
- •Физика пәнінен емтихан сұрақтарының тізімі
- •18. Радиусы 12 м болатын шеңбер жасап қозғалған дененің орын ауыстыруын анықтаңыз.
- •86. Серпімді деформацияланған дененің деформациясын 2 есе кеміткенде оның потенциалдық энергиясы қалай өзгереді?
- •104. Денеге басқа денелер тарапынан болатын әсер етуші шама қалай аталады ?
- •105. Инерция моменті 50 кгм2 болатын денеге 400 нм күш моменті әсер етеді. Дене қандай бұрыштық үдеумен айналады ?
- •123. Тербеліс периодын 4 есе азайтқанда толқын ұзындығы қаншаға өзгереді?
- •125. Тербеліс периодын 4 есе азайтқанда толқын ұзындығы қаншаға өзгереді?
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Физика және химия кафедрасы
Мамандық 5В080600 «Аграрлық техника және технологиялар»
Физика пәнінен емтихан сұрақтарының тізімі
1. Материалдық нүкте дегеніміз – есептің берілген шартында ...
2. Қозғалыстағы дене жылдамдығының бірлік уақытта модулі бойынша өзгеруін сипаттайтын физикалық шама ...
3. Дененің сызықтық және бұрыштық жылдамдықтары арасындағы байланыс:
4. Тыныштық күйден қозғала бастаған дененің үшінші секундтың аяғындағы жылдамдығы 3м/с. Қозғалыс басынан қанша уақыт өткенде дененің жылдамдығы 9м/с болады?
5. Автомобиль жолдың бірінші жартысын 100 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 60 км/сағ жылдамдықпен өтті. Автомобильдің орташа жылдамдығы:
6. Горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дене траекториясының ең жоғарғы нүктесінде үдеу қалай бағытталады?
7. Радиусы 12 м болатын шеңбер жасап қозғалған дененің орын ауыстыруын анықтаңыз.
8.Нүкте қозғалысының теңдеуі: x=46t+t3, 0,5 c уақыттағы оның үдеуі:
9. Берілген формула a = v2/r қандай шаманы анықтайды ?
10. Нормаль үдеудің дәлірек анықтамасын көрсетіңіз
11. Нормаль үдеудің бағыты қалай бағытталады ?
12. Тыныштықта тұрған дене жылдамдығын 5 с уақыт ішінде 10 м/с-қа жеткізді. Үдеуі қандай ?
13. Х осінің бойымен қозғалған дененің жылдамдығы уақыт бойынша v=10+4t заңымен өзгереді, 5 с өткеннен соң орташа жылдамдығы неге тең?
14. Қатты дененің айналмалы қозғалысы үшін Ньютонның екінші заңы қалай жазылады ?
15. Ауырлық күшінің формуласын көрсетіңіз ?
16. Ньютонның үшінші заңы қай санақ жүйесінде орындалады?
17. Тарту күші 100 Н-ға тең ракета 10 м қашықтыққа орын ауыстырады, осы кездегі ракета қозғалтқышының жұмысын анықтаңыздар.
18. Радиусы 12 м болатын шеңбер жасап қозғалған дененің орын ауыстыруын анықтаңыз.
19. Екеуі де вектор болатын физикалық шамаларды көрсетіңіз.
20. Потенциалдық энергия:
21. Дененің кинетикалық энергиясы 100 Дж және импульсі 40 кг·м/с. Дененің массасы неге тең?
22. Адам бір минутта 100 қадам жасайды. Қадамның ұзындығы 60 см. Адамның қозғалыс жылдамдығын м/с – пен анықтаңыздар.
23. Мына тендеумен берілген дене қозғалысының үдеуін анықтаңыздар X=20+2t - 4.5t2
24. Проекциялары vх = 4 м/с, vу = 1 м/с жылдамдықтың модулі қандай?
25. Материалық нүктенiң жүрген жолының сол жолды жүруге кеткен уақытына қатынасын ...
деп атайды.
26. Массасы m дене көлбеу жазықтықта тыныш тұр. Жазықтық горизонтпен α бұрышын жасайды. Үйкеліс коэффициентіµ. Жазықтық жағынан денеге әсер ететін үйкеліс күшінің шамасы:
27. Денеге басқа денелер тарапынан болатын әсер етуші шама қалай аталады ?
28. Цилиндрдің инерция моменті.
29. Берілген теңдеу көмегімен жылдамдық теңдеуін жазыңыз S = 0.1 t + 0.2 t2
30. Орын ауыстыру дегеніміз не?
31. Үйкеліс күшінің теңдеуі:
32. Дене импульсінің формуласы:
33. Нүктенің қозғалыс теңдеулері х=3t, y=t2 түрінде берілген. t=2 c кезіндегі нүктенің жылдамдығын анықтаңыз.
34. Жүрілген жол деген не?
35. Қандай заң берілген S mv =Const.
36. Массасы 0,6 кг дене радиусы 10 см шеңбер жасап қозғалады. Дене шеңберді толық 3 рет айналғандағы орын ауыстыруы неге тең болады?
37. Қандай қозғалыста дененің жылдамдығы шамасы жағынан тұрақты болады ?
38. Қозғалыс теңдеуі берілген S =20 t+0.2t2 . Осындағы 20 саны нені көрсетеді ?
39. Массасы 0,5 кг дене 4 м биіктіктен 8 м/с2 үдеумен құлаған. Дененің импульсінің өзгерісі қандай?
40. Қандай жағдайда дененің потенциалдық энергиясы Жерге қатысты тұрақты болып қалады, ал кинетикалық энергиясы өзгереді?
41. Ньютонның 2-заңы басқаша қалай айтылады ?
42. Инерция моменті 50 кгм2 болатын денеге 400 Нм күш моменті әсер етеді. Дене қандай бұрыштық үдеумен айналады ?
43. Дененің бір нүктесіне 3 Н және 4 Н екі күш түсірілген. Осы күштердің арасындағы бұрыш /2. Осы күштердің тең әсерлі күшінің модулін табыңыз.
44. Дене көкжиекпен 600 бұрыш жасайтын көлбеу жазықтықпен сырғанайды. Үйкеліс коэффициенті 0,2-ге тең. Дененің үдеуі неге тең? (g=10 м/с2).
45. Бекітілген осьті айнала қозғалатын дененің кинетикалық энергиясының формуласын көрсетіңіз.
46. Егер теміржол вагонының буферінің пружинасын 1 см-ге қысу үшін 30 кН күш қажет болса, оны 4 см-ге қысу үшін қандай күш қажет?
47. Штейнер теоремасы үшін жазылған өрнекті көрсетіңіз.
48. «Материалдық нүкте өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сыртқы күштер әсер еткенше сақтайды». Бұл:
49. Үйкеліс күшінің формуланы көрсетіңіз.
50. Ілгерілемелі қозғалыстағы дененің инерттілік өлшемі …. деп аталады.
51. Бұрыштық жылдамдығы 0,5 с-1, айналып тұрғын маховикті тоқтату үшін қандай жұмыс жасау керек? Маховиктің айналу өсіне қатысты инерция моменті 4·10-4 кг·м2.
52. Дене радиусы R=4м болатын шеңбер бойымен v = 6 м/с жылдамдықпен бірқалыпты айналады. Дененің үдеуін анықтаңыз.
53. Тас 80 м биіктіктен еркін құлады. Тастың түсу уақытын анықтаңыздар.
54. Ньютонның екінші және үшінші заңдары:
55. Деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы:
56. Тангенциал үдеудің бағыты қалай бағытталады ?
57. Егер бастапқы жылдамдығы 1 м/с екенін ескеріп, 1 с-та жылдамдығын екі есе арттырса, массасы 1 кг денеге қандай күш әсер етеді?
58. Дененің инерттілігін анықтайтын шама:
59. Консервативті күш дегеніміз:
60.Айналып тұрған дененің айналу осіне қатысты импульс моменті есептелетін өрнек:
61.Бұрыштық жылдамдық:
62. Қозғалыс теңдеуі S = 15t0,4t2 берілген дене жылдамдығының өрнегі:
63. Бастапқы жылдамдығы 36 км/сағ автомобиль бір қалыпты қозғала отырып, 20 c өткен соң тоқтады. Автомобильдің үдеуін және тежелу уақыты ішінде жүрген жолын табыңыз.
64. Динамиканың негізгі теңдеуін көрсетіңіз.
65. Материалдық нүктенің инерция моменті.
66. Дене 100 метр жолды 10 секундта өтті. Жолдың алғашқы 6 метрін 2 секунд ішінде өтті, содан кейін тоқтап 3 секунд бойы тұрды. Оның осы жолдағы орташа жылдамдығы қандай?
67. Берілген санақ жүйесінде қозғалыстағы материалдық нүктенің жүріп өткен сызығы не деп аталады?
68. Келтірілген өрнектердің қайсысы ілгерілемелі қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі болып табылады?
69. Тұрақты 2 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналып тұрған дөңгелектің шетіндегі нүктелердің сызықтық жылдамдығы 40 м/с. Дөңгелектің радиусы:
70. Массасы 2 кг денеге 30 Н және 40 Н екі күш әсер етеді. Егер күштер өзара 900 бұрыш жасаса, дененің үдеуі қандай болады?
71. Насос двигателі 10 минут ішінде 20 м3 суды 6 м биіктікке көтерді. Двигательдің қуатын анықтаңыздар (g = 9,8 м/с2).
72. Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы- ...
73. Дене 15 м/с жылдамдықпен жоғары вертикаль лақтырылған. Ол қандай жылдамдықпен жерге түседі? Ауаның кедергісін ескермеңіз.
74. Серпімді деформацияланған дененің деформациясын 2 есе кеміткенде оның потенциалдық энергиясы қалай өзгереді?
75.
Берілген теңдеу
қалай аталады?
76. Тербеліс периодын 4 есе азайтқанда толқын ұзындығы қаншаға өзгереді?
77. Келтірілген сурет бойынша қисық сызықты үдемелі қозғалыстағы материалдық нүктенің толық үдеуінің бағытын көрсетіңіз. Қозғалыс сағат тілі бағытымен.
1
5
2 3 4
78. Дене белгілі бір биіктіктен құлады. Жерге құлаған кезде оның жылдамдығы 30 м/с болды. Дене қандай биіктіктен құлағанын анықтаңыз.
79. Егер денеге әер етуші күштердің векторлық жиыны нольге тең болса, ол қалай қозғалуы мүмкін?
80. Дене горизонтқа бұрыш жасай қозғалып барады. Дененің қозғалысы кезінде төменде келтірілген қай шама сақталады? Ауа кедергісі жоқ.
81.
Жүрілген жолы S,
айнымалы
күштің жасайтын жұмысы неге тең (FS
-күштің қозғалыс бағытындағы проекциясы)?
82. Дененің инерттілігін сипаттайтын шама:
83. Егер шеңбер бойымен бірқалыпты айнала қозғалған дененің сызықтық жылдамдығын қозғалыс барысында 2 есе көбейтсе, онда оның нормаль үдеуі қалай өзгереді? Шеңбердің радиусы өзгермейді деп есептеңіз.
84. Жылдамдықтың модулі және бағыты бойынша өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын кинематикалық шама:
85. Келтірілген формулалардың қайсысы Ньютонның 2-заңын білдіреді?