Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саяси психология дарис жинагы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
450.56 Кб
Скачать

Саяси психика. 11.03.2014жыл

Жақсыға ие болмағандықтан, біз мұнда әліде жалпы қабылданбаған негізгі психикалық үрдістермен функционалдық әрекеттердің саяси-психологиялық саяси-психологиялық ерекшеліктерін анықтау үшін «саяси психика» ұғымын қолданбаймыз. Егер өте терең психологиялық бөлшектерге назар аудармасақ, онда жеткілікті жалпы саяси-психологиялық түрде, адам психикалық төрт негізгі блоктан тұратыны анық болады. Біріншіден саяси қабылдау блогы – саясатты және жеке алғанда, саяси мәліметті қабылдау. Екіншіден, саяси ойлау блогы – қабылданған саяси мәліметті өңдеу, оны ойдың елегінен өңдеу, оны ойдың елегінен өткізу және саяси шешім қабылдау. Үшіншіден, саяси эмоциялар, сезімдер және аффектілер блогы – саяси ойлаудың қорытындысын эмоционалды бағалау. Төртінші, соңғы және психиканың шегінен шығатын блок саяси әрекет блогы – бағаланған, өңделген және қабылданған мәліметте негізделген нақты шаралар блогы.

Осы негіздегі блоктарды толығырақ зерттейік.

Саяси қабылдау. Әлі 20-30-шы жылдары американ «New Look» психолоиялық мектебінің көптеген эксперименталды зерттеулерінде келесі нақты дәләлдегенді: біздің сананың қабылдауы санамыздың стереотиптері мен бағдарларына, ал саяси аспектіде – саяси санаға, сана-сезімге және саяси мәдениетке байланысты және бұл әсер санасыз деңгейде көрінеді. Ат пен автокөліктің бейнелерінің бірінің үстіне бірін қойып, сосын оны, яғни, сыртынан қарағанда, санасыз сызықтар жиынтығының американдықтар мен мексикандықтарға көрсетіңіз. Американдықтардың көбі осы таңдауданақты автокөлікті көреді. Мексикандықтардың көбі – мустангті көреді. Осы бейнемен дәл соны автомат Калашников және скрипкамен жасап көрейік. Палестиндықтардың көбі (шешендер, ауғандар) – тек автомат калашниковты көреді. Керісінше, еуропалықтардың көбі, скрипканы ғана көреді. Адам қабылдауы таңдаулы, селективті. Сәйкесінше, саяси қабылдау да таңдаулы. Мұндай таңдаулық саяси әлеументтану үрдісінде – үлкен, саяси әлемге есейген ұрпақтардың өтуі қалыптасып, бұл қабылдау ерешеліктері саяси мәдениетпен, саяси сана – сезіммен және басқа да психикалық функциялармен және үрдістермен байланысты болады.

Саяси ойлау – адам мен саяси шындықты пікірлер, шешімдер және ой-түйіндері ретінде өнімді көрінісі.саяси ойлаудың жүйе тудырушы функциясы болып саяси шындықтың ереше әрекет ретіндегі көрінісі болады. Саяси ойлау өзіне тек қана когнетивті емес, сонымен қатар эмоционалды – бағалық механизмдерді, өзінің онтологиялық статусына ие кіргізеді. Дәл саяси ойлаудың принципиалды айырмашылығы болып оның өте логикадан алыстығы жиі ашық алогикалығы табылады. Әлі ХIХ ғасырда Л. Кэрол тамаша атап кеткен: «бүкіл әлемде кең таралған аргументтер (тіпті барлығы болмаса да, көпшілігі.) дұрыс болып, саяси өмір кішкене басқаша көрінер еді және қоғам сабырлықтың жайылуына және басқа да теріс әсерлерге аз берілуші еді. Дұрыс бағыттамалардың бір жұбын (дұрыс деп, мен олардан шешім шығаруға мүмкін бірнеше бағыттаманы айтамын), сізге газет немесе журнал оқығанда кездестірсеңіз, оларға ешбір шешім шығара алмайтын 5 жұпқа жуық болады. Содан басқа, тіпті дұрыс бағыттамалардан шықсақ та, автор дұрыс шешімге тек бір жағдайда ғана келеді, қалған он жағдайда дұрыс бағыттамалардан қате шешім шығарады».

Саяси ойлауды қарастырып, М. Вебер «белгілі бір мағына беруге қиын терминдердің барлық қолданылуын» атап өткен және «тіпті анализді рұқсат етпейтіндерді де» атап өтті. Революциядан кейінгі Ресейде қоғамдық-саяси пікірталастарды зерттеп, логик С. Н. Поварнин барлық кезеңдердегі саяси ойлау логикасының әлсіздігі туралы бірегей шешім шығарды – ұғымдармен басталатын шаралардан бастап, ой шешімдерімен аяқталатын байланыстармен аяқтап, Ресейде қазіргі уақыттағы саяси ойлаудың арнайы анализі А. А. Хвостовтың басқаруымен іске асырылды.

Саяси ойлаудың құрылысы тек логикалық механизмдермен ғана емес, сонымен қатар бағдарлар, мақсаттар және саяси ойлаумен анықталады. Басқа жағынан, саяси ойлау тек белгілік модельдермен ғана емес, сонымен қатар перспективті категориялармен (бейнелер, аңыздар, сенулер және т.б.) жұмыс істейді, бұл өз кезегінде жалпы алғанда саяси мәдениет пен саяси санаға етеді.

Саяси эмоциялар – бұл сезімдіктің формасы, кейде санамен түйінделмеген, бірақ, жеткілікті түрде аффективті бағалар мен әсерлердің түріндегі адаммен қоршаған саяси шындықтың үрдістері мен құбылыстарын өнімді түрде көрсету. Саяси психикада аффективті, эмоционалдық сәтті артық бағалау өте қиын және сонау 1954 жылы К. Левин көптеген фактілер негізінде танымдық мәліметтің эмоцияларға көнгіштігі, оның құрылымдылығымен анықталады деп көрсеткен: қабылдау алаңы неғұрлым «анық емес» болса, соғұрлым оның эмоцияға көнгіштігі көп болады. Рейковскийдің пікірінше, «саяси оқиғалар арасындағы қатынастар, экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық факторлар арасындағы себеп байланыстарының қиындығы соншалықты, оларға қол жеткізу шеберлігі аз адамның мүмкіндігінен әлде қайда жоғары... Мұндай жағдай оқиғаларға басты доминантты эмоционалдық қатынастың болуына себептеседі». Саяси психиканың жалпы алғанда ең басты ерешелігі – оның тереңдік инерциялығы. Оның әсерінің ең түсінікті мысалда, яғни ойлау инерциясы мысалында қарастырайық (әйтсе де, айтылғанның бәрі саяси қабылдауға да, саяси әрекеттерге де қатысы бар).

Саясаттағы психика инерциясы – латын тілінен inertia, қозғалыссыз, әрекетсіз дегенді білдіреді. Бұл, біріншіден, оны осы жағдайынан шығармайтын себеп болмағанша дейін (құбылыс, әрекет, жағдай) тіксызықты, бірқалыпты қозғалысты немесе тыныштықты сақтау қабілеті. Екіншіден, бұл белгілі бір сыртқы әсерлермен және соның себебінен белгілі соңғы жылдамдыққа ие болу және осы себепке, тіпті оның осы себепке, тіпті оның шын әсері жоғалғанның өзінде соған еліктеп, әсерін сезіну қабілеті. Қабылдау және ойлау инерциялары қатаңдықта, регидтілікте және іштен стереотиптенуде көрінеді немесе сыртқы саяси бағыттың ішінде, болып жатқан оқиғалардың бағалары мен көзқарастарының жүйесін өзгертудің мүмкіндігінің жоқтығында көрінеді және саяси әрекеттердің бағыты мен сипатын өзгертудің мүмкіндігінің жоқтығында, қабылдаған бір мағыналы шешім мен ең үйреншікті – саяси шешімдер қабылдау механизінен бас тартудың мүмкіндігінің жоқтығында.

Саяси сақнада ойлау инерциясы, оның қатаңдығымен, ригидтілігімен байланысты тоталитаризмнің әлеуметтік – саяси (саяси шешімдерді қабылдау монополизмі), сонымен қатар әлеуметтік психологиялық (ойлау қабілеті және «авторитарлық тұлға» деп аталатын тоталитарлыт және авторитарлы қоғамдармен түзілетін ерекше типті тұлғаның санасының ерекшелігі) мағыналарда табылады.

Саяси психологиядағы ойлау инерциясы «ескі» ойлаудың негізгі детерминанталарының бірі ретінде қарастырылады. Оған қарағанда кез-келген «жаңа» саяси ойлау анықтамасы бойынша әрбір ойлау инерциясын өтуге бағытталған және серпінділікке, алғыр, ұшқыр ойшылыққа және шығармашылыққа – өзінің орталық саяси-психологиялық сипаттамаларына тіреледі, олар саяси шешімдерді қабылдаудың басқа тәсілдері мен олардың тәжірбиелік іске асуының негізінде көрінеді.

Саяси психология тарихының негізгі кезеңдері

Ежелгі Грекия . 25.03.2014

Элладада тәжірибе ғылымынын маңызы болды. Бірақ, дәл ежелгі Грекияда, саясаткерлерді ораторлар алмастырғанда ораторлық шеберлік саясаткердің әрекетінің міндетті және шешуші компоненті болды. Шешендік өнердің ең ұлы шеберлерінің бірі – Демосфен, саяси әрекеттің, топтың санасы мен эмоцияларына бағытталған әсерінің механизмдерін зерттеген алғашқы ғалым болған шығар. Бізге белгілі, Демосфеннің өзі саясатқа тәжірибе арқылы кірді. Оның туғанда сөйлеуінде кемшіліктер болғаны белгілі. Ол ораторлық шеберлікке үйрену үшін, теңіз толқынының шуынан дауысын естірту үшін, сағаттар бойы, аузын тастарға толтырып, жаттығатын. Осылайша ол өзінің күн күркірегендей,зілдей дауысына қол жеткізді және арнайы ойлау үшін жаттығу уақытын пайдаланып, ол түрлі топтың алдында сөз сөйлеу мен топтың кейбір ерекшеліктерін ашты.

Жеке алғанда, Демосфен екі типті топты ажыратқан. Бірінші топ, бұл «эмоцияларға берілген» топтар болды. Яғни олар, оратордың сөзін жиі сыңсыз қабылданғаннан, олардың алдында сөз сөйлеген саясаткерге ұқсас сәйкестендіру әсерін тудыру үшін, психологиялық жұқтыру механизмдерін жүргізу қажет деп есептеген. Осындай «иілгіш топтардың мысалы ретінде демосфен бүгінгі тілмен айтқанда, «рухы биік көсемдердің» алдында құрмет көрсетуге үйренген «тоталитарлы халықтарды» келтірген.

Екінші бір топ бұл, – «санаға иілгіш» топтар. Демосфенның айтуынша, бұл топпен саясаткер арасындағы қарым-қатынасты басқа тұрғы бойынша құрастыру қажет. Жеке алғанда, саясаткер олармен сұхбаттасқанда, оларға тән өздік ойлауға қабілетін сақтау үшін, логикалық мысал келтіру механизмдерін қолдануға міндетті. Мысалы, Демосфеннің тұжырымдауынша «афиндықтар өздігінше ойлап және пікір қорытуға үйренген, сондықтан олармен сезімдерге сөйлесудің пайдасы жоқ». Бұл, бүгінгі тілмен айтқанда, олардың логикалық шешімдерді өздігінше қабылдау қабілетін ескеріп, олармен ең әуелі рационалды сөйлесуге міндетті саясаткердің тілдесетін «демократиялық халықтары».

Саяси тәжірибеден, ежелгі Грекияда адамның саяси-психологиялық табиғатын қарастырғанда, негізінен, жалпыланған түрде екі дәстүрді бөлуге болады. Бір жағынан, басты «саяси қатысушылардың» мүмкіндіктерінің теңдігін қарастыратын «демократиялық» дәстүр, яғни, саяси үрдістің шын субъективтілерінің мүмкіндіктерін қарастыратын дәстүр туындайды. Басқа жағынан, саяси үрдістегі рөлдерін және басымдығын белгілі бір топ өкілдерінің, ашық жариялайтын «аристократиялық» (элитарлық) дәстүр нақты өмір сүрді.

Мысалы, Платон мектебінің көзқарастарында «аристократиялық» саяси дәстүр өте анық көрінген еді. Бұл грек ойшылын, жеке алғанда, билеушінің барлық жағынан шыңдалған түрі – «тақтағы философ» деп есептеген. Оның көзқарастарына қарағанда, барлық емес, тек белгілі адамдар ғана «нағыз» билеуші бола алады. Басқа адамдар (бәрі емес), мысалға, «жауынгерлер бола алады». Халықтың көпшілігі, саяси өмірге тіпті үйренбеген және лайық емес. Жоғары, яғни, «саяси», нақты айтқанда, рационалды-логикалық, «сананың» (жанның) интеллектуалды элементі тек билеуші топ өкілдерін де ғана басым, Платонда биліктің – иерархиялық «Республикасы» туындаған.

Аристотель, биліктің құлдырауына бағытталған жалпылық толқулар мен қақтығыстардың табиғатын түсіну жолында билік пен бағыну проблемаларының талдауына келуге әрекет етуге тырысқан алғашқы ойшылдардың бірі болды. Ол «көтерілісті бастайтын адамдардың көңіл-күйін» (яғни, психологиялық күйін) «билік үшін соғыстармен және саяси тұрақсыздықтармен» байланыстырған. Билікке жалпылық қарсы шығуларды зерттеп, былай тұжырымдаған: «Біріншіден, көтерілісті бастайтын тұлғалардың көңіл-күйін білу қажет, екіншіден, - олардың алдына қойған мақсаттарын және үшіншіден, саяси тұрақсыздықтар мен билік үшін күрестің себептерін білу қажет».

Осылайша, Аристотель кезеңінің өзінде шын саясатты түсіну үшін жалпылық психологиядағы өзгерістерді, оның ішінде, бағынышты күйден – бағынбайтын күйге ауысуы динамикасын зерттеудің қажеті болды.

Аристотель түрлі ғылымдар, соның ішінде, саяси психологияның дамуына көп жаңалық енгізді. Тек қазір, оған қазіргі өмірдің саяси шындығының негізінде оралып, біз қайтадан ойланып отырамыз: мысалы, онымен сипатталған басқарудың негізгі формалардының саяси-психологиялық құрамымен: тиранияның, аристократияның және демократияның. Ресейдің жаңа тарихын қарастырған дәрежесі жоғары зерттеушілердің айтуынша, бұрынғы кеңес көсемдерінің тираниясы, еркіндік және 80 жылдардың соңы – 90 жылдардың басындағы «охлократиядан» кейін нақты В. Путиннің «аристократиялық» режимі мұра етіп алып қалған, Б. Ельциннің «олигархиялық» режимі қалыптасты (мұнда айтылатыны – басқару мен билік жеке элементтерді құраластын және берілетін өзіне жақын «аристократтар» туралы айтылады). Осылайша, Аристотель бойынша демократияға күрделі ресейлік жол пайда болады.

Ежелгі Грекия дәл теориялық саяси психологияның көп мысалдарын береді. Әрине, қазіргі көзқарастарында алыс антикалық ойшылдардың тілі және зерттеу деңгейі түсінікті. Бірақ, ең маңыздысы басқа, антикалық кезеңнің өзінде саяси-психологиялық сұрақтар адамдарды белсенді алаңдатқан.