Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_ys_1179_asha_d_1241_ris__1240_kimshilik_Ad...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать

3Сұрақ. Ерекше жағдай режимі. Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылауды тиісті аумақтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасындағы, көлiктегi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi жүргiзеді.

Қазақстан Республикасының заңдарында әкелiнуiне тыйым салынатын қауiптi жүктер мен тауарларды, сондай-ақ оларға қатысты санитарлық-карантиндiк бақылау жүргiзген кезде олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнуi жұқпалы аурулардың немесе жаппай жұқпалы емес аурулар мен уланулардың пайда болуы мен таралу қаупiн төндiредi деп белгiленген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол берiлмейдi.

Профилактикалық егудi жүргiзудің мiндеттiлiгi

  Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар жұқпалы және паразиттiк ауруларға қарсы профилактикалық егулердi бюджет қаражаты есебiнен алуға мiндеттi.

Профилактикалық егу жүргiзiлетiн аурулардың тiзбесiн, оларды жүргiзу мерзiмi мен халықтың жоспарлы егу жасалуға тиiстi топтарын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды .     

Медициналық қараудан өтудiң мiндеттiлiгi

Халықтың денсаулығын сақтау, жұқпалы және паразиттiк ауруларды болдырмау, кәсiби аурулар мен уланулардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу, ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, әр түрлi шаруашылық және (немесе) өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар алдын ала және мерзiмдiк медициналық қараудан өтедi.

Халықтың декреттелген тобына мiндеттi түрде медициналық қарауларды жүргiзудiң және оларды жұмысқа жiберудiң тәртiбi мен мерзiмдiлiгiн денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк орган белгiлейдi .

Алдын ала және мерзiмдi медициналық қарау мiндеттi болатын зиянды өндiрiстiк факторлардың, кәсiптердiң тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк орган белгiлейдi .

Өндiрiс пен шаруашылық қызмет саласында жұмыс iстейтiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар алдын ала немесе мерзiмдi медициналық қараудан өтпеген немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жiбермейдi.

     Қызметкерлердiң медициналық қараудан өтуi туралы деректер олардың жеке медициналық кiтапшаларына енгiзiлуге және емдеу-профилактикалық ұйымдардың есебiне алынуға тиiс. Медициналық құжаттарды беру, есепке алу және жүргiзу тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк орган белгiлейдi .

     Жұқпалы аурулар iндетi пайда болу қаупi төнген жағдайда шектеу iс-шараларын, оның iшiнде  карантин енгiзудiң шарттары

Жұқпалы және паразиттiк аурулардың әкелiну және таралу қаупi болған жағдайда осы Заңға сәйкес уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде және тиiстi аумақтарда шектеу iс-шараларын, оның iшiнде шаруашылық қызметi мен халық өмiрiнің айрықша жағдайларымен карантин енгiзедi.

      Шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин енгiзiлген жағдайда орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру жөнiнде оралымды басшылық жасау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iндетке қарсы республикалық және аумақтық төтенше комиссияларға жүктеледi.

Шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин жекелеген объектiлерде тиiстi аумақтың (көлiктегi) бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң немесе оның орынбасарларының, сондай-ақ ведомстволық объектiлерде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың бөлiмшелерi басшыларының шешiмiмен енгiзiледi (тоқтатылады).

Шектеу iс-шараларын, соның iшiнде карантиндi жүзеге асыру тәртiбiн және пайда болуы мен таралу қаупi болған кезде шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантин енгiзiлетiн жұқпалы аурулар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.    

    Жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен улану оқиғаларын тiркеу және тексеру

      1. Жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен уланулардың барлық оқиғаларын, олардың анықталу орны бойынша денсаулық сақтау ұйымдары тiркеуге алуға, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары мемлекеттiк есепке алу мен есептілік жүргiзуге тиiс. Аталған аурулар мен улану оқиғаларының мемлекеттiк есебiн жүргiзу тәртiбiн, сондай-ақ олар бойынша есеп берудi жүргiзу тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi .

      2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мамандары жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулардың және адамдардың улану оқиғаларына тексеру жүргiзуге тиiс.