Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
саралау кыл курамы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
70.43 Кб
Скачать

1. Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.

Әрекет – бұл активті мінез-құлық. Қылмыстық кодексте қарастырылған қылмыстардың басын көпшілігі тек қана әрекет арқылы жасалады.

Қылмыстық мінез-құлықтың нақты үлгісі әр түрлі болып келеді. Қылмыс құралының барлығы дерлік бір-бірімен қоғамдық қауіпті мінез-құлық үлгісі арқылы ажыратылады. Мысалы, ұрлық біреудің мүлкін жасырын ұрлау; тонау-біреудің мүлкін ашық түрде ұрлау, қарақшылық-тұлғаның өміріне және денсаулығына зиян келетін физикалық күш көрсету арқылы меншігіне қол сұғу; алаяқтық-сенімге кіріп, біреудің мүлкін пайдалану.

Адам әрекеті оның сыртқы еркінің көрінісі. Сондықтан ол саналы және белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған. Әрекетті ерікті мінез-құлық сипатында көру тұлғалы кінәсіз деп тануға себеп емес.

Әрекетке адамның рефлекстік дене қозғалысы, сондай-ақ ауру адамның сандырақтау жағдайындағы әрекеті немесе өз санасын бақылай алмайтын жағдайлары жатпайды. Сонымен бірге адамның саналы мінез-құлқы, егер ол табиғаттың дүлей күшінің әсерінен болатын болса, бұндай әрекеттер қылмыстық құқықтық мәнсіз келеді.

Әрекет немесе әрекетсіздік осы жоғарыда аталған жағдайда жасалса, бұл қылмыстар қылмыс болып табылмайды. Сондықтан тұлғаның әрекет немесе әрекетсіздігі оның еркінен тыс жасалған деп есептеледі.

Егер күш көрсету арқылы қоғамға қауіпті әрекет жасалғанда, күш көрсетілген тұлғаның қарсылық білдіруге мүмкіндігі болмаған жағдайға ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Сондықтан тұлғаның қоғамға қауіпті әрекеттерді ұру арқылы жасауы қылмыстық жауапкершілікті жоққа шығармайды, себебі бұл жерде тұлғаның өз бетімен әрекет ету мүмкіндігін жоққа шығара алмайды.

Психикалық мәжбүрлеу басқаша мәнге ие. Әрекетті психикалық мәжбүрлеу арқылы жасау жалпы түрде қылмыстық жауапкершілікті жоққа шығармайды. Психикалық мәжбүрлеу анықталған жағдайларда қауіпті қажеттілік жағдайына ауысуы мүмкін. Мысалы, кассир өзіне сеніп тапсырылған ақша сомаларын, өлтірумен қорқытып тұрған қарақшыға берген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды[9].

Қылмыстық әрекетсіздік – бұл тұлғаның міндетті және мүмкін болатын әрекеттерді жасамауынан көрінетін пассивті мінез-құлық. Әрекетсіздікті қарастырушы қылмыстық құрамы көп емес. Мысалы, қауіптілікке қалдыру, ауруға көмек көрсетпеу және т.б.

Әрекетсіздіктің енді бір тобын аралас әрекетсіздіктер құрайды. Мысалы, қоймашы өзіне сеніп тапсырылған мүлікке ұқыпсыз қарау салдарынан заттардың бұзылуы. Бұл жерде қылмыс құрамы үшін тұлғаның әрекетсіздігінен зиянды салдарлар пайда болады, яғни әрекетсіздік қылмыстық-құқықтық маңызға ие болады.

Активті әрекеттер жасауға міндеттейтін әр түрлі негіздер бар. Бұндай міндеттемелерді бірқатар жағдайларды қылмыстық заң бекітеді. Мысалы, әскери міндетті тұлға әскери комиссариатқа шақырылған уақытында баруға міндетті; жүргізуші жол көлік оқиғасынан кейін жәбірлеушіге алғашқы дәрігерлік көмек беруге міндетті. Бұл міндеттер заңды бұйрық немесе қызметтік ережемен негізделуі мүмкін. Мысалы, жолда жүру ережелерін сақтау, жұмыскер бастығының айтқанын орындау және т.с.с.

Сонымен бірге кейбір әрекеттер келісім шартқа негізделуі мүмкін. Мысалы, бір тұлға екінші тұлғаны тау асуларынан өткізуге міндеттеніп, қажет жағдайда көмек көрсетпесе, міндеттерін орындамаған болып есептеледі.

Әрекетсіздікке жауапқа тарту үшін тұлғаның әрекет ету мүкіндігінің болған, болмағандығын анықтау қажет. Көп жағдайда міндетті орындау белгілі бір сыртқы жағдайларға тәуелді болады. Жекелеген жағдайларда заңды әрекет етуді шектейтін жағдайлар бекітіледі. Сондай-ақ өмірге қауіпті жағдайда тұрған тұлғаға көмек көрсету міндеті, осы міндетті орындау мүмкіндігімен тығыз байланысты.