Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_ys_1179_asha_d_1241_ris__1240_kimshilik_Ad...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать

3Сұрақ.Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар.

Мынандай мән-жайлардың ең болмағанда біреуі болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс қысқартылуға жатады:

  1. әкімшілік құқық бұзушылық оқиғаларының болмауы;

  2. әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауы, соның ішінде әкімшілік жауапқа тарту үшін жеке адамның құқық бұзушылық жасаған кезде ӘҚБтК-те көзделген жасқа толмауы немесе құқыққа қарсы әрекет жасаған жеке адамның ақыл-есінің дұрыс болмауы;

  3. әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңның немесе оның жекелеген ережелерінің күші жойылуы;

  4. ҚР-ның Конституциялық Кеңесі әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңды немесе оның кейбір ережелерін ҚР-ның Конституциясына сәйкес келмейді деп тануы салдарынан олардың күші жойылуы;

  5. әкімшілік жауапқа тарту мерзімінің өтуі;

  6. әкімшілік жауапқа тартылатын адам жөнінде сол факт бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды тұлғаның) қаулысының не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қысқартылуы туралы күші жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша қылмыстық іс қозғау туралы қаулының болуы;

  7. іс жүргізіліп отырған жеке адамның қайтыс болуы.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу ӘҚБтК-тің 580-бабының 1-бөлігінің 2-тармақшасында көзделген негіз бойынша және зиян келтіру заңды болып табылғанда немесе ӘҚБтК-тің 5-тарауына сәйкес әкімшілік жауаптылық шығарылатын мән-жайларда жасалған ретте қысқартылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу ӘҚБтК-те көзделген тәртіппен, ӘҚБтК-тің 67-68 баптарда көзделген жағдайларда, сондай-ақ әрекетте қылмыстық заңдарда көзделген қылмыс құрамының белгілері болуына байланыста материал прокурорға алдын ала тергеу немесе анықтау органына берілген жағдайда қысқартылуы мүмкін. ҚР Конституциясының 83-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу процесінде заңдардың дәл және біркелкі қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды мемлекет атынан тікелей де, өзіне бағынысты прокурорлар арқылы да ҚР-ның Бас прокуроры жүзеге асырады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Әкімшілік юрисдикциялық өндірістің негізгі белгілері мен қағидалары қандай?

  2. Кімдер әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысады? Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары қандай?

  3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға қандай фактілер негіздеме болады?

  4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, судья, орган (лауазымды адам) қандай қаулыларды шығарады?

  5. Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар қандай?

Глоссарий:

  1. әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам;

  2. жәбірленуші;

  3. жеке адамның және заңды тұлғаның өкілдері;

  4. қорғаушы;

  5. жәбірленушінің өкілі;

  6. куә;

  7. куәгер;

  8. маман;

  9. сарапшы;

  10. аудармашы;

  11. прокурор.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

Нормативтік-құқықтық актілер

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.

2.ҚР-сының «ҚР-сының Президенті туралы» Конституциялык Заңы //Жоғарғы Кенес жаршысы. 1995 г ж. №24. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 11.05.1999.

3.ҚР-сы «ҚР-сы Үкіметі туралы» Конституциялық Заңы КР-сы Жоғарғы Кеңес жаршысы. 1995. № 23. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 1 1.05.1999

5.«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы » 1995ж.17 сәуірдегі Заңы//Егеменді Қазакстан. 1995ж. 24 маусым.

6. ҚР Әкімшілік құқык бұзушылық туралы кодексі. 30.01.2001ж.Алматы: ЮРИСТ, 2009-284 б.

7.«ҚР дағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы » 2001ж. 23- қаңтарда қабылданған Заңы.

8.«Нормативтік құқыктык актілер туралы» ҚР Заңы, 24 наурыз 1998ж. 17 қазан 2001ж. өзгерістер меы толыктырулар енгізілген. 6 наурыз 2002ж. // ҚР Парламент жаршысы №23. 2001-№20. 2002-№15.

Оқу әдебиеттері:

1.Әкімшілік құқық / Оқулық Е.Баянов / Алматы: Жеті жарғы , 2007-408 бет

2.Административное право. Академический курс (ответственный редактор А.А. Таранов) Алматы «Жеті Жарғы»2001г.-196 с.

3.Административное право РК: Часть Общая: Учебник / отв. ред. А.А. Таранов- 2-е изд., с изм.- Алматы: Жеті Жарғы, 1997.-225с.

4.Административное право РК: Часть Особенная: Учебник/ отв. ред. А.А.Таранов/Алматы: Жеті Жарғы, І998.-272с.

5.Бекетов О.И. Актуальные проблемы админстративного права// Государство и право. 1999 г. №5.

6.Вельский К.С. К вопросу о предмете административного права. // Государство и право. 1997 г. №11.

7.Бельский К.С. О системе административного права // Государство и право. 1998 г. №3

11 -тақырып: Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты бақылау және қадағалау

Дәрістің мақсаты: «Заңдылық» туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету қалай жүзеге асырылатындығын үйрету.

Жоспар:

  1. Басқару аясындағы заңдылық

  2. Мемлекеттің басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі

  3. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері. ҚР Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері

  4. Әкімшілік қадағалаудың түсінігі

  5. Прокурорлық қадағалау.