
- •3.10 Сорғышты тексеріп есептеу
- •3.11 Діңгекті тексеріп есептеу
- •3.13 Дірілмен күресу шаралары
- •3.15 Ұңғыманың қисаюын ескертетін іс-шаралар, қисаюын өлшеу
- •3.16 Апатты ескерту іс- шаралары. Апаттық құрал-жабдықтар
- •3.17 Ұңғыманы жою
- •3.18 Геолого-техникалық құжаттау
- •3.19 Еңбек қорғау шаралары
- •3.20 Табиғатты қорғау шаралары
3.17 Ұңғыманы жою
Ұңғыма оқпаны жобаланған тереңдікке дейін жеткен соң, арнайы тәртіппен оны жояды. Жою алдында ұңғыманың тереңдігін өлшейді, оның қисаю мөлшерін (азимутын және зенит бұрышын) анықтайды және гидрогеологиялық, геофизикалық зерттеулер жүргізеді. Егер ұңғыма жер асты суын кесіп өтпесе, яғни құрғақ болса, оны жою қиынға түспейді. Ол үшін ұңғымадағы шегендеуші құбырлар колоннасын көтереді де, ұңғыманың ішін қою балшық ерітіндісімен және суға жібітілетін балшықтан жасалған шаралармен толтырылады. Содан кейін ұңғыманың аузын бекітіп, үстіне ағаш немесе металлдан жасалған тығын, яғни таңбалы белгі орнатады. Белгіге бұрғыланған мекеменің аты- жөні, ұңғыманфң нөмірі, тереңдігі және ұңғыманы бұрғыланып біткен күннің уақыты жазылады.
Сулы горизонттары кен пластарынан жоғары орналасқан кен орындарының ұңғымаларын жою әжептәуір қиындау. Егер мұндай ұңғыма дұрыс жойылмаса, ол арқылы келешектен кен алу мақсатымен қазылатын шахтаны су алып кетуі мүмкін. Пайдалы кен суға еритін болса, яғни тұз тұрінде болған жағдайда, ұңғымамен жоғарыдан келген сулар, барлық кенді ерітіп, ізімен бірге шайып алып кетуі мүмкін. Ұңғыма бірнеше сулы горизонттарды кесіп өтсе, ол горизонттардың біреуінде ащы, ал екіншісінде тұщы сулар ұшырасса, бұрғыланған ұңғыма бойымен осы сулар араласып кетеді. Сол себепті сулы горизонттардан өтетін ұңғымаларды дұрыстап жою қажет. Мұндай жағдайларда тайыз ұңғымалар цементтеледі. Ал терең ұңғымаларға көп цемент жұмсалады. Сондықтан кен денесінің толық бойы және кен табанының төменгі асты мен кен төбесінің жоғарғы үстінен 5 м аралық цементтеледі.
Ұңғыманы жою- бұл комплексті шара болып табылады. Ұңғыманы жоюдан бұрын белгілі бір жұмыстар орындалады. Олар тереңдіктің өлшемі, құлау бұрышы, кейде азимуты, комплексті каротаж және қорытынды гидрогеологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Ұңғыма мынадай жағдайларда жойылады:
1.Егерде қолданушы ұңғыманы қолдану үшін оған шегендеуші құбыр салынады. Шегендеуші құбырды аз қолдану бұрғылау жұмысын арзандатады.
2. Шегендеуші құбырды алып шығу ұңғыма оқпанын кеңейтеді, яғни сулы горизонт бір- бірімен жанасады және пайдалы қазба қабатымен. Ұңғыманы тампонажды жою үшін сазбалшық ерітіндісі, тұтқыр саз, цементті сұйықтық, бетон, цементті- суглинкалы сұйықтық және тағы басқа ерітінділер қолданылады.. Сазбалшық ерітіндісі және саз терең емес ұңғымаларды жою кезінде қолданылады. Цемент және цементті- суглинкалы сұйықтық терең ұңғымаларды жою кезінде қолданылады.
3. Ұңғыма өсіне репер тығындалады, онда нөмер және ұңғыма тереңдігі белгіленеді.
Құрамына бұрғы шебері, бөлім геологы (гидрогеолог) және бұрғышы кіретін комиссия ұңғыманы жою туралы акт толтырады.
3.18 Геолого-техникалық құжаттау
Ұңғыманы бұрғылардың алдында мынадай құжаттар толтырылады.
1.Ұңғыманы орнату актісі.
2.Тау- кен техникалық инспекциясының немесе қаббылдаушы төрағасының рұқсаты.
3.Геологиялық техникалық өкім (ГТӨ).
Бұрғылаудың негізгі, яғни құжаттары мыналар:
1.Ұңғыманы орнатудың техникалық жобасы.
2.Геологиялық техникалық өкім.
3.Нормалаушы карта, технологиялық тәртіп картасы.
Ұңғыманы орнатудың техникалық жобасы- ұңғыманы орнатудың технологиясы мен ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
Геолого- техникалық өкім әрбір ұңғымаға жеке жасалады. Ол бұрғылау бригадасының негізгі басқарушы құжаты. Оның нұсқауларымен ұңғыма қазудың барлық технологиялық операциялары орындалады.
Бұрғылау журналы- геологиялық барлау мекемесінің мұрағатында сақталатын ең бірінші негізгі құжат. Бұрғылау журналына бұрғылаушы тәулік сайын мыналарды жазып отырады: жүргізілген жұмыстардың уақыт мөлшері (әрбір операцияға және жұмысқа кеткен уақыт), бұрғылау интервалы және керн шығымы, бұрғылау колоннасының құрамы мен өлшемі, тау жынысының сипаттамасын және бұрғыланғыштық бойынша санатын, бұрғылау тәртібін, жуу сұйықтығының параметрін. Бұрғылаудың қорытындысы әр рейс сайын бөлек жазылып отырады. Бұрғылаушы бұрғылау журналына техникалық қауіпсіздіктің сақталуын және бұрғылау қондырғысые тексеріп (тапсырарда және қабылдағанда) қорытындысын жазып отырады.
Керн шығымы, жыныстардың сипаттамасы және санаттары геологтың көмегімен бұрғылау журналына жазылып отырады.
Бұрғылау шебері және басқа да жетекшілер бұрғылау журналына бұрғылаудың технологиясын және өнеркәсіптің жұмысын жазып отырады. Бұрғылау журналының негізіне бұрғы шебері (жұмыс жетекшісі) рапорт толтырады.
«Техникалық қауіпсіздіктің жағдайын тексеру журналына» еңбекті қорғау жағдайы жазылады, техникалық қауіпсіздіктің бақылау қорытындысы, геологиялық барлау жұмыстарында аталған техникалық қауіпсіздік Госгортехнадзорымен бекітілген.
Бұрғылау қондырғысына қызмет көрсету, оны майлау және жоспарлы ескерту қызмет көрсету қондырғыны майлау схемасымен және жоспарлы ескертумен жүргізіледі. Орындалған жұмыстардың қорытындысы жоспарлы ескерту журналына жазылып отырады.
Барлық дайындық жұмыстарды біткеннен соң, бұрғылауды бастардан кем дегенде 2 күн бұрын бұрғышылар бригадасының барлық мүшелерінің жұмыс бастауға арналған жиналысы өткізіледі. Оған экспедицияның бас
инженері, учаскінің бастығы, қауіпсіздік техникасының инженері, тау- кен техникалық инспекциясының өкілі және басқа да адамдар қатысады. Жиында
бұрғышылар бригадасының мүшелері, бұрғылау шебері ұңғыма конструкциясымен, геологиялық тілмемен, тау жыныстарының қасиеттерімен, бұрғылау
тәртібімен, нормалаушы картамен және де басқа жұмыс ерекшеліктерімен танысады, кесдесетін қиындықтар ескеріледі.
Ұңғыманы бұрғылау кезіндегі құжаттарға мыналар жатады:
1.Ұңғыманың басталуы туралы акт.
2.Эксплуатационды колоннаны әкелу туралы акт.
3.Екі бөлімнен тұратын ГТӨ, геологиялық және техникалық.
3.1 ГТӨ- бұл негізгі құжат, ұңғыманы бұрғылау кезінде бұрғылау бригадасының көмегімен басқарылады.
3.2 ГТӨ бұрғылау шебері мен бұрғылау қондырғысының машиністі бұрғылаудың басталуына 3 күн қалғанда таныстырады.
3.3 ГТӨ геологиялық бөлім гидрогеолог пен бөлім геологы құрастырады, ал техникалық бөлімін- бұрғылау жұмыстарының техникалық жетекшісі құрастырады.
4.Жұмыс орнында инструктаж өту журналы.
5.Бұрғылау қондырғысының жағдайын тексеру журналы.
6.Жуу сұйықтығының деңгейі мен оны бақылау журналы.
7.Сынама алу журналы.
8.Ұңғыманы қабылдап- тапсыру журналы.
9.Ұңғыма паспорты.