- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы»
- •1Сұрақ.Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері
- •3Сұрақ. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
- •4Сұрақ.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •5Сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны.
- •1Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі.
- •2Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түрлері:
- •3Сұрақ. Атқарушы билік аясында қр Президентінің өкілеттіліктері
- •Атқару билігінің саласында:
- •Билік заңнамалығы саласында:
- •Сот билігі саласында:
- •Қорғаныс пен Қауіпсіздік саласында:
- •Сыртқы қатынастар саласында:
- •4Сұрақ.Қазақстан Республикасының Үкіметі, қр Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.
- •1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері
- •2 Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
- •3.Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері.
- •1. Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері
- •2. Кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылуы және тоқтатылуы .
- •2Сұрақ.Басқарудың құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы
- •3Сұрақ.Атқарушы билік органдарының келісім жасауы
- •1Сұрақ. Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі
- •2Сұрақ. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •3Сұрақ. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •1Сұрақ. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі
- •2Сұрақ.Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •3Сұрақ. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •1Сұрақ.Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және негізгі белгілері
- •2Сұрақ.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы
- •3Сұрақ.Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі
- •Сұрақ Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері.
- •Жеңілдететін жағдайлар:
- •Әкімшілік жуапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
- •Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын жағдайлар:
- •5 Сұрақ. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
- •1Сұрақ. Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс: негізгі белгілері қағидалары,құрылымы
- •2Сұрақ.Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары.
- •3Сұрақ.Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар.
- •1Сұрақ. Басқару аясындағы заңдылық
- •2Сұрақ.Мемлекеттің басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі
- •3Сұрақ. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері. Қр Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері
- •2Сұрақ. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі
- •3Сұрақ. Ерекше жағдай режимі. Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі.
- •4Сұрақ. Соғыс жағдай режимі
- •5Сұрақ. Мемлекеттік шекараны қорғау режимі.
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. Өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.
- •1.Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері.
- •2.Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі
- •3 Сұрақ Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі және жүйесінің құрамы.
- •4Сұрақ.Қаржылық бақылау стандарттары. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары.
- •2.Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру құқықтық жүйесі.
- •1.Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •2.Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
- •4.Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •1.Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
- •2.Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
- •Мазмұны
4.Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
Әділет министрлігі мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы, атқарушы орган.
Әділет министрлігінің негізгі мақсаты: саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми, тәжірибелік істегі заң жобаларын бекітіп, орнығуына ықпал ету, құқықты, криминалды-сараптауды қамтамасыз ету, қабылдаған заңдардың, заң жобаларының болашақта іске асуын болжай білу.
Әділет министрлігінің басты мақсатын ескере отырып, оның құрамына кіретін бөлімшелердің міндеттері мыналар:
бақылау-ұйымдастыру;
заңды тұлғаларды тіркеу;
сот жұмысын ұйымдастыру;
халықаралық құқықты қамтамасыз ету;
заңды қызмет көрсету, құқықтық тәрбие беру;
заң актілерін жүйелеу;
норариат, АХАЖ, адвокатура жұмысын реттеу;
атқару өндірісі және өтініштер мен шағымдарды қарау және т.б. болып табылады.
Әділет министрлігінің жүйесіне кіретіндер:
сот сараптау орталығы;
Әділет министрлігінің заң шығарушы институты;
Құқықтық хабарлаудың республикалық орталығы;
Білім жетілдіру институты;
Ұлттық заң комитеті;
«Жеті Жарғы» баспасы;
заң акционерлік компаниясы Адам өмірге келуі, өлуі, некеге тұруы, ажырасуы, бала асырап алу, аты-жөнін өзгерту – мемлекеттік органдармен тіркелген уақыттан бастап заңды маңызға ие болады. Мұндай оқиғаларды – хал актілерін тіркеу орындары жүзеге асырады, олар жергілікті атқарушы органдар құрамына кіріп, жергілікті әкімшілік-аумақтық әкімшілікке бағынады.
Өз әрекетін жүзеге асыруда хал актілерін тіркеу органдары Әділет минстрлігі бекіткен ережені басшылыққа алады және мынадай міндеттерді жүзеге асырады:
некеге отырғызу, туған баланы тіркеу, қайтыс болған адамды тіркеу;
ҚР азаматтарының аты-жөнін өзгерту;
Жоғалған куәліктерді қалпына келтіру;
қажетті құжаттарды сақтауды ұйымдастыру;
хал актілерін уақытында тіркеу үшін емдеу орындары мен есеп жүргізуші органдармен бірігіп қызмет жасайды.
Азаматтардың хал актілерін тіркеу негізінде тиісті құжаттар беріледі. Мұндай функцияларды шет елдерде ҚР елшілік өкілдері жүзеге асырады.
ҚР-ғы нотариат – құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ «Нотариат туралы» ҚР заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру ға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.
Нотариат қызметінің құқықтық негіздері:
ҚР Конституциясы;
ҚР «Нотариат туралы» заңы;
ҚР Азаматтық кодексі;
Нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдар.
Нотариус мынадай әрекеттер жасайды:
мәмілелерді куәландырады;
шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын куәландырады;
мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданады;
мұралық құқық туралы куәліктер береді;
ерлі-зайыптылардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар адамдардың мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер беріледі;
мүлікті иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды;
құжаттардың көшірмелерімен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады;
құжаттарға қойылған қолдың түп нұсқасын куәландырады;
құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландырады;
азаматтардың тірі екендігі фактісін куәландырады;
азаматтардың белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады;
құжаттардың берілген уақытын куәландырады;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа және жеке тұлғаларға береді;
ақша салымдары мен бағалы қағаздарды депозитке қабылдайды;
орындау қағазын жазады;
вексель наразылықтарын жасайды;
сақтауға құжаттар қабылдайды;
теңіз наразылықтарын жасайды;
дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.
ҚР-ғы адвокатура азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және ҚР Конституциясында баяндалған құқығын жүзегеасыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және т.б. істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөнінде адвокаттардың қызметін ұйымдастырады. Адвокаттық қызмет шеңберінде адвокаттар көрсететін заң көмегі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.
Адвокат – міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және заңмен реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін ҚР азаматы. Жоғары заң білімі бар және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады. Қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған, белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттігі шектеулі деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, сондай-ақ босатылған күннен бастап бір жыл бойы – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін құқық қорғау органынан босатылған адам адвокат бола алмайды.
Бақылау сұрақтары:
Құқықтық тәртіп дегеніміз не?
Қоғамдық тәртіп дегеніміз не?
Ішкі істер органдарының жүйесі мен мақсаттары қандай?
Құқықтық тәртіп пен қоғамдық тәртіптің қандай айырмашылығы бар?
Нотариалдық қызметті ұйымдастыру.
Адвокатура қандай қызмет атқарады?
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Нормативтік-құқықтық актілер
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.
ҚР-сының «ҚР-сының Президенті туралы» Конституциялык Заңы //Жоғарғы Кенес жаршысы. 1995 г ж. №24. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 11.05.1999.
ҚР-сы «ҚР-сы Үкіметі туралы» Конституциялық Заңы КР-сы Жоғарғы Кеңес жаршысы. 1995. № 23. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 1 1.05.1999
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы » 1995ж.17 сәуірдегі Заңы//Егеменді Қазакстан. 1995ж. 24 маусым.
ҚР Әкімшілік құқык бұзушылық туралы кодексі. 30.01.2001ж.Алматы: ЮРИСТ, 2009-284 б.
«ҚР дағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы » 2001ж. 23- қаңтарда қабылданған Заңы.
«Нормативтік құқыктык актілер туралы» ҚР Заңы, 24 наурыз 1998ж. 17 қазан 2001ж. өзгерістер меы толыктырулар енгізілген. 6 наурыз 2002ж. // ҚР Парламент жаршысы №23. 2001-№20. 2002-№15.
Оқу әдебиеттері:
Әкімшілік құқық / Оқулық Е.Баянов / Алматы: Жеті жарғы , 2007-408 бет
Административное право. Академический курс (ответственный редактор А.А. Таранов) Алматы «Жеті Жарғы»2001г.-196 с.
Административное право РК: Часть Общая: Учебник / отв. ред. А.А. Таранов- 2-е изд., с изм.- Алматы: Жеті Жарғы, 1997.-225с.
Административное право РК: Часть Особенная: Учебник/ отв. ред. А.А.Таранов/Алматы: Жеті Жарғы, І998.-272с.
Бекетов О.И. Актуальные проблемы админстративного права// Государство и право. 1999 г. №5.
Вельский К.С. К вопросу о предмете административного права. // Государство и право. 1997 г. №11.
Бельский К.С. О системе административного права // Государство и право. 1998 г. №3
№16- тақырып: Кеден ісін ұйымдастырудың әкімшілік-құқыктық негіздері
Дәрістің мақсаты: Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көрсету.
Жоспар:
1.Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
2.Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
