
- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы»
- •1Сұрақ.Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері
- •3Сұрақ. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
- •4Сұрақ.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •5Сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны.
- •1Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі.
- •2Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түрлері:
- •3Сұрақ. Атқарушы билік аясында қр Президентінің өкілеттіліктері
- •Атқару билігінің саласында:
- •Билік заңнамалығы саласында:
- •Сот билігі саласында:
- •Қорғаныс пен Қауіпсіздік саласында:
- •Сыртқы қатынастар саласында:
- •4Сұрақ.Қазақстан Республикасының Үкіметі, қр Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.
- •1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері
- •2 Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
- •3.Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері.
- •1. Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері
- •2. Кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылуы және тоқтатылуы .
- •2Сұрақ.Басқарудың құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы
- •3Сұрақ.Атқарушы билік органдарының келісім жасауы
- •1Сұрақ. Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі
- •2Сұрақ. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •3Сұрақ. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •1Сұрақ. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі
- •2Сұрақ.Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •3Сұрақ. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •1Сұрақ.Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және негізгі белгілері
- •2Сұрақ.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы
- •3Сұрақ.Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі
- •Сұрақ Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері.
- •Жеңілдететін жағдайлар:
- •Әкімшілік жуапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
- •Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын жағдайлар:
- •5 Сұрақ. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
- •1Сұрақ. Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс: негізгі белгілері қағидалары,құрылымы
- •2Сұрақ.Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары.
- •3Сұрақ.Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар.
- •1Сұрақ. Басқару аясындағы заңдылық
- •2Сұрақ.Мемлекеттің басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі
- •3Сұрақ. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері. Қр Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері
- •2Сұрақ. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі
- •3Сұрақ. Ерекше жағдай режимі. Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі.
- •4Сұрақ. Соғыс жағдай режимі
- •5Сұрақ. Мемлекеттік шекараны қорғау режимі.
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. Өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.
- •1.Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері.
- •2.Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі
- •3 Сұрақ Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі және жүйесінің құрамы.
- •4Сұрақ.Қаржылық бақылау стандарттары. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары.
- •2.Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру құқықтық жүйесі.
- •1.Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •2.Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
- •4.Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •1.Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
- •2.Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
- •Мазмұны
1Сұрақ. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі
Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі бола отырып, мемлекет атынан және оның қызығушылығымен жүзеге асырылады, сонымен қатар заңдық рәсімге ие. Бұл заңды мәжбүрлеу қандай да болмасын міндетті ережелерді орындамағаны үшін мемлекет атынан құзіретті органдар қолданады. Мемлекеттік билік аясына қатысты мәжбүрлеу әкімшілік-құқықтық нормалардың ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету шарасы болып табылады. Билікті жүзеге асыру оның нұсқауларына бағынуды көздейді. Мәжбүрлеу көбіне ерікті болады. Бірақ кей жағдайларда оған анық мәжбүрлеусіз қол жеткізгенмен, сонда да толық өз еркімен емес, яғни бағыныштының еркі мен тілегіне қарсы болады.
Мәжбүрлеу элементтері заңның және басқару актілерінің барлық ережелерінде бар, себебі олардың барлығы міндеттейтін сипатта болады және мемлекеттің беделі мен күшіне сүйенеді. Қазіргі жағдайларда мәжбүрлеу тек қана қажет емес, сонымен қатар қоғамдық өмірдің кейбір салаларында пайдалы (мысалы, елді қорғау, оның қауіпсіздігін қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және т.б.).
Мемлекеттік мәжбүрлеу тікелей ықпал ету объектілеріне байланысты физикалық және психикалық болып бөлінеді. Оның мақсаты – нақты құқық субъектілерін белгілі бір ережелерді сақтауға немесе белгілі бір әрекеттерді жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу. Керекті нәтижеге қол жеткізу субъектінің еркінсіз, оның ішкі, кей жағдайда сыртқы қарсыласуымен жүзеге асырылады.
Құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың әртектілігі оларды қорғау үшін мемлекеттік мәжбүрлеудің әртүрлі түрлерін қолдануды талап етеді. Бұл мәжбүрлеудің түрлері бір бірінен өздерінің мазмұндарымен, жүзеге асырылу негіздерімен және тәртіптерімен ерекшеленеді.
Қалыптасқан тәжірибеде мемлекеттік мәжбүрлеудің негізгі 4 түрі бар:
қылмыстық-құқықтық;
азаматтық-құқықтық;
тәртіптік;
әкімшілік-құқықтық.
Мемлекеттік мәжбүрлеудің жеке бір түрі бола тұра әкімшілік мәжбүрлеу оны құқықтық мәжбүрлеудің басқа нысандарынан бөлетін белгілі бір ерекшеліктерге ие.
Әкімшілік мәжбүрлеуді сипаттайтын негізгі белгілерге мыналарды жатқызуға болады:
Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік басқару аясында пайда болатын қоғамдық қатынастарды қорғау үшін арналған мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше түрі болып табылады. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларына мемлекеттік-биліктік сипат тән.
Әкімшілік мәжбүрлеуді қолдану негізі болып, әдетте, әкімшілік құқық бұзушылықтың мазмұны немесе құқықтық нормамен қарастырылған ерекше жағдайлардың туындауы табылады (мысалы, эпидемиялар, табиғи апаттар).
Әкімшілік мәжбүрлеу оны қолдану қызметтік бағыныштылық қатынастармен байланысты еместігімен сипатталады. Әкімшілік билік субъектісі мен құқық бұзушы бір еңбек ұжымының мүшелері болып табылмайды. Егер тұлға әскери-қызметтік, еңбектік немесе ұжымда басқа да мемлекеттік тәртіпті бұзса, онда оған тәртіптік мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану актілерін мемлекеттік биліктің көптеген органдары шығаруға құқылы: Праламент, Президент, Үкімет, мәслихаттар, әкімияттар. Бірақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін санкциялар тек қана заңмен немесе Президенттің заң күші бар жарлығымен орнатылатындығын ұмытпаған жөн.
Әкімшілік мәжбүрлеу құқықтық актілермен анықталған құзіретті органдармен және лауазымды тұлғалармен қолданылады.
Әкімшілік мәжбүрлеу өзінің мазмұны бойынша жеке басылық, ұйымдастырушылық немесе мүліктік сипаты бар шектеулер (айырулар) болып табылады, яғни қандай да бір жағымсыз салдарлар нысанында адамдардың сана сезімі мен мінез-құлқына сырттай мемелкеттік – құқықтық психикалық немесе күштеп ықпал етуден тұрады.
Әкімшілік мәжбүрлеу көрнісінің сыртқы нысандары өте әр түрлі. Бұл солардың көмегімен қамтамасыз етілетін қатынастардың аса көп түрлілігмен, мәжбүрлеуді қолданудың мақсаттарымен, негіздерімен, осы шараларды пайдалануға құқық берілген органдар мен лауазымды адамдардың құзыретінің мазмұнымен және бірнеше өзге де жағдайлармен байланысты. Адамның жеке басына байланысты шектеулер, мысалы, ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік қамауға алудан, бұзушыны ұстаудан және полицияға жеткізуден көрніс табады. Ұйымдастыру шектеулеріне, мысалы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының антисанитариялық жағдайы үшін жабу, ойын – сауық мекемелерінің өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұзуға байланысты жұмыс істеуін тоқтата тұру жатады. Мүліктік шектеулерген, мәселен, айыппұл, тәркілеу жатады.
Әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шаралары субьектіні қандай да болмасын бір іс-әрекеттерді жасауға немесе олардан бас тартуға, не болмаса белгіленген құқықтық шектеулерге бағынуға түрткі болу, көндіру үшін қолданылады. Сонымен, мәжбүрлеп ықпал жасаудың обьектісі сайып келгенде жеке адамның өзі емес, оның мінез-құлқы болып табылады.
Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары тек құқықтық актілермен ғана белгіленуі мүмкін. Бұл шараларды қолдануға заңдардың негізінде ғана және тек құқық нормаларымен қаралған шеңбер мен нысанда ғана жол беріледі. Сондықтан, әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілерді іске асыруға бағытталған құқықтық мәжбүрлеу болып табылады.
Әкімшілік мәжбүрлеуді оған уәкілеттік берілген органдар мен лауазымды адамдар ғана қолданады. Олардың тобы құқықтық актілермен қатал түрде белгіленеді. Әдетте, оларға мемлекеттік басқару аясында құқық қорғау функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдары жатады (мысалы, ішкі істер органдары, бақылау- қадағалау органдары т.б.). Сонымен, әкімшілік мәжбүрлеу осындай мәжбүрлеу шараларын қолдануға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың көптігімен сипатталады.