Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд на 158ч.поҚаржесеп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

1 Тақырып. Қаржы есебінің ұйымдастырылуы, мақсаттары мен қағидалары.

Қаржылық есепті ұйымдастыруда шаруашылық әрекеттерді орындау барысында заңдылықтарды қадағалауда кәсіпорын басшысы жауапкершілік атқарады. Ол қаржылық есептің дұрыс жүргізілуіне барлық бөлімшелері мен қызметтерінің кәсіпорын қызметкерлерінің орындауын қамтамасыз етуіне есеп ұсыну тәртібінің талаптарын қамтамсыз етуде жағдай жасауы керек.

ҚР-а қаржылық есеп жалпы құқықтық және әдістемелік басқару бух-к есеп органы болып саналатын ҚР-ң қаржы министрліггі қызмет атқаратын ҚР үкіметімен жүзеге асырылады.

ҚР-а 1995 жылдан бастап бух. есептің реформалануы 4 деңгейде жүргізіледі.

І деңгей- ҚР Заңдары

А) ҚР-да «Бух. есепке алу және қаржылық есеп беру» туралы заңы

Ә) ҚР-ң Азаматтық кодексі

Б ҚР-ң Салық кодексі

ІІ деңгей- ҚР-ң қаржы министрлігінің өкілетті органы мен дайындаған және бекітілген ҚР бух-к есеп стандарттары, бух-к есеп шоттарының үлгі жоспары, 2006 жылдан бастап халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары(ХҚЕС)

ІІ1 деңгей- бух-к есеп стандарттарына әдістемелік ұсыныстар, жұмыс жоспарын қолдау бойынша нұсқаулар, нормативті құжаттар. Осы деңгейде қаржы министрлігімен дайындалып бекітіледі.

IV деңгей- субьектінің есеп саясаты, субьектінің жүргізетін есебінің нысаны, шоттардың жұмыс жоспары белгілі бір обьектілер бойынша есептің таңдалған әдістері талқыланатын субьектінің өзімен дайындалып бекітіледі; нормативті құжаттардың есеп жүйесінің 4 деңгейлі әдісі шартты және кему немесе арту жағында өзгертілуі мүмкін.

Бухгалтерлердің кәсіби этикасы

Іскерлік қатынастар этикасының тәжірбиесі сенім негізінде құрылады, клиенттер мен және жабдықтаушылар мен тұрақты өнімді қатынастар ынталандырады.

Көптеген компаниялар қызметкерлер басщылыққа алатын этика ережелерін жасап шығарады. Бұларға мыналар жатады:

1. Құзыреттілік

  • Қабылдаған заңдарды, ережелер мен стандарттарды қолдану

  • Кәсіби құзыреттілікті қолдау ( нормативті құжаттар оқып білу)

  • Тиісті талдау өткізгеннен кейін толық және анық есептер дайындау

2. Құпиялылық

  • Заң бойынша талап етілмейтін болса, құпия ақпаратты жария етпеу

  • Құпия ақпаратты жеке пайдасына қолданбау

  • Бағыныштылары құпия ақпаратты жарияламайтындығына көз жеткізу

3. Адалдық тұтастық

  • Мүдделер қақтығысынан қашқақтау және басқаларға ықтимал кикілжіңге кіріспей, өзін-өзі ұстап қалуды ұсыну.

  • Ұйымның заңды мақсаттарын бұзбау

  • Мінез-құлыққа әсер ететін сыйлықтар мен қызметтерден бас тарту

  • Жеке және кәсіби шектеулерді мойындау және ол туралы хабарлау

4. Әділеттілік

  • Ақпаратты әділ және обьективті ұсыну

  • Басқару үшін пайдалы болуы мүмкін ақпараттың барлығын ашып көрсету

5. Этикалық жанжалды шешу

  • Субьектіде белгіленген саясатты қолдану

  • Егер жанжал шешілмесе немесе белгілі бір саясат болмаса, іс-қимылдардың ықтимал бағытын жете зерттеу үшін әділетті кеңесшілермен құпия әңгімеде лайықты тұжырымдарды түсіну.

  • Егер тікелей басшының мінез-құлқы этикаға жат болса, мәселені одан жоғары деңгейде талқылау керек.

  • Егер мәселе шешілмесе, соңғы амал жұмыстан шығі

  • Компаниядан тыс тұлғаларға этикалық жанжалдар жайлы хабарламау.

Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері

Кәсіпорындағы бух-к есеп бас бухгалтериямен басқарылатын бухгалтериямен жүзеге асырылады. Егер кәсіпорында бух-к қызмет болмаса, басшы есеп пен есеп беру жүргізуді арнайы мамандандырылған ұйымдарға келісім шарт негіздерінде тапсыруына құқығы бар. Кәсіпорынның бухгалтериясындағы жұмыс ереже бойынша бух-к жұмыстың мөлшері мен көлеміне байланысты мынадай негізгі топтарға бөледі:

  • Есеп айырысу

  • Материалдық

  • Өндірістік калькуляциялық

  • Қаржылық

Бас бухгалтер қызметіне кәсіпорынның басшысы тағайындады және оған бағынады. Бас бухгалтер есеп саясатын құруға жауапты, бухгалтерлік есеп шоттарды шаруашылық әрекеттерді бейнелеуді және бақылауды, орынды ақпараттарды ұсынуды, бекітілген мерзімде бух-к есеп құруды, кәсіпорынның ішкі шаруашылық резервтерін анықтау және мобилизациялау мақсатында қаржы шаруашылық қызметінің экономикалық талдауын жүргізуді қамтамасыз етеді. Бас бухгалтер кәсіпорынның басшысымен бірге ТМҚ мен ақша қаражаттарын қабылдау және қабылдау және беру сонымен қатар есеп айырысу, несиелік және қаржылық міндеттемелер мен шаруашылық келісім шарттар үшін негіздеме болып табылатын құжаттарға қол қояды.

2 тақырып. Кассадағы операциялар есебі және ақшалай қаражаттар, есеп айырысу және несиелік операциялар есебінің мақсаты.

Касса - есеп айырысу операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақтылы есеп айырысуын,жеткізушілердің шоттарының уақтылы төленуін бақылап,әр түрлі мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын қадағалайды.Банк арқылы қолма-қол ақшасыз аудару жолымен төлем жасау есеп айырысудуң негізгі нысаны болып табылады.

Ақша қаражаттарының,есеп айырысулардың және несие операцияларының бух-к есебінің міндеттері:

1.Қолма-қол ақшасыз аудару жолымен және қлома-қол ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу.

2.Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету.

3.Бөлінген лимиттерге,қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау

4.Белгіленген мерзімдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың жағдайына түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу.

5.Кассадағы,есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа шоттардағы ақшалардың бар-жоғы мен сақталуына бақылау жасау.

6.Есеп айырысу-төлем тәртібінің сақталуына,материалдық құндылықтар мен қызметтер үшін сомалардың уақтылы аударылуына,сондай-ақ несие тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.

1000- ақша қаражаты

1010-кассадағы ақша қаражаты

1020- жолдағы ақша қаражаты

1030- ағымдық банктік шоттардағы ақша қаражаты

1040-карт шоттардағы ақша қаражаты

1050- жинақ шоттарындағы ақша қаражаты

1060- өзге ақша қаражаты

Экон-қ сипаттама: активтік, негізгі, ақшалай

Тақырыпқа байланысты шоттар коррепонденциясын құру.

1.Төменде келтірілген шаруашылық операцияларына шоттар байланысын құрыңыз:

Операциялар мазмұны

Сомасы, тг

Дт

Кт

1

Жабдықтаушыларға алынған материалдар үшін кассадан ақша берілді

780 000

3310

1010

2

ҚҚС сомасы кассадан төленді

93600

3130

1010

3

Алынған материалдар өндіріс мұқтажына босатылды

700 000

8110

1310

4

Негізгі өндіріс жұмысшыларына еңбекақы есептелінді

220 000

8110

3350

5

Кассадан еңбекақы төленді

250000

3350

1010

6

Жабдықтаушылардың қарыз сомасы есеп айырысу шотынан төленді

780 000

3310

1030

2.Төменде келтірілген шаруашылық операцияларына шоттар байланысын құрыңыз:

Операциялар мазмұны

Сомасы, тг

Дт

Кт

1

Жабдықтаушылардан алынған материалдар кірістелді

580 000

1310

3310

2

Оның ішінде ҚҚС сомасы көрсетілді

62143

1420

3310

3

Кассадан есеп беретін тулғаға ақша берілді

120 000

1250

1010

4

Көмекші өндіріс жұмысшыларына еңбекақы есептелінді

320 000

8310

3350

5

Есеп айырысу шотынан әлеуметтік салық төленді

35200

3150

1030

6

Сатыпалушылардан қарыз сомасы есеп айырысу шотына тусті

920 000

1030

1210

Тақырыпты бекіту.

Төменде келтірілген шаруашылық операцияларына шоттар байланысын құрыңыз:

Операциялар мазмұны

Сомасы, тг

Дт

Кт

1

Сатыпалушылардан сатып алынған таварлар үшін кассаға ақша келіп тұсті

280 000

2

Есеп айырысу шотынан ҚҚС төленді

33600

3

Кассадан есеп беретін тулғаға ақша берілді

250 000

4

Есеп беретін тұлғаның қолданылмаған ақшалары кассаға қайтарылды

20 000

5

Есеп айырысу шотынан жеке табыс салығы төленді

52000

6

Жабдықтаушылардың қарыз сомасы есеп айырысу шотынан төленді

120 000

Касса операцияларының есебі. . Қолма-қол ақшаларды қабылдау,сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субьектісінде касса болады.Касса-бұл қолма-қол ақщалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға,беруге және уақытша сақтауға арналған,арнайы жабдықталған ,оқшауланған үй-жай. Кассада операция жүргізілетін уақытта есіктер ішкі жағынан жабылады, сейфтің және темір шкафтың кілттері кассирде сақталады.Ал кілттердің көшірмелері мөрленген пакетте кәсіпорын басшысында болады. Қабылданған құндылықтардың сақталуы үшін материалдық толық жауапкершілік көтеретін кассир кассалық операцияларды жүргізеді.

Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық шықаннан кейін басбух-р оны кассалық операцияларды жүргізу тәртібен таныстыруға, міндетті және толық жауапкершілік жайлы шарт жасайды. Шартта қарастырылған тараптардың міндеттері мен жауапкершіліктері әкімшілік өкімімен кассирдің қолымен бекітіледі. Кассир болмаған кезеңде толық материалдық жауапкершілік жайлы шарт жасаған бухгалтер кассалық операцияларды орындайды.

Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі және бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма-қол ақшаларды кассага қабылдау бас бухгалтер немесе ол өкілеттік берген тұлға қол қойған КО №1 нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жүргізіледі. Қолма-қол ақшаларды кассадан беру КО №2 нысанындағы шығыс касса ордері бойынша немесе шығыс касса ордерінің (ШКО) мөртаңбасы қойылып тиісті түрде рәсімделген құжаттар ( төлем ведомосы, қолма-қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жүргізіледі. ККО мен ШКО кассаға берілгенге дейін бухгалтерияда кіріс және шығыс касса ордерлерін тіркеу журналында №3 КО нысанында тіркеледі. Операциялар жасалғаннна кейін, ордерлерге кассип қол қойылады, ал бұған қоса берілген құжаттар мөртаңба қоюмен немесе күні көрсетілген «төленді» жазумен өтеледі.

Ақша қаражаттарының келіп түсуі мен жұмсалуы жөніндегі барлық операцияларды кассир КО №4 нысанындағы касса кітабына жазады. Ол тесіліп байлаған нөмірленген және мөрленген болуы тиіс. Ондағы парақтардың саны басшымен бас юухгалтердің қолдарымен расталған болуы тиіс. Жұмыс күнінің соңында кассир күн бойындағы операциялардың жиынын касса кітабына жазады да, касса да келесі күнге қалатын ақша қалдығын шығарады. Касса кітабындағы жазулар көшіру қағазы арқылы 2 данада жызылады.

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Дт

Кт

Тип

1

Есеп айырысу шотынан алынған ақша кассаға кірістелді

1010

1030

1

2

Кассадан қызметкерлерге іссампар шығыны берілді

1250

1010

1

3

Қызмткер жұмсалмаған ақшасын кассаға қайтарды

1010

1250

1

4

Кәсіпорын қызметкерлеріне кассадан жалақы берілді

3350

1010

4

5

Қолма-қол ақшаға тауарлар сатып алынды

1330

1010

1

6

Қолма-қол ақшалар құрылтайшылардан келіп түсті

1010

5110

4

7

Кассаға сатып алушыдан ақша келіп түсті

1010

1210

1

8

Алуға арналған қысқы мерзімді сыйақылар қаржысы кассаға қабылданды:

1010

1270

1

9

Жанар-жағар май үшін сатып алушылардан алынғвн қысқа мерзімді аванс кассаға алынды:

1010

3510

1

Ақшалай баламалардың есебі, банктік овердрафт, овернайд

Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарықтарының үлкен қиыншылықтарына байланысты күнен күнге маңызды болып келеді. Бәсекеге қабілеттілік шаруашылық жүргізуші субьект жаңа енгізулермен одан әрі дамуы үшін қаражаттың барлық жағдайда болуды талап етеді. Ақшалай қаражат пен оның баламаларын дұрыс ашып көрсеу және сыныптау капиталының өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.

Ақшалай баламалар ақшалай қаражатқа ұқса бірақ басқаша сыныпталады. Оларға: қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады.

Қазыналық вексельдер- үкіметтің айналымға шыққан кезінен бастағанда кемінде бір жылдан соң өтелетін мерзімі бар пайыссыз міндеттемеле. Олар жеңілдікпен сатылады және мерзімінде өтеледі. Өтеу құны шығарылатын құны арасындағы айырмашылық сатып алушының пайыздық табысы болып саналады.

Коммерциялық қағаздар- қысқа мерзімдік ақшалай қажеттіліктерді қаржыландыру құралы ретінде корпарациялар шығарады.

Депозиттік сертификаттар немесе банктік депозиттер тез талап етуге болмайтын депозиттер. Олар өтелмейді және алу жолымен санкцияға ұшырайды.

Ақшалай қардат ағыны- ақшалай қаражат пен олардың баламалары ағымыны келуі мен кетуі.

Қосымша ақшалай қаражат тарту үшін кәсіпорын овердрафтқа сүйенеді. ҚЕХС айқындауына сәйкес банк офердрафты – төлем атқаруға пайда болған дебеттік сальдодан асатын (оң) және қысқа мерзімдік міндеттеме ретінде есептелетін клиенттің банктік шотындағы кредиттік қалдық (теріс).

Овердравт егер банк төлеген клиент шотындағы қалдықтан асқан жағдайда орын алады.

Банктік овернайд – субьектіні 1 күнге, бір түнге қысқа мерзімдік кредиттеу.

Өткен тақырыпты сурақтармен бекіту.

  1. Кассаға колма-кол ақшаларды қабылдау үшін кандай құжат толтырылады.

  2. Кіріс кассалық ордерлерге кімдер қол койады

  3. Кассадан колма-кол ақшаларды босату үшін кандай құжат толтырылады.

  4. Шығыс кассалық ордерлерге кімдер қол қойады.

  5. Кассада кандай бастапқы құжаттар толтырылады.

  6. Кассалық кітапті жұргізү тәртібі.

  7. 1010-шотына экономикалық сипаттама берігіз.

  8. Касса кітабында жазбалар неше данада жургізіледі