Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ET_Dosmaganbetov_N_S.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.86 Mб
Скачать

1. Айналмалы капитал қаражатының айналу коэффициенті:

Кайналым = Ө / Қ

Мұнда, Ө - белгілі бір кезеңдегі өнімнің сатылу құны (сатудан түскен түсім); Қ – сол кезеңдегі айналмалы капитал қаражатының орташа қалдығы.

Егер сатудан түскен түсім бір жылда 200 млн. теңгені құраса, ал айналым қаражатының орташа қалдығы 40 млн. теңге болса, онда айналу коэффициенті 5-ке тең болады:

Кайналым = 200 / 40 = 5.

Демек бір жылдағы айналым қаражатына салынған әр теңге 5 рет айналысқа түскен.

2. Айналым қаражатын бекіту коэффициенті:

Кбекіту = 1 / Кайналым

Келтірілген мысал бойынша:

Кбекіту = 40 / 200 = 0,20.

Бұл тауарды сатқаннан кейінгі түсімнің 1 теңгесіне шаққандағы айналым қаражатының орташа қалдық сомасын анықтайды, мысал бойынша ол 20 тиынға тең.

3. Материал қайтарымдылығы:

МҚ = Өндіріс / М

Мұнда, Өндіріс - өндіріс көлемі; М – шикізат, отын, энергия, т.б.

4. Материал сиымдылығы:

МС = М / Өндіріс.

Бұл көрсеткіш материал қайтарымдылығы шамасына кері көрсеткіш болып табылады.

Кез-келген кәсіпкер үшін өз капиталының үнемі қорланып отыруы өте маңызды болып табылады. Капиталдың қорлануы екі түрде жүзеге асады:

1) капиталдың шоғырлануы – бұл үстеме құн есебінен капитал мөлшерінің өсуі;

2) капиталдың орталықтануы – бұл капиталдың бірнеше жолмен ірілену үдерісі.

Өндірістік тәжірибеде капиталдың қорлануы өндіріске инвести-ция (күрделі қаржы) тартумен жүзеге асырылады. Инвестиция – бұл кәсіпкердің ұзақ мерзімді кезеңде пайда табу мақсатында негізгі капиталға, жаңа құрылысқа, құрал-жабдықтарға, кәсіпорынның өндірістік ауқымын ұлғайтуға, өндірісті техникалық қайта жабдық-тауға, тұрғын үйге күрделі қаржы құюы.

Инвестицияның қайнар көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындардың пайдалары, ірі банктердің еркін ақша қорлары, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қоры жатады. Ал инвестиция салудың артықшылықтарына жұмыссыздықтың жойылуын, ұлттық табыстың ұлғаюын, өндіріске қосымша жұмыс күшін тартуды жатқызады. Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін өндіріске салынған күрделі қаржыны күтілетін нәтижемен салыстыру қажет.

7.4 Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы

Шағын және орта кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы. Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің (ҚРСА) мәліметтері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің ЖІӨ-ге қосқан үлесі 2011 жылы 22%-ға жетті. Бұл төмен көрсеткіш болып табылады. Сондықтанда мемлекет 2020 жылға ШОК-ң ЖІӨ-гі үлесін 10%-ға дейін арттыру міндетін айқындап отыр. Дамыған елдермен салыстырғанда (мәселен, Германияда – 57%, Ұлыбританияда – 52%, АҚШ-та – 52%, Францияда – 50%) отандық ШОК-ң ЖІӨ-гі үлесінің тым төмен болуы сол үлестің үлкен бөлігін ірі бизнестің жасайтындығымен (мұнай-газ және тау-кен секторларында қамтылған 7% ірі бизнес ЖІӨ-нің 75%-дан астамын өндіреді) түсіндіріледі. Бұл жағдай отандық бизнес құрылымының көп бөлігінің шикізат салаларында шоғырланғандығын айғақтайды.

ҚРСА деректеріне сүйенсек, 2012 жылдың 1-сәуіріне сәйкес тіркелген ШОК субъектілерінің саны 1 373 414 бірлікті құрады, соның ішінде, шағын бизнестің кәсіпорындары – 220 549 (16%), жеке кәсіпкерлер – 954 506 (69,5%) және шаруа (фермерлік) қожалықтары – 198 359 (14,5%) болды.

Республика бойынша 2012 жылдың 1-сәуіріне сәйкес, ШОК-те жұмыспен қамтылғандардың саны 2 664 306 адамды құрады, соның ішінде, шағын бизнестің заңды тұлғалары 738 894 адам, орта бизнестің заңды тұлғалары 657 927 адам, жеке кәсіпкерлер 877 448 адам, шаруа қожалықтары 390 037 адам болды. Ал экономикалық белсенді халықтан (8 774 638 адам) ШОК-те қамтылғандардың үлесі 30,4%-ды құрады. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында ШОК субъектілерінің шығарған өнім көлемі 1 374 932 млн. теңгеге жетті.

Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштері. Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингісінде елдің бизнес-ахуалы 2008 жылы 64 орынды, 2009 жылы 63 орынды, 2010 жылы 58 орынды, 2011 жылы 47 орынды иеленді. Бұдан басқа, Қазақстан 2010 жылы кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін қолайлы жағдайлар жасауда ең жақсы нәтижелерге жету бойынша 10 елдің ішінен 1-орынға шықты.

Doing Business рейтингісінде 2011 жылы бизнесті ашу, меншікті тіркеу, инвесторларды қорғау, салық салу, келісімдерді орындау және кәсіпорындарды жою сияқты маңызды салалар бойынша Қазақстан алдыңғы 50 елдің қатарынан табылды.

ШОК субъектілерін қаржылық қолдау шаралары. Кәсіпкер-лікті дамыту комитеті «Даму» Қорымен бірге «Бизнестің жол картасы – 2020» Мемлекеттік Бағдарламасын (әріқарай – Бағдарлама) жүзеге асырып жатыр. Бағдарламаның мақсаты болып шикізаттық емес секторларда аймақтық кәсіпкерлікті тұрақты және теңгерімді дамыту, сонымен қатар, іс жүзіндегі жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жаңа жұмыс орындарын ашу табылады.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында жалпы сомасы 350 456,9 млн. теңгеге 1 112 жоба субсидияландырылды. Жобалардың басым бөлігі мына салаларда орын алды, яғни агроөнеркәсіптік кешен – 265 жоба, көлік пен қоймалау – 223 жоба, жеңіл өнеркәсіп пен жиһаз өндірісі – 160 жоба.

2012 жылдан бастап Бағдарламаға төмендегідей қаржы құралдары енгізілді:

1. Несиелендіруді кепілдендірудің жаңа жүйесі, бұл кәсіпкерлердің несие ресурстарына деген қол жетімділігін жақсарту мақсатында әзірленді.

2. Жаңашылдығымен ерекшеленген жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асырушы өз ісін енді бастаушы кәсіпкерлерді қолдау.

«Жұмыспен қамту – 2020» Мемлекеттік бағдарламасы шеңбе-рінде шағын несиелерді беру және оқыту бағдарламаларын жүргізу арқылы ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету шаралары да жүзеге асырылады. Бұл Бағдарламаға қатысушыларға 2011 жылы микрокредиттік ұйымдар арқылы 3 569 млн. теңге көлемінде шағын несие берілді. Жалпы алғанда, Бағдарламаның 1 435 қатысушысы несие ресурстарымен қамтамасыз етілді. Шағын несиенің орташа көлемі 1 862 мың теңгені құрады.

ШОК субъектілерін қаржылық емес қолдау шаралары. Қазіргі уақытта, «Бизнестің жол картасы - 2020» Мемлекеттік Бағдарламасы «Кәсіпкерліктің әлеуетін күшейту» деген бағытын жүзеге асырып жатыр. Бұл бағыт шеңберінде ШОК-ті мемлекеттік қолдау өз ісін жаңа бастаушы кәсіпкерлерді қолдаудан (старт-ап жобалар), іс жүзіндегі бизнесті сервистік қолдаудан, ШОК-ті топ-менеджментке үйретуден, «Іскерлік байланыстар» жобасын жүзеге асырудан тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]