Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саяси психология дарис жинагы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
450.56 Кб
Скачать

Ағарту кезеңі. 25.03.2014жыл

Атауынан белгілі, ағарту кезеңі ғылымдардың кезеңі болды. Сәйкесінше, іс жүзінде, адамның саяси-психологиялық рөлі қоғам танушылардың назарының ортасында болды. Бұл тіпті көшбасшылар болсын, және басқа да жеке тұлғалардың саяси психологиясына ғана қатысты болған жоқ, сонымен қатар, белгілі әлеуметтік – саяси қоғамдастықтар – әуелі, ұлттық-этникалық қоғамдастықтарға қатысты болды. Мысалы, осы сұрақтармен ерекше айналысқан Дж. Вико: «ұлттар кетеді... табиғаттың үш түрі арқылы, олардан үш түрлі рухани құрам, халықтардың үш түрлі табиғи құқықтары шығады, сәйкесінше осы үш құқық түріне үш азаматтық жағдайдың түрілері, яғни мемлекеттер бекітіледі».

Басқа сөзбен айтқанда қазіргі тілмен, мемлекет басқарылатын азаматтардың табиғатына сәйкес келеді, және саясатты психологиядан айырып оқытуға болмайды. Адам табиғатының өзі бойынша Вико былай деп жазған: ол саналы, сабырлы, мейірімді және парасатты... және заңдар ретінде ар-ұятты, ақыл-ойды және талапты санайды.

Т. Гоббс болса, керісінше, өзі секілділер жайлы мұндай мейірімді пікірде болған жоқ, мысалға оның есептеуінше адам – бұл жануар, жануарға тән қорқыныштары, қалаулары бар: «адамның негізгі ұмтылысы - өз құмарымен нәпсісіне жету үшін билікке ұмтылысы». Гоббстың айтуы бойынша адам табиғатының басты қақтығысы бұл адамға тән аса құмарлық пен оның өзінің табиғи қорқынышы арасындағы қақтығыс. Философ-гуманисті Дж. Локктің пікірінше, керісінше, адам өз табиғаты бойынша еркін, тәуелсіз және саналы тірі өкіл. Дәл сондықтан әрбір адам негізінде «ұлыларға тең және ешкімге бағынышты емес», себебі, «тек табиғат заңдарына бағынады және әділетті қоғамды құрастыруға дайын».

Әділетті қоғам Дж. Локктің айтуы бойынша түрлі адами қоғамдастықтардың өкілдері арасында, кейбір ерекше «қоғамдық келісім» негізінде қоғамды, әсіресе әділетті қоғамды қалыптастыруға болады. «Қоғамдық келісім» Дж. Локктің айтуынша адамзаттың қажеттілікке саналы жауабының бейнесі болып табылады.

Еске түсірейік, сол кезде үлкен жетістіктерге жеткен «қоғамдық келісім» теориясы шын өмірде өзінің орнын тапқан жоқ, тек XX ғасырда ол кейбір дәрежеде шын саяси тәжірибелік орынға ие болды, яғни, жеке алғанда, осындай текті расталу ретінде Каудильо Франко өлімінен кейін испанияда, әйгілі Монклоа сарайында түрлі саяси күштер арасында жасалған «Монклоа Пактің» есептеуге болады. Бұл Пакт саяси режимнің ауысуынан кейін, дағдарыстық жағдайда қоғамның дамуының перспективаларын және әлеуметтік-саяси өмірдің қалыптарын анықтады және қазіргі уақытқа дейін істеп келеді. Берілген мысал, басқаның арасында саяси психологияның болжамдық рөлінің жақсы бейнесі болып табылады.

Т. Гоббсқа қарағанда, адамның табиғатына одан әрі оптимистикалық көзқарасқа ағарту кезеңінің ірі тұлғасы Ж. Ж. Руссоға тән. Оның есептеуінше, барлық дерлік адамдар, түрлі дәрежеде, «әділет пен рақымшылықтың ішкі принціпіне» ие. Дәл мұндай «ар-ұят сияқты психологиялық қабілет адамның құдайлық инстингтінің негізгісі болып табылады». Руссо айтқандай: «адамдар еркін болып туады, бірақ әр жерде темір байлауларда». Яғни, ол осы ойды былай дамытқан: адамдар коррупцияланған қоғамның байлауында туады бірақ, өз табиғаты бойынша еркіндікке ұмтылады. «Адам әлеуметтік және сәйкесінше құлға айналғанда, ол әлсіз ұялшақ және құлдыққа бейім жануарларға айналады», алайда «табиғи адамның өз мүмкіндіктерінде қоғамдық мейірімшілік көздері болған».

Кезенінің тағы бір белгілі ойшылы, Ш. Л. Монтескье «қиын-қыстау» кездегі саяси институттағы дамуын зерттеп жалпылық психологияның маңызды рөлі мен оның саяси үрдістерге әсерін түсінуге қадам басқан. Өзінің алдындағы зерттеушілерге қарағанда, ол саяси-психологиялық түрлі құбылыстарына бейнелеуін беріп қана қоймай, сонымен қатар, олардың артында тұрған жеткілікті нақты психологиялық себептерін көрсеткен. Мысалға, тарихи көзқарастан, топтағы адамдардың әрекетінің бейнелеуі өте қызық: «қиын уақытта әрқашан аландатушылар туады, олардың артынан ешкім басқармайды және күшпен әкелінген жоғары билік алынғанда, оны қайта қалыптастыру үшін ешкімнің күші жеткілікті болмайды;...Топтың күнә көтермейтіндігін өзінің санадан өткізілуі топты күшейтіп аландаушылықтарды артырады.Тақтан түрік патшасы ослай тайдырылғанда, бұл көтерілістің қатысушыларының ешқайсысындада оны тайдыратын ойы болған емес, бірақ біреудің мәнгілікке белгісіз болып қалған дауысы топтың арасынан естілді, Мұстафаның аты аталды және Мұстафа кенеттен патша болды». Әрі қарай біз көреміз, Ш. Монтескьенің қалайша дер кезінде және нақты топтық әрекеттің дәл сол нақты көрінгені соңынан болған – шындығында, тіпті басқа тарихи кезеңде, (оның ішінде, топ әрекеті), нақты көрсете алды және болжай алды.

Осылайша, Ағарту кезені саяси үрдестегі тек қана жалпы емес сонымен қатар, басқа нақты психологиялық факторлардың түсінігін алға жетеледі. Бұдан басқа, Ағарту кезеңі осындай түрдегі осындай кең кітаптың байқаулардың бейнелеуінің және ой толғануларының жанрының, сонымен қатар, олардың философиялық-методологиялық ой елегімен откізудің негізін қалаушы болды. Негізі бойынша, дәл Ағарту кезеңі толығымен нақты саяси психологияның дәл осы кезеңнен кейін дами бастаған бағыттарының философиялық негіздерін қалады.