Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жандос тпи.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
580 Кб
Скачать
☆

3.15 Ұңғыманың қисаюын ескертетін іс-шаралар, қисаюын өлшеу

Бұрғылау кезінде ұңғыма өзіне берілген бағыттан ауытқиды. Ауытқу тік бағытта және горизонталь бағытта болады. Мұндай ұңғыманың ауытқуын қисаюы дейді. Ұңғыма оқпанының кеңістіктегі орны, оның көлбеу бұрышы және тереңдігі арқылы анықталады.

Ұңғыманың көлбеу бұрыыш деп, ұңғыма өсі мен горизонталь жазықтық арасындағы бұрышты айтады. Зенит бұрыш- тік бағыт пен ұңғыма өсінің арасындағы бұрыш. Көлбеу бұрыш пен зенит бұрыштың қосындысы 900. Азимуттық бұрыш немесе ұңғыма азимуты деп солтүстік бағыт пен ұңғыма өсі проекциясының арасындағы бұрышты атайды. Ұңғымаларды кеңістіктегі орнына қарап үшке бөледі:

а) тік; ә) горизонталь; б) көлбеу.

Ұңғыманың қисықтығын оның қисаю өсімталдығымен, яғни ұңғыманың зенит бұрышы және азимуты 100 м аралықта неше градусқа өсетіндігімен сипатталады. Қалыпты жағдайда ол 2,5- 30 шамасы болады.

Ұңғыманың қисаюы дұрыс анықталғанда, пайдалы қазындының қоры дұрыс есептеледі, кен жатысының элементтері дұрыс анықталады және кен бетін ашатын тау- кен қазбалары дұрыс жобаланады. Қисайған ұңғымаларды бұрғылағанда бұрғылаудың технологиялық тәртібі бұзылады, яғни бұрғы снарядына өстік салмақ дұрыс берілмейді және бұрғылау құбырларының колоннасын айналдыруға мөлшерден артық қуат жұмсалады.

Ұңғыма әр түрлі себептермен қисаяды. Оларды үлкен үш топқа бөледі: а) геологиялық; ә) техникалық және б) технологиялық.

Геологиялық себептер бұрғыланатын жыныстардың физика- механикалық және құрылымдық қасиеттерімен байланысты. Техникалық себептермен ұңғыма екі түрде қисаяды, біріншісі ұңғыманы бұрғылай бастағанда станокқа, оның шпинделіне немесе бағыттағыш құбырға дұрыс бағыт бермегендіктен. Екіншісіне бұрғылау кезінде бұрғы снарядының сапасы нашар, конструкциясы дұрыс болмаса, қолданылған колонкалы құбырдың ұзындығы 3 м- ден қысқа болғандағы ұңғыманың қисаюы жатады. Технологиялық себептерге бұрғылау тәсілімен және тәртібімен байланысты.

Ұңғыманы қисайтпау үшін мына шараларды орындау керек:

1.Станоктың рамасы горизонталь жағдайға келтіріліп, берік іргетасқа орындалады. Шпиндельге дұрыс бағыт беріледі және ол мұқият бекітіледі

2.Бағыттағыш құбырды тура ұңғыма өсінің бағытымен орнатып, берік етіп бекітеді. Оның башмағы берік жыныстың ішінде цементтеледі немесе тампонаждалады.

3.Жетектеуші штанганы шпиндельдің үстінен 1,5 м- ден артық шығармайды.

4.Бұрғылау құбырын шпиндельдің тура ортасынан келтіріп бекітеді.

5.Бұрғылау және колонкалы құбырлардың қисайғанын пайдалануға болмайды.

6.Үлкен диаметрден кіші диаметрге ауысқанда бұрғы снарядының құрамына бағыттағыш құбыр кіргізеді.

7.Ұзындығы 3 м- ден қысқа колонкалы құбырды пайдалануға болмайды.

8.Ауырланған бұрғылау құбырларын ауырлық зіл ретінде жұмсайды.

9.Шамадан тыс өстік салмақ және жуу сұйығының беруге болмайды. Жұмсақ жыныстарда мұның маңызы өте зор.

10.Опырылмалы жыыныстарды балшық ерітіндісін пайдаланып бұрғылайды.

11.Әрбір 20 м сайын ұңғыманың қисаюын өлшеп тұрады.

12.Ұңғыманы колонкалы құбыры ұзын, ниппель дайындамасынан жасалған қатаң бұрғы снарядымен бұрғылау керек.

13.Бұрғылау құбырларының ұстынын дұрыс центрлеу үшін олардың сыртына протекторлар кіргізеді.

Ұңғыманың қисықтығын анықтау және кеңістіктегі орнын білу үшін оның зенит бұрышын және азимутын арнайы құрылғылармен өлшейді. Ол құрылғылар 2 топқа бөлінеді: 1) ұңғыманыың зенит бұрышын өлшейтін құрылғылар; 2) ұңғыманың қисықтығын толық өлшейтін приборлар.

Диаметрі өте кіші ұңғымалардың қисықтығын УМИ- 25 инклинометрімен өлшейді.