
- •3.10 Сорғышты тексеріп есептеу
- •3.11 Діңгекті тексеріп есептеу
- •3.13 Дірілмен күресу шаралары
- •3.15 Ұңғыманың қисаюын ескертетін іс-шаралар, қисаюын өлшеу
- •3.16 Апатты ескерту іс- шаралары. Апаттық құрал-жабдықтар
- •3.17 Ұңғыманы жою
- •3.18 Геолого-техникалық құжаттау
- •3.19 Еңбек қорғау шаралары
- •3.20 Табиғатты қорғау шаралары
3.16 Апатты ескерту іс- шаралары. Апаттық құрал-жабдықтар
Ұңғыманы бұрғылау күні- түні тынбай, үзіліссіз орындалатын үрдістерге жатады. Кейде бұрғылаудың үзілісіне байланысты немесе басқа себептермен ұңғымада сәтсіздік туып, оның тереңдеуі тоқтап қалады. Мұндайды ұңғымада апат болды дейді. Колонкалы бұрғылау кезінде болатын апат жұмыстың өнімділігін азайтады, өзіндік құнын өсіреді және аяқталу мерзімірн ұзартады. Апат болғанда жұмыс қарқыны бәсендейді, жобаланған кесе – көлденен жұмыстарды істеуге мәжбүр етеді, кейде ұңғыманың оқпаны жобаланған тереңдікке жетпей тұрып бұрғылауды тоқтатуға, ұңғыманы жабуға тура келеді. Апаттың ең негізгі болу себебі жұмыс жасаушы бригаданың немесе оның жеке мүшесінің жұмысқа салғырт қарап, дұрыс істемеуі, бұрғылау үрдісін білмеуі, бұрғылаудың технологиялық тәртібінің бұзілуы. Геологиялық тілменің күрделі болуына байланысты құбырлардың, саймандардың және жабдықтардың сапалары нашарлайды. Мұндай жағдайда да апат туады. Бірақ ұйымдастыру мәселесін дұрыс жолға қойып, ол себептерді жоқ ету мүмкіндігі бар. Болған апатты жылдам жою керек, себебі жою мерзімі созылған сайын жеңіл апат қиындап, тіпті жойылмайтын жағдайға жетуі ғажап емес.
Бұрғылау құбырларына байланысты апатты болдырмау үшін, мына шараларға мұқият көңіл бөлу керек. Бұрғылау құбырларының қажалуының бақылау қажет. Кемістігі бар қисайған, сырты өте қажалған немесе бұрандалары бұзылған бұрғылау құбырларын қолдануға болмайды. Бұрғылау құбырларының үстіне тым көп салмақ салынбайды. Ұстын үзіліп кетпеу үшін айналдыруды баппен, ақырындап бастайды, яғни жұлқылап немесе күрт айналдыруға болмайды.
Шегендеуші құбырларды да апаттан сақтаудың бірнеше тәсілдері бар. Олардың ұңғымаға түсірер алдында мұқият тексереді, бұрандалы қосылыстарын майлайды және бұранданы түбіне жеткенше бұрап бекітеді. Ұстын өз салмағымен төмен кетіп қалмау үшін оның башмағын әрі тығыз, әрі берік жыныстарға отырғызады.
Жынысталқандағыш коронка мен қашаулардың бұрандаларын мұқият тексереді. Ұңғыманы құрғақтай бұрғыламайды, ал жұмсақ жыныстарды бұрғылауда, кернді мол алу үшін құрғақтай үйкелеу керек болған жағдайда, бұрғы снарядын әрлі – берлі қозғап тұрады. Жарықшақтығы мол тау жыныстарын бұрғылағанда тереңдеу жылдамдығы жоғары болса, бұрынғы аспабына берілетін осьтік салмақ мөлшерін азайтады, себебі ұңғыманың қабырғасы коронкамен дұрыс өнделмейді де бұрғы снаряды сыналанып қалатындай қауіп туады.
Терең ұңғымаларды бұрғылағанда, колонкалы снаряд пен бұрғылау құбырлары колоннасының аралығына, аварияны болдырмайтын жылдам босатқыш – өзгерткіштер енгізіледі. Олар әр түрлі болады. Колонкалы бұрғылауда көбінесе жылдам босатылған және гидравликалық босатқыш –
өзгерткіштерді қолданады. Барлық керекті тәсілдерді қолданып бұрғы снарядын забойдан шығара алмаған, снарядты жоғары соза тартып тұрып, кері
бағытта айналдырады, сол кезде бұрғы снарядының үстіндегі босатқыш – өзгерткіштің бұрандасы ағытылады да, барлық бұрғылау колоннасын жоғары көтеруге мүмкіндік беретін сәт туады. Болған аварияны дұрыс жою үшін ұңғымаға түсірілген барлық аспаптардың, жабдықтардың өлшемдерін білу қажет, бұрғылау журналына дұрыс мағлұматтарды жазып отырады және апаттық аспаптар қашанда дайын тұруы керек.
Апатты жою оның жою жолын дұрыс табумен, жою жұмысын жылдам жүргізумен тығыз байланысты. Болған апат жөнінде бұрғының аға шеберіне және бұрғы прорабына хабарланады, одан кейін мына жұмыстар жасалады:
1.Апат болған тереңдік және қандай апат болғаны анықталады. Апатты жою жоспарланып, керекті аспаптар белгіленеді.
2.Егер апат жеңіл болса (бұрғылау құбыры үзілсе, бұрғы снаряды жеңіл сыналатын ұңғымада ұсталынып қалса), бригада мүшелері апатты жою жұмысына бірден кірісіп кетеді, ал қиын және күрделі апатты бұрғының аға шеберінің келуін күтеді.
3.Ұңғымада қалған бұрғы снарядының жағдайы белгісіз болса, онда ұңғымаға мөр түсіреді. Мөрді коронка сақинасынан, ағаш тығынынан және қорғасын, балауыз немесе парафиннен жасайды. Кейде балауыздың орнына ағаш тығынның бетін солидолмен немесе сабынмен толтырады.
Бұрғылау құбыры үзілгенде апатты жою үшін ұңғымада қалып қойған бұрғылау құбырларының ұстынын көтеріп, үзілген құбырды жаңа бұрғылау құбырымен алмастырады. Бұрғылау құбырларын ұстау үшін қармағыш қоңырау мен таңбалағышты пайдаланады. Апат болған құбырдың жоғарғы ұшына қарап керекті жағдайда қоңырау мен таңбалағышқа бағыттағыш құбыр немесе конус жалғастырады.
Апатта қалып қойған құбырды көтеру үшін ұңғымаға қармағыш қоңырауы немесе таңбалағышы бар снаряд түсіріледі, содан кейін оны оңға қарай ақырын айналдыру арқылы оларды бір- бірімен ұстастырады. Осыдан кейін бұрғылау құбырларын жер бетіне көтереді.
Колонкалы бұрғылауда қолданатын апаттық аспаптар:
1-гидравликалы құбыр қармағыш; 2- бұрғылау құбырының таңбалағыышы; 3- бағыттағышы бар таңбалағыш; 4- шегендеуші құбыр таңбалағышы; 5- бұрғылау құбырының қоңырауы; 6- гидравликалы құбыр кескіш; 7- бұрма ілмек; 8- ұсақ заттарды көтеретін өрмек; 9- ұрма ілмегі бар қармалағыш; 10- апаттың жағдайын білуге арналған мөр; 11- гидравликалы кеңіткіш; 12- арқан ұстауға арналған штопор; 13- соққыш тоқпақ; 14- шегендеуші құбырдың ішін дұрыстайтын фрезер; 15- ұрылғыш қалпақша (тығын).