Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ET_Dosmaganbetov_N_S.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.86 Mб
Скачать

10.2 Ұлттық экономика деңгейіндегі табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымы

Макроэкономикалық теорияда ұлттық экономика шеңберінде табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымы туралы зерттеледі.

Нарықтық қатынастар жағдайында алуан түрлі тауарлар мен қызметтердің көптеп өндіріледі, ал олардың өндірісіне әртүрлі фактор-лар қатысады. Нарықтың белгілі субъектілері әртүрлі факторлардың иелері ретінде табыстарды алып отырады. Бірақ осындай субъектілердің табыстары бір уақытта нарықтағы басқа бір субъектілердің шығындары ретінде көрінеді. Сондықтанда, макроэкономикалық талдау тұрғысынан табыстар мен шығындардың айналымы туралы қарастырудың маңызы зор болып табылады.

Негізінен, ұлттық экономика шеңберінде айналатын табыстар мен шығындардың қалыптасуына нарықтың барлық субъектілері қатысады. Ол қарапайымнан күрделіге қарай кете береді. Осындай айналымның бірнеше түрлері орын алады.

  1. Жабық экономикадағы мемлекеттің қатысуынсыз табыстар мен шығындардың айналым үлгісі.

  2. Жабық экономикадағы мемлекеттің қатысуымен табыстар мен шығындардың айналым үлгісі.

  3. Ашық экономикадағы табыстар мен шығындардың айналым үлгісі.

Біздің мысаламызда мемлекет және сыртқы орта қатыспайтын табыстар мен шығындардың қарапайым айналым үлгісі сөз етіледі (сурет 10.1).

Сурет 10.1 Ұлттық экономикадағы табыстар мен шығындардың шеңберлі айналым үлгісі

Осы сызбадан көріп отырғанымыздай, сағат тілі бойымен жүретін бағыт бойынша үй шаруашылықтарынан өндіріс факторлары нарығына факторлық қызметтер (еңбек, капитал, жер қызметтері) келіп түседі. Өз кезегінде, игіліктер нарығы арқылы фирмалардан үй шаруашылықтары-на әртүрлі материалдық және материалдық емес игіліктер келіп түседі. Сағат тілі бойымен жүретін ресурстар мен соңғы өнімдер ағынын нақты ағындар деп атайды. Нақты ағындар ақшалай ағындармен қамтамасыз етіліп отырады. Сондықтан сағат тіліне қарсы жүретін бағытты ақшалай ағындар деп атайды. Фирмалардан үй шаруашылық-тарына факторлық қызметтердің төлемдері келіп түседі. Үй шаруашы-лықтары үшін – бұл олардың табыстары болып табылады. Ал фирмалар үшін – бұл олардың шығындары ретінде көрінеді. Әріқарай сағат тіліне қарсы бағыт бойынша үй шаруашылықтарынан фирмаларға соңғы тауарлар мен қызметтерді сатып алғаны үшін төлемдер келіп түседі. Үй шаруашылықтары үшін бұл ақшалай төлемдер шығындары, ал фирма-лар үшін табыстары болып табылады.

Сонымен, бұл суретте жабық экономикадағы нақты игіліктер ағыны мен ақшалай ағындардың шеңберлі айналымы көрсетілген.

10.3 Ұлттық шоттар жүйесіндегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және оларды есептеу әдістері

Экономикалық теория ұлттық өндірістің жиынтық көлемі мен нәтижелерін өлшеу үшін ұлттық шоттар жүйесін және оның құрамындағы агрегатталған макроэкономикалық көрсеткіштерді қолданады.

Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) – бұл елдің экономикалық қызметінің жалпы нәтижелері туралы көрсеткіштерді алу үшін құрылатын кестелер мен есеп-шоттар түріндегі өзара байланысқан статистикалық көрсеткіштердің жүйесі. ҰШЖ-н алғаш рет американдық экономист, Нобель сыйлығының иегері (1901-1985) Саймон Кузнец жасаған. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап ол Біріккен Ұлттар Ұйымымен мақұлданып, барлық елдерге стандартты жүйе ретінде ұсынылды. ҰШЖ-не кіретін әртүрлі көрсеткіштер ұлттық өндірістің деңгейін белгілі бір уақыт мезетінде өлшей алады, экономиканың қызмет етуіне әсер ететін факторларды ашып көрсете алады, экономиканың болашақтағы даму үрдістерін анықтай алады, мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыруға және оны жүргізуге мүмкіндік береді. Сәйкесінше, ҰШЖ ұлттық экономиканың тепе-теңдік жағдайын және оның жағдайына әсер ететін экономикалық саясаттың жай-күйін анықтайды. ҰШЖ-де бір жағынан, қолда бар ресурстардың жалпы көлемі, ал екінші жағынан, сол ресурстардың қолданылу деңгейі анықталады. Ол экономикалық қатынастарға қатысушылардың арасындағы жиынтық айырбас операцияларының тепе-теңдігін көрсетеді.

ҰШЖ құрамында жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) аса маңызды көрсеткіш болып табылады. ЖІӨ - бұл бір жыл ішінде белгілі бір елдің территориясында өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық ақшалай құны. ЖІӨ-ді дұрыс есептеу үшін берілген жылы өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің құны есепке алынуы тиіс, яғни бұл жерде қайта есептеу болмау керек. Бұл соңғы игіліктер үй шаруашылықтары немесе фирмалар шеңберінде тұтынылады және аралық өнімдерге қарағанда қайта өңдеуге қатыспайды. Мысалы, азық-түлік тауарлары, кір жуғыш машиналар, шаштараз қызметі, т.б. Ал осылармен салыстырғанда, мәселен, нан зауытының нан пісіру үшін сатып алатын ұн өнімі аралық өнім болып табылады.

ЖІӨ көрсеткішінің құрамына кейбір келісімдер бойынша жасалған құндар кірмейді:

1. Бір жыл ішінде жасалған өндірістік емес келісімдерді есепке алмайды. Оларға таза қаржылық келісімдер мен ұсталған тауарларды сату жатады. Қаржылық келісімдердің үш түрі орын алады: а) мемлекет-тің трансферттік төлемдері (сақтандыру жарналары, жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар, зейнетақылар, шәкіртақылар, т.б.); ә) жеке трансферттік төлемдер (студенттерге ата-анасының ақша аударуы, туыстарының берген сыйлықтары, т.б.); б) құнды қағаздар бойынша келісімдер (акцияларды, облигацияларды сату-сатып алу, т.б.).

2. Бір жыл ішінде жасалған өндірістік емес қызметтің түрлерін есепке алмайды. Оларға үй шаруасындағы отбасылық жұмыстар, көршіге көмек беру, қайырымдылық қызметтері және қызметтің басқа да түрлері жатады.

3. Бір жыл ішінде жасалған қоғамға зиян алып келетін кейбір келісімдерді есепке алмайды. Мәселен, есірткіні сату.

ЖІӨ-ді есептеудің негізгі үш әдісі бар:

1. Қосылған құн әдісі. Қосылған құн көрсеткіші ЖІӨ-де қос есептеуді болдырмайды. Ол дайын игіліктерді сату құны мен материалдарды, шикізаттарды, құрал-жабдықтарды, басқа да ресурстарды сатып алу құны арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Басқаша айтқанда, қосылған құн – бұл фирманың басқа фирмалардан сатып алып тұтынған шикізаттары мен материалдардың құнын алып тастағандағы өнімінің нарықтық бағасы. Елдегі барлық фирмалардың өндірген қосылған құндарын қосу арқылы ЖІӨ-ді анықтауға болады, яғни ол соңғы нәтижесінде шығарылған тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнын сипаттайды.

2. Шығындар әдісі бойынша ЖІӨ-ді есептеу. Шығындар негізінде ЖІӨ-ді есептеу кезінде ұлттық экономика масштабындағы барлық экономикалық субъектілердің шығындары есепке алынады:

1) Үй шаруашылықтарының тұтынушылық шығындары (C).

2) Фирмалардың жалпы жеке инвестициялары (I).

3) Мемлекеттік шығындар (G).

4) Таза экспорт (NX).

Осы шығындар ЖІӨ көлемін (Y) құрайды және ол жылдық өндірістің нарықтық бағасын көрсетеді:

Y = C + I + G + NX.

Бұл формула негізгі макроэкономикалық теңдестік деп аталады.

3. Табыстар бойынша ЖІӨ-ді есептеу әдісі. ЖІӨ-ді осы әдіс арқылы факторлық табыстардың жиынтық сомасы деп қарастыруға болады. Жалақы, пайыз, рента, пайда сияқты факторлық табыстардың есепке алынуымен қатар, жанама салықтар, амортизация, меншіктен түскен табыстар, бөлінбеген пайда көрсеткіштері де ЖІӨ-ге жатқызылады.

Шығындар мен табыстар бойынша есептелетін ЖІӨ-ді төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]