Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саяси психология дарис жинагы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
450.56 Кб
Скачать

3 Кесте – Саяси режимдер, мәдениеттер және көшбасшылықтың типтері

Режим: авториторизм

Мәдениет: фатализм

Көшбасшылық: деспоттық, шексіз жалғасатын

Режим: коллективизм

Мәдениет: иерархия

Көшбасшылық: позициялық, саласы бойынша шектелген, уақыт бойынша жалғасатын

Режим: индивидуализм

Мәдениет: нарық

Көшбасшылық: метеорлы, шектелген және аз жалғасады

Режим: эгалитаризм

Мәдениет: әділет

Көшбасшылық: харизмалық, шексіз, аз уақытты

Алғашқы авторитарлық режимде көрінгенде, көшбасшылық ұзақ және барлығын қамтиды. Көмекшілері фотолистер болғанда, көшбасшылық әрқашан да ерекше сипатта болады.

Екінші режимде, яғни коллективизмде, иерархиялық мінезі бойынша автократиялық, ал жағдайы бойынша позициялық болады. Көшбасшы мүмкіндіктері оның қызмет иерархиясындағы орнымен анықталады. Үшінші режим, индивидуализ анықтамасы бойынша, көшбасшыларға қажетті тыймайды, себебі, нарық тек жекеменшік құқығын мойындайды. Индивидуалистер көшбасшыларға сенбейді, олар нәтижелерге сенеді. Сондықтан, тіпті, егер, көшбасшы пайда болса, онда ол тек «қажет» кездегі, қажет адам болады, белгілі, қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін. Төртінші режим, эгалитаризм, барлық режим ішіндегі харизматик – көшбасшы пайда болатын жалғызы.

Бірінші және екінші режимдер прокөшбасшылық, үшінші және төртінші – антикөшбасшылық болады, әсіресе, екінші және үшінші режимдерде көшбасшылыққа сұраныс көшбасшыға көмек етуге пропорционал. (екіншіде жоғары, үшіншіде – төмен деңгейде). Бірінші режимде аз сұраныспен тым жоғары қолғабыс арасындағы сәйкес келмеушілік байқалады; төртіншіде – керсінше, сұраныс қолғабысты жоғарылатады.

Назар аударатын соңғысы – В. Д. Джоунстың көшбасшылар типологиясы. Автор ойынша, нарық пен демократияның өзара әрекеттесуі көшбасшылықтың шектелген нұсқан туғызады – ол төртеу ғана: 1) көшбасшы – «делегат» - экономикалық элиталарға тәуелді және сайлаушыларға есеп береді. Бұл сайлаушылар экономикалық элиталардың позициясымен келіскенде болады. Делегат экономикалық өзгерістерді өзіңің ізбасарлары призмасы арқылы қарастырады; 2) көшбасшы – «сенімді тұлға» – өз сайлаушыларына экономикалық элиталар жағынан бақылаудан бос. Осындай көшбасшы негізінен экономикалық өзгерістермен айналысады, ал олар міндетті сайлаушылар талабы болып табылады, бірақ негізінен олардың мүдделеріне сай; 3) көшбасшы – «қызметші» – негізінен тек экономикалық элиталармен бақыланады және сайлаушыларға есеп бермейді, негізінен, тек экономикалық мүддесін қорғайды; 4) көшбасшы – «кәсіпкер» ол экономикалық элиталардан да, сайлаушылардан да бос. Негізінен тәуелсіз тек өзіне жұмыс істейді.

Осылай, көшбасшылық феномені жайлы негізгі қазіргі теориялар көрінеді, ал жалпы алғанда, осылай оқырман алдында көшбасшылықтың көшбасшымен көмекшілерінің, екі мәселе шекарасындағы, өзара әрекеттесуі кезінде туындайтын спецификалық феномен болып көрінеді. Екі мәселе – жеке тұлғаның саяси психологиясы (көшбасшының) және топтардың үлкен және кіші, психологиясы.