • көмекші материал;

  • жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді

Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды. Шикізаттар деп – бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды айтады.Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген өнімдері – мұнай- кен, мақта, жүн, тері, ағаш және т.б. материалдар жатады. Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын, құрайтын өндіруші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және т.б. жатады. Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар д.а. Мат-дың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айымашылығы, оны сол күйінде сптуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында – бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен болатты жатқызуға болады. Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші мат-дың негізгі мат-дкан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық негізін құрамайды. Олар өндіріс үдерісінде қолданылуы барысында негігі мат-дарға өзінің қандай да бір әсерін тигізіп, негізгі мат-дың түсін тағыда басқа жақтарын өзгертеді. Мат-дың бұл түріне бояуларды, әктреді жатқызуға болады. Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық мат-дар, қосалқы бөлшектер.құрылыс мат-ры және т.б. есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй жайларды жылытуға пайдаланылатын мат-дың барлық түрі жатады.

Ұйымның типтік бухгалтерлік есепшоттар кестесінің екінші бөлімінде «материалдар» есебі мына шотта жүргізіліді.

  • шикізат пен мат-дар;

  • сатылып алынған жартылай фабрикаттар;

  • отындар;

  • ыдыс және ыдыстық мат-дар;

  • қосалқы бөлшектер;

  • басқадай мат-дар;

  • өңдеуге берілген мат-дар;

  • құрылыс мат-ры;

Шикізаттар мен материалдар шотында өндірілетін өнімнің құрамына кіріп,оның негізін жасайтын немесе өнімді дайындағанда оның керекті құрастырушысы болып табылатын шикізаттар мен негізгі материалдардың,өнім өндіруге қатысатын немесе шаруашылық қызметіне сондай-ақ техникалық мақсатқа пайдаланатын,өнім өндіру үрдісіне әсер ететін материалдардың ұйымдардағы есебі,олардың кіріске алынуы мен шығыс етілуі есептеледі. Сатылып алынған жартылай фабрикаттар шотында өндіріліп шығарылатын өнімді жинақтау үшін сатылып алынған өңдеу және жинақтауды керек ететін жартылай фабрикаттардың,жинақтауыш бұйымдардың,бөлшектердің кәсіпорындағы есебі жүргізіледі. Отындар деп аталатын шотта тасымалдау құралына пайдаланатын,сондай-ақ өндірістің технологиялық қажетіне,энергия өндіруге және үйді жылытуға пайдаланатын (мұнай өнімдері мен фтор,газ,көмір тағы да басқа) отындардың қалдығы және кірісі мен шығысы есептеледі. Ыдыс және ыдыстық материалдар шотында ұйымдағы ыдыс және ыдыстық материалдардың барлық түрлерінің (шаруашылық құралы ретінде пайдаланатындардан басқасы),сондай-ақ ыдыстарды өндіріп (жасап) шығаруға,оларды жөнднуге арналған материалдар мен бөлшектердің кіріске алынуы шығыс етілу есебі жүргізіледі.Жабдықтаушы,өткізуші немесе саудамен айналысатын кәсіпорындар тауарлар салынған ыдыстарды «сатылып алынған тауарлар» шотында есептейді. Қосалқы бөлшектер деп аталатын шотта ұйымның пайдалануындағы машиналар мен жабдықтарды,тасымалдау құралдарын және тағы сол сияқтыларды жөндеуге,мүжілген жерлерін ауыстыруға арналған қосалқы бөлшектердің кірісі мен шығысы және қалдығы есептеледі. Басқадай материалдар деп аталатын шотта өндіріс қалдықтары,түзілмейтін өндіріс ақаулары,ұйымның өзінде материал,отын немесе қосалқы бөлшек ретінде пайдалануға жарамайтын есептен шығарылған негізгі құралдарды бұзғаннан алынған материалдардың,металл сынықтарының есебі жүргізіледі.Сонымен қатар бұл шотта ауыл шаруашылық кәсіпорындары өз өндірісіне қажетті тұқымдарды,отырғызылатын көшеттерді,мал азығын дайындаудағы тыңайтқыштарды,ауыл шарушылық дақылдарын дайындауда зиянын тигізетін жәндіктермен күресу үшін пайдаланатын улы химикаттар мен дәрі-дәрмектерді және тағы да басқа материалдарды есептейді.Өңдеуге берілген материалдар шотында қайта өңдеу үшін басқа бұйымдарға берілген,келешекте өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнының құрамына кіретін материалдар есептеледі. Құрылыс материалдары атты шотта тікелей құрылыс салуға және монтаж жұмыстарына,сондай-ақ құрылыс бөлшектерін дайындауға пайдаланатын материалдар және құрылыс қажетіне керекті басқадай материалдар есептеледі.

Тақырыпты бекіту.

Төменде келтірілген шаруашылық операцияларына шоттар байланысын құрыңыз

Операциялар мазмұны

Сомасы, тг

Дт

Кт

1

Есеп беруге тиісті сомалар есебінен материалдар алынды

5 600

2

Шикізат пен материалдар босатылды:

негізгі өндіріске

30 000

3

Өткізілген материалдардың нақты өзіндік құны есептен шығарылды

45 000

4

Өткізілген материалдар үшін сатып алушыға шот-фактура ұсынылды

65 000

5

Оның ішінде ҚҚС сомасы көрсетілді

?

6

Сатып алушылар есеп айырысты

?

Төмендегі бухгалтерлік өткізбе негізінде шаруашылық операциялар мазмұнын құрастырыңыз.

Операциялар мазмұны

Сомасы, тг

Дт

Кт

1

150 000

1210

6010

2

18000

1210

3130

3

120000

1310

3310

4

45000

1330

3310

5

24000

1350

3310

Операциялар мазмұны

Сомасы, тг

Дт

Кт

1

130 000

1010

6010

2

128000

1210

3130

3

10000

1330

3310

4

5000

1320

8110

5

4000

1350

6220

Операциялар мазмұны

Сомасы, тг

Дт

Кт

1

150 000

8310

1310

2

18000

8110

1312

3

120000

1310

6220

4

45000

1330

6220

5

24000

1340

8110