
- •Саяси психология және саясаттану психологиясы . 17.02-2014
- •Саясат әрекет ретінде 17.02-2014
- •Саяси психологияның пәні және міндеттері 17.02-2014
- •Саяси психологияның негізгі объектілері. 4.03-2014
- •Саяси психологияның негізгі принциптері. 4.03-2014
- •Саяси сана-сезім. 4.03-2014
- •Саясаттағы ұжымдық санасыздық. 11.03.2014жыл
- •Саяси мәдениет. 11.03.2014жыл
- •Субъект - бағдар - әрекет – объект
- •Саяси психика. 11.03.2014жыл
- •Ежелгі Рим
- •Қайта жаңғырту кезеңі. 25.03.2014жыл
- •Ағарту кезеңі. 25.03.2014жыл
- •Хiх ғасырдың саяси психологиясы. 1.04.2014
- •Хх ғасырдың психоанализі. 1.04.2014
- •Саяси қатысу: азаматтың ұстанымы
- •Саяси ұйым: көшбасшының пайда болуы 15.04.2014
- •Саяси элитаның психологиясы
- •Көшбасшылықтың феномені 15.04.2014
- •Көшбасшылықтың ерте теориялары 15.04.2014
- •Қазіргі концепциялар: жалпы типологиялар және көшбасшылықтың түрлері 22.04.2014
- •Саяси-психологиялық типологиялар
- •Д. Рисманның саяси түрлерінің типологиясы. 22.04.2014
- •Көшбасшылық феноменіне қазіргі көзқарастар. 22.04.2014
- •1 Кесте – Көшбасшылықтың негізгі стильдері
- •3 Кесте – Саяси режимдер, мәдениеттер және көшбасшылықтың типтері
- •Әдебитеттер
Саяси-психологиялық типологиялар
Г. Лассуэлдың психопатологиялық типологиясы
Берілген типологияға сәйкес, нақты саяси тип орындайтын немесе орындауға тырысатын функцияға байланысты, «агитатор», «администратор» және «теоретик» деген типтер, сонымен қатар олардың түрлі комбинациялары бөлінеді. Г. Лассуэлл осы типтердің әрқайсысының мансабының дамуының критикалық жағдайларында санасыз факторлардың қозғалыс бағытын қарастырды және олардың белгілі саяси типтерді құрастырудағы рөлін зерттеген.
Мысалға, «агитаторлар» – олардың негізгі функциясы – өз үгіт-насихатын тарату және азаматтармен тілдесу. Олар риториканы вербальды формулалар, қылықты және принциптердің жиі, салттанған қайталануын бағалайды. Олар көріну үшін өмір сүреді, қарсылыстарын қақтығысқа шақырып және оларды төмендету – олардың басты мақсаты, ал таза ұйымдастырушылық функциялар оларда фрустрацияны туғызады. Бұл тәртіпсіз және жиі қанағатсыз саясаткерлер, оларда энтузиазмы топты шақырулармен, көптік дұғалармен және тіптен ұрсумен де топты қоздырады. Олар үшін аудиторияның эмоционалды жауап қайтаруы маңызды.
Г. Лассуэлдың ойынша, психоаналитикалық көзқарастан, осындай «агитаторлар» айқын көрінетін нарцисстар болып табылады (әйтсе де, олардың нарциссизмі өте қарапайым), олардың либидосы өзінің «Мен»-іне және «Мен»-типтес объектілерге бағытталады, ал бұл гомосексуалдық жақтардың көрінуіне септігін тигізеді, ал олар абстракттік объектілерге проекцияланады. Өткенде – бұл үлгілі балалар, өз теріс эиоцияларын ұялшақтап басқан. Бірақ осындай «репрессиялық садизмі», өз ортасында сыртқы шықпай, қоғамға аударылған. Өз-өзін көрсету ынтасы, әсіресе, ауызша немесе жазбаша түрде өзімен ішкі эмоционалдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың тәсілін көрсетеді. Мысалға, «фаторлар» әдетте теріс эмоцияларды басумен және балалық шақта өтірік айтуымен ерекшеленеді.
«Әкімшілік», «агитаторларға» қарағанда, өз аффектілерін аз алыстаған және абстрактілі объектілерге бейнелеп, өз назарын белгілі топпен басқаруға аударады, бұнымен ұйымның мақсаттарына тұлғасыз, қызығусыз ынтаны көрсетеді. Оларға абстракциялар тән емес, өткені оларда абстракцияларға қажет туындаған жоқ, әсіресе, өз эмоционалдық мәселелерін шешуде. Оларды аффектісіз деуге болмайды, олар тек өте салқын қанды және аффективті теңестірілген.
Г. Лассуэлл әкімшілік тұлғалардың екі подтипін бөлген. Бірінші подтип айқын энергиямен және оймен сипатталады, ал бұл оны үгіттеушілерге жақындатады. Бірақ оның назарының ортасында белгілі жеке тұлғалар тұрады, олар өз аффектілерін дәрежесі азырақ бірігіп атқарылатын жобаларға аударылады және азаматтардың үлкен көлемін «өзінің тепе-теңдігінен» шығаруға тырыспайды. Олар өз ортасына байланысқан және оның әрекеттерін бақылап, түзетугетырысады. Абстракттілігі объектілерге жетудің мүмкіндігінің жоқтығы отбасы ішінде нақты жеке тұлғалармен өте көп айналысуменен болуынан себеп болып табылады және өз «Мен» образының анықталуына қиындықтармен слқтығысады. Екінше подтип - өте-мөте еңбекқор және жауапкершілікті көшбасшы, олардың ұсақ бөлшектер мен бірқұралды жұмысқа, нақтылыққа махаббаты бір тұтастықты сақтап, ортаның алысталуын байқатады. «әкімшілік тұлғалары», осы типтегі тұлғаның дамуы кезінде өте күрделі жағдайларға ұшырамаған, өте-мөте репрессияға ұшыраған эмоцияларға ие болған жоқ, өйткені оларды немесе сублимацияға айналдырды немесе оларды отбасы ішінде байқатты. Олардың жасампаздығы – өз күшін көрсету мүмкіндігі.
«Теоретиктерді» (эксперттерді және идеологтарды) алыста тұрған және жоғары пайдалылығы бармақсаттар қызықтырады. «Үгіттеушіге» қарағанда, «теоретиктер» абстракцияға, ұлылыққа ұмтылды. Түрлі ойларды қарастыру «теоритиктер» үшін алдына қойған мақсат болып табылады, ал бұл лоарды көмекшілерінен алыстатады. «Теоретикке» абстракциялар өзінің эмоционалдық мәселелерін шешу үшін қажет. «әкімшілік тұлғаларына» қарағанда теоретиктер аффектілердің жоқ кезінде үлкен зардап шегеді, өйткені өзінің даму үрдісі кезінде көп фрукстрацияны бастан кешірді. Интеллектуалдану – теоретиктердің бір кездегі өздері шеше алмаған эмоционалдық мәселелеріне жауап.
Г. Лассуэллге сәйкес, саяси дамуға саясаткердің мінезі әсер етеді. Ол негізгі келесі типті бөлген: «күштеп жасалатын» және «драма шығарушы» және де подтип – «қалтқысыз, сезімсіз».
«Күштеп жасалатын» мінезі бар тұлға үшін қатаң қатынастар біртектілік, біржағдайлылық, өз-өзін көрсетудің біркелкілігі, жағдайдың десубъективизациясы, жаңашылдықтан бас тарту және де әкімшілік тұлғаға, бюрократқа тән басқа қасиеттер тән. «Драма шығарушы» мінез, оның өзіне-өзі сүйсінумен, провокацияларға, ойнас қылуға бейімділігімен сипатталады, мұнда басқаларды жауап алу үшін кез-келген құралдар іске қатыстырылды, және де «драма шығарушы» мінез өзімен «күштеп жасалатын» мінезге қарсы кояды, сонымен қатар, «үгіттеушінің» саяси тип ретінде қалыптасып, дамуына септігін тигізеді. «Сезімсіз» мінезі бар жеке тұлғалар, басқалардан жарқын эмоционалдық күйінің жоқтығымен ерекшеленеді және де Г. Лассуэлл бойынша, тамаша сот қызметкерлеріне, дипломаттарға, сонымен қатар, өкінішке орай, өте нашар зұлым адамдарға айналуы мүмкін.