
- •3.10 Сорғышты тексеріп есептеу
- •3.11 Діңгекті тексеріп есептеу
- •3.13 Дірілмен күресу шаралары
- •3.15 Ұңғыманың қисаюын ескертетін іс-шаралар, қисаюын өлшеу
- •3.16 Апатты ескерту іс- шаралары. Апаттық құрал-жабдықтар
- •3.17 Ұңғыманы жою
- •3.18 Геолого-техникалық құжаттау
- •3.19 Еңбек қорғау шаралары
- •3.20 Табиғатты қорғау шаралары
3.19 Еңбек қорғау шаралары
І Жалпы жағдай.
1. Бұрғылау жұмыстары кезінде және қосымша жұмыстар кезінде барлық жүмысшылар техникалық қауіпсіздік ережелерін жақсы біліп және қатаң түрде сақтауы керек.
2. Жұмысқа қабылданушылар техникалық қауіпсіздік ережелерінің жалпы инструктажын өткеннен кейін барып жұмысқа қабылдануы мүмкін.
3. Жұмыс шарттары және жұмыс ауысқанда жұмысшылар жұмыс жүргізудегі қауіпсіздік туралы қосымша мәліметтер алу керек.
4. Әрбір жұмысшы инструктаж өткен және өзіне жүктелген жұмысты орындау керек.
5. Әрбір жарты жыл сайын барлық жұмысшылар техникалық қауіпсіздік бойынша мәліметтендіру өтіп, аттестационды квалификационды комиссия басқармасына емтихан тапсырады.
6. Барлық қозғалатын және айналатын механизмдер мен берілістер бөліктері және шығып тұрған шпонкалар мен білік үштары берік тұлғалар және шектеулермен жабылуы керек.
7. Жоғарыда жұмыс істегенде құрал жабдықтарды сенімді орнатылған жәшіктерде сақтау және сөмкелерде тасу керек.
8. Барлық жұмысшылар бекітілген арнайы киімде артылған жұмысты орындау керек.
9. Қолмен ауырланған жүкті тасымалдағанда бір адамға арналған жүк салмағы ерлерге 50 кг, әйелдерге 20 кг аспауы керек.
10. Бұрғылау үйінің ішінде темекі тартуға және бүрғылау маңында от жағуға тиым салынады.
II көтеріп түсіру кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Ұңғыма жасау тәжірибесінде көтеріп-түсіру операциясында 3 схема қолданылады:
1. Ұңғыма құбырлары
2. Бағандарды шлам ыдысына орнату
3. Жартылай автоматтандырылған элеваторларды қолданып
бағандарды көтеріп түсіру арқылы ыдысқа орнату.
Бағытталған бұрғылау кезінде көтеріп- түсіру жұмыстары жоғарғы сақтықты қажет етеді.
Жүргізуші құбырды көтерер алдында станок шпинделін ең жоғарғы қақпаққа қояды. Шпиндель айналып тұрған кезде жүргізуші құбырды көтеріп-түсіруге немесе бұрауға болмайды. Жүргізуші құбырды шешер алдында бұрғылау сорғышын тоқтатып қысымды азайту керек. Жүргізуші құбырды шпиндельден шрупқа кіргізеді. Элеватордың жылжымалы штогынан немесе сырғасынан ұстауға болмайды.
Құбырларды шығарған кезде немесе апаттық жағдайда көтеріп түсіру жұмыстары вертлюг пробканың көмегімен жүзегө асырылады. Жүк көтеруші саймандар тазалықты ұсталып байланып отыруы керек. Элеватормен жүмыс істер алдында келесі қауіпсіздік шараларын сақтау керек:
1. Бұрғылау құбырының жылжыуы кезінде элеватордың затворы жабылып, защелкамен бекітілуі керек.
2. Бағанды орнатқан кезде тальдік қанатты болсату.
3. Баған муфтасының ноголовнигін сенімді бекіту.
Ill Монтаж және демонтаждау
1. Бұрғылау мұнарасын демонтаж, монтаж және өңдеу жұмыстарын жуапты жетекшілер басшылығымен орындау керек.
2. 5 Балдық, жел, найзағай, жауын және көктайғақ кезінде мүнара жинауға, көтеруге және құрастыруға тиым салынады.
3. Мұнараны қондырғыда бар арнайы қосымша құрылғылар арқылы ақырын көтеру керек.
4. Мұнараны түсіру кезінде механизммен орындау керек, бұл операцияны соққылар мен бұзылыстардан сақтау үшін төмен жылдамдықпен орындау керек.
5. Мұнараны көтеру кезінде бүрғылау қондырғысын жылжып кетуден сақтау үшін автокөліктердің артқы дөңгелегінің астына брусалар немесе бөренелер қою керек.
IV. Ұңғыманы бұрғылау
1.Бұрғы шебері периодты түрде әрбір ауысым сайын бұрғылау қондырғысын тексеру керек. Бұзылыс табылған жағдайда міндетті түрде жою керек.
2.Көтеруге арналған құралдар дұрыс жұмыс істейтін құлыптар мен защөлкалар болу керек.
3. Строптарды дөңгелек болаттан жасау керек.
4. Тальдік қанат максималды жүктеме кезінде 5 есе мықты болуы керек.
5. Қанаттардың дұрыстығын тексеру үшін систематикалық бақылау орнату керек, ауысым алдында бұрғы шебері арқандардың дұрыстығын тексеру керек.
6. Шығыр барабанында жұмыс кезінде кем дегенде үш орма болуы керек.
7. Келесі арқандарды пайдалануға тиым салынады: а) бір орамда 5 % үзілген сымдары бар; ә) бір тоқымасы үзілген болса