
- •Заттардың коллоидты күйі
- •Коллоидты ерітінділер
- •1 Коллоидты химия пәні
- •4. Коллоидты ерітінділер
- •Тақырыбы : Беттік құбылыстар мен адсорбция. Беттік керілу
- •Кейбір заттың беттік керілуі
- •Сұйықтардың беттік керілуі
- •Кейбір кристалдың беттік керілуі
- •Дәрістің тақырыбы : баз-дар туралы түсінік
- •Дәріс № Коллоидты epітінділердің тұрақтылығы Коллоидты жүйелердің тұрақтылық түрлері
- •2. Кинетикалық факторлар:
- •Коллоидты ерітінділердің кинетикалық тұрактылығы
- •Агрегативтi немесе құрылымдық тұрақтылық
- •Длфо теориясы
- •Физикалық адсорбция
- •Химиялық адсорбция
- •Адсорбция тvрлерi
- •Катиониттегi реакция
- •Аниониттегi реакция
- •Суспензияның седиментациялық анализ
- •Суспензияның классификациясы
- •Сұйытылған суспензияларды алу әдістері
- •Сұйытылған суспензия қаситеттері
- •Сұйық суспензиялардың оптикалық қасиеттері
- •Сулы суспензиялардың электрокинетикалық қасиеттері:
- •Сұйытылған суспензиялардың молекулярлы-кинетикалық қасиеттері:
- •Сүйытылған суспензиялардың седиментациялық тұрақтылығы
- •Аэрозольдер
- •Аэрозольдер классификациясы
- •Аэрозольдердің алыну жолдары
- •Конденсациялық әдістер
- •Аэрозоль бөлшектерінің өлшемі
- •Аэрозоль бөлшектерінің формасы ( пішіні)
- •Аэрозоль структурасы ( құрылысы)
- •Беттік қасиеттері
- •Аэрозольдердің оптикалық қасиеттері
- •Аэрозольдардың молекулалы-кинетикалық қасиеттері
- •Аэрозольдердің электрлік қасиеттері.
- •Агрегативті тұрақтылық коагуляция
- •Аэрозольдерді бұзу әдістері.
- •Аэрозольдерді практикада қолдану.
- •Тағамдық аэрозольдер
- •Коллоидты epтінділердің тұрақтылығы Коллоидты жүйелердің тұрақтылық түрлері
- •Коллоидты ерітінділердің кинетикалық тұрактылығы
- •Агрегативтi немесе құрылымдық тұрақтылық
- •Осмостық қысым
- •Сұйытылған өрітінділердің осмос қысымы
- •Электрокинетикалық құбылыстар. Электрокинетикалық потенцияға әсер етуші факторлар
- •Электрокинетикалық құбылыстар
- •Иондарға ыдырау нәтижесінде зарядтың пайда болуы
- •Штерн теориясы
- •Индифференniк емес злектрлиттердiti есерлерi
- •Коллоидты системаларды тазарту
- •Коллоидты-дисперсті системаларды алу
- •Коагуляция.
- •2. Дәрістің жоспары:
- •Көбіктің құрамы
- •Көбіктің қасиеттеріне және әсер ететін жағдайлар
Суспензияның седиментациялық анализ
Суспензия – қатты дисперстік фазаның сұйық дисперстік ортада таралған микрогетерогенді система. Ондағы қатты бөлшектердің өлшемі 0,1 мкм < r < 10 шкм. Егер бөлшектердің дисперстік дәрежесі төмен болса, онда оның радиусы үлкейіп, тұрақтылығы төмендейді де тез тұнбаға шөгеді.
Суспензиялар – бұл 10-5 см өлшемді қатты заттың бөлшектері дисперсті фаза болатын дисперсті орта – сұйықтық болады. Шартты түрде суспензияны бөлшек түрінде белгілейді. Қ/с мұнда фазаның агрегатты күйі және ортаның агрегатты күйі көрсетіледі. Суспензияға мынадай анықтама беруге де болады: Суспензия – бұл ұнтақтардың сұйықтағы өлшемі.
«Суспензия» (suspensio) термині көне латын тілінен аударғанда «іліну», «өлшеу» мағыналарын береді.
Формальді түрде суспензиялар лиозолдерден (коллоидты ерітінділер) дисперсті фаза бөлшектерінің өлшемі мен ғана өзгешеленеді. Суспензиядағы қатты бөлшектер өлшемі (10 -5) лиозолдерге қарағанда анағұрлым көп болуы мүмкін. Бұл сандық айырмашылық суспензиялардың өте маңызды ерекшелігін негіздейді. Көпшілік суспензияларда қатты фаза бөлшектері броун әрекетінде қатыспайды. Сондықтан суспензиялар қасиеті нослоидты ерітінділер қаситінен айтарлықтай ерекшеленеді, оларды дисперсті жүйелердің жеке түрі ретінде қарастырады. Әрі қарай суспензияның нақты қасиеттерін көре отырып, оларды коллоидті ерітінділердің аналогиялық қасиеттерімен салыстыра үйрену пайдалы.
Суспензияның классификациясы
Суспензиялар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі:
Дисперсті орта табиғаты бойынша : органосуспензиялар (дисперсті орта – органикалық сұйықтық) және сулы суспензиялар.
Дисперсті фаза бөлшектерінің өлшемдері бойынша: дөрекі суспензиялар (α >10 -2) нәзік суспензия (-5 ∙ 10 -5< α< 10-2) муттар (1۬∙ 10 -5< α< 5∙ 10-5 см)
Дисперсті фаза бөлшектерінің концентрациясы бойынша: сұйытылған суспензиялар (өлшенділер) және концентрленген суспензия (пасталар).
Сұйытылған суспензияларда бөлшектер сұйықтықта еркін жүреді, бөлшектер арасында байланыс болмайды және әр бір бөлшек кинетикалық тұрғыдан тәуелсіз. Сұйытылған суспензиялар – бұл бос дисперсті структурасыз жүйелер.
Концентрленген суспензияларды (пасталарды) бөлшектер арасында белгілі структура түзілуіне алып келетін күштер әрекет жасайды (кеңістік торлар). Сонымен, концентрленген суспензиялар – бұл дисперсті байланысқан структуралы жүйелер.
Стуктура пайда бола басталатын концентрациялы интервалдың нақты мәндері индивидуалды (дербес) және де алдымен, фазалар табиғатына, дисперсті фаза бөлшектерінің формасына температураға механикалық әсерлерге байланысты.
Сұйытылған суспензиялардың механикалық қасиеттері ең алдымен, дисперсті орта қасиеттерімен анықталады, ал дисперсті байланысқан жүйелердің механикалық қасиеттері тағы дисперсті фаза қасиетімен бөлшектер арасындағы контакт (әрекеттесу) сонымен анықталады.
Сұйытылған суспензияларды алу әдістері
Басқа дисперсті жүйе тәрізді суспензияны 2 әдіс топтары арқылы алуға болады: дөрекі дисперсті жүйе жағынан - диспергационды әдіс, шын ерітінділер жағынан – конденсациялық әдістермен.
Суспензияларды алудың нақты әдістерін қарастыра отырып, суспензиялардың – ұнтақтардың сұйықтағы өлшемдісі екенін еске түсірген маңызды.
Ең қарапайым және де өндірісті де күнделікті өмірде де кең таралған сұйытылған суспензияларды алудың әдісі – берілген ұнтақты сәйкес сұйықта түрлі араластырушы құрылғыларды пайдалана отырып шайқау жатады. Концентрленген суспензияларды алу үшін сәйкес ұнтақтарды сұйықтық аз мөлшерімен үгітеді. Суспензиялар лиозольдерден бөлшектерінің көптігімен ғана өзгешеленетіндігінен, лиозолдер алу үшін пайдаланылатын барлық әдістерді суспензиялар алу үшін де пайдалануға болады. Мұнда диспергационды әдістермен майдалау дәрежесі лиозолдерді алғандығымен салыстырғанда аз болуы керек. Конденсациялық әдістерде конденсацияны сондай жүргізу керек, нәтижеде 10-5 – 10-1 см өлшемді бөлшектер түзілуі керек. Түзіліп жатқан бөлшектердің өлшемі кристалдар түзілу және олардың өсуі жылдамдық қатынастарына байланысты. Аз мөлшердегі қанықтыру нәтижесінде ірі бөлшектер, ал көп дәрежеде ұсақ бөлшектер түзіледі. Жүйеге криталдану туындыларын енгізу монодисперсті суспензиялар түзілуіне алып келеді. Дисперстілік төмендетуді қайнату кезіндегі изопормиялық айдау нәтижесінде қол жеткізуге болады. Мұнда ұсақ кристалдар ериді, олардың есебінен ірілері өседі. Түзіліп жатқан суспензиялар дисперстілігін сондай-ақ БАЗ-ды енгізу арқылы да дұрыстауға болады.
Суспензияларды еріген заттар қоспасынан диализ электродиализ фильтрлеу центрифугаттау арқылы тазартуға болады. Суспензиялар сонымен қатар лиозилдар коагуляциясы нәтижесінде де түзіледі. Яғни коагуляцияны жасау әдістері – сонымен бірге суспензияларды алудың әдістері.
Жоғарыда айтылып өткеннің бәрі өндірістік және күнделікті суспензияларға тиісті табиғи суспензиялар (олар жердегі барлық су қоймалар) суға қатты бөлшектер түсіп, нәтижеде аэрозолдердің бұзылып, сонымен қатар тамыр, грунттарды диспергирлеу арқылы мұздардың әрекеті және су тасқын құбылыстарында түзіледі.