
- •Қоршаған ортаның физикалық факторлары, сипаттамасы және оның адам ағзасына әсері
- •Микроклиматты және ауаның басқа параметрлерін анықтауға арналған құралдар. Құрылымы, анықтау және жұмыс жасау ережесі, нормативтері
- •Кесте 2. Өңделу процесі кезіндегі суда түзілетін химиялық заттар
- •Кесте №4. Ауыз суының радиациялық қауіпсіздік көрсеткіштері
- •Кесте №5. Ауыз судағы зиянды заттардың тізімі және олардың құрамына гигиеналық нормативтер
- •Кесте №6. Ауыз суы сапасының микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері
- •Кесте №7. Су алу орындарында алынған су сынамаларының саны мен алу кезектілігі
- •Кесте 8. Таратушы желіге түспестен бұрын зерттелетін ауыз су сынамаларының саны мен көрсеткіштер тізімі
- •Кесте №9. Микробиологиялық және органолептикалық зерттеулерді жүргізуге үшін алынатын таратушы құбырлар желілеріндегі сынамалар саны
- •Топырақ маңызы. Өздігінен тазару процесі. Топырақ эпидемиологиясы
- •Сараптамаға топырақ сынамасын алу және даярлау. Топырақтың зертханалық сараптамасы
- •Кешенді интегралдық бағалау және халық денсаулығына қоршаған ортаның ластану қауіптілік дәрежесін анықтау үшін кешенді интегралдық бағалаудың мәні
- •Атмосфералық ауа ластануын интегралдық бағалау
- •Кешенді көрсеткіш бойынша атмосфераның ластануын бағалау (р)
- •Кесте 11. Ингредиенттердің әр түрлі саны кезіндегі «р» кешенді көрсеткіші бойынша атмосфералық ауа ластануының деңгейі
- •Су ластануын интегралдық бағалау
- •Кесте 12. Шаруашылық ауыз су және мәдени тұрмыстық су қолдану жағдайларын эпидемиологиялық бағалау
- •Кестe 13.Су ластану дәрежесі келесі критерийлер бойынша бағаланады:
- •Топырақ ластануын интегралдық бағалау
- •Қоршаған орта ластануын кешенді интегралдық бағалау
- •Халық денсаулық көрсеткіштерін интегралды бағалау
- •Орта мен денсаулықтың өзара байланысын бағалау әдістері (корреляциялық, дисперсиялық және регрессиялық талдау)
Сараптамаға топырақ сынамасын алу және даярлау. Топырақтың зертханалық сараптамасы
Табиғи жағдайларда топырақ үлгілерін таңдау және оларды зертханалық зерттеуге даярлау әдістеменің негізгі сұрағы болып табылады, себебі, кейінгі анықтамалардың барлығы осыдан тәуелді болып келеді. Барынша ластануға жататын жер телімдерін шығаруға мүмкіндік беретін және, керісінше өзінің санитарлық жағдайы бойынша жақсы жер телімдерін шығаруға мүмкіндік беретін топырақ сынамаларын алу үшін орындарды дұрыс белгілеу қажет. Бұл үшін бір немесе бірнеше жер телімдерін ластану көзінен жақын жерлерден таңдайды, ал екіншісін – ол жерден алыс орыннан таңдайды. Топырақ сынамасын алу тереңдігін топырақ сипаттамасынан, міндетінен және лабораториялық зерттеу түрлерінен тәуелді таңдайды.
Топырақтың механикалық және химиялық құрамын анықтау үшін сынаманы 0,25 м тереңдікте, 25 кв.м. алаңды телімде диагональ бойынша 3-5 нүктелерде жүргізеді, ал қажет болған жағдайда – 0,75-1 м тереңдікте алады. Сынаманы бурмен немесе күрекпен алады, жақсылап араластырады және әр гаризонттан алынған алынған сынамаларды салмағы шамамен 1 кг-дай орташа біртұтас сынаманы құрайды, оны қабығы бар банкіге салып, сыртына нөмір қойып, сынама алған уақыты мен орнын, тереңдігін, сынама алған уақыттағы метеорологиялық ерекшеліктерді, топырақта не анықтау қажет екендігін көрсете отырып, қосымша құжатпен бірге зертханаға жібереді.
Зертханада топырақты өлшейді, араластырады, елейді, және зерттеу мақсатына байланысты табиғи түрде немесе ауалық-құрғақ талдауға береді, ол үшін бөлме температурасында ауада топырақты кептіреді, оны әрі қарай диаметрі бір мм болатын тесікті ситода қосымша елейді. Табиғи жаңадан алынған топырақтың талдауына бірден кіріседі, себебі, топырақтағы жалғасушы биохимиялық процестердің күшіне қарай топырақта мәнді өзгерістер болуы мүмкін.Топырақты дәл сол күні зерттеуге мүмкіндік болмаған жағдайда, оны бірнеге күн тоңазытқышта немесе консервтік заттарды қоса отырып сақтауға болады.
Топырақтың бактериологиялық талдауға сынамасын алу үшін ауданы 25 кв.м болатын жер телімінің 3-5 нүктесінен стерильді құралдармен 200-300 г көлемде алады, оларды стерилденген банкіге салып, одан орташа сынаманы құрастырады. Сынаманы бактериалдық ластану болды-ау деген тереңдіктен алады. Тұрғылықты жерлерден алдымен тереңдігі 20 см болатын топырақтың беткі қабаттарын зерттеу қажет. Жазықтық жер телімдерінен сынаманы 20 см тереңдікте алады. Топырақ ластануының жер асты және жер үсті суларына әсерін зерттеу кезінде сынаманы 0,75-2 м тереңдікте алу қажет. Соңғысында Некрасов бурын қолданады, егер ол болмаған жағдайда шұңқыр қазып, оның әр жағынан сынаманы стерилді күрекпен немесе пышақпен алады. Шаруашылық-тұрмыстық қалдықтарды топырақ әдісімен заласыздандыруды бақылау кезінде топырақтың физикалық қасиетіне қарай сынаманы 25, 100 және 150 см тереңдіктерден алады.
Топырақ сынамасы салынған банкілерді мақта қабықпен жауап, қағазбен орап, байлайды. Банкіні нөмірлейді, керекті мәліметтерді жазып (ауа және топырақ температурасы және т.б.), тез арада зертханаға жібереді. Банкі болмаған жағдайда, топырақ сынамасын стерильді полиэтиленді пакеттерге немесе стерильді пергаментті қағаздарда жеткізуге болады. Зертханада топырақты қағаз бетіне стерелизация жасалған кептіргіш шкафқа төгеді, топырақтың ішінен әйнек, тамырлар және т.б. заттардан тазалайды, топырақтың ірілеріне езеді, мұқият араластырады және осыдан әрі қарай зерттеуге сынама алады. Егерде топырақты зертханаға жеткізген бойдан бактериологиялық зерттеу жасау мүмкін болмаған жағдайда тоңазытқышта 1-5 р.Скем дегенде 18 сағат сақтауға болады, себебі олай сақталмаған жағдайда осы уақыт ішінде микрофлора құрамында өзгерістер болады.
Санитарлық-вирусологиялық талдау үшін алдымен беткі қабат үлгілерін алады, себебі табиғи жағдайда энтеровирустар ең бастысы, топырақтың жоғары қабаттарында адсорбцияланады. Г.А.Багдасарьянның айтуы бойынша, сынамаларды 0-20 см тереңдіктен жүйек пен терең ажымнан бөлек алады, ал энтеровирустардың топыраққа терең енуін анықтау үшін 50 және 100 см тереңдіктен алады. Сынаманы алу әдістемесі бактериологиялық зерттеу үшін сынама алу кезіндегі қолданылатын сынама алуға ұқсас; сәйкесінше, осы немесе басқа талдау жасау үшін бір топырақ сынамасын қолдануға болады.
Сынаманы алғашқы өңдеуді сынаманы зертханаға жеткізген бойда В күні жүргізу қажет. Талдауда келесі күнге қалдыруға болады, бірақ арасында 24 сағаттан аспауы қажет және сынаманы А гр.С жағдайында тоңазытқышқа сақтау қажет. Барынша ұзақ уақыт сақтау энтеровирустар титрасының төмендеуіне және олардың шығу мүмкіндігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Топырақтың санамасын гелминтологиялық талдау үшін 2-10 см тереңдікте және бөлек алады, себебі, тереңдікке байланысты гельминтер жұмыртқалары әр мерзім арасында өмір сүреді. Әрқайсысы 50 кв.м болатын ауданнан диагоналі бойынша әр жерден салмағы шамамен 100 гр болатындай кем дегенде 10 сынама алады және олардың ішінен әр горизонт үшін бөлек салмағы шамамен 1 кг болатын орташа сынаманы құрайды.
Жер беті қабаттарынан топырақ сынамасын метал шпательмен, ас қасықпен немесе қалақпен алады, ал тереңдіктен – бурмен немесе күрекпен алады. Сынамаларды алады және қақпағы бар шөлмек банкілерге немесе целлованды пакеттерге салады, ал ыдысқа уақытын, сынама алған орнын, сыртқы келбетін және басқа да белгілерін көрсете отырып жабдықтайды. Зертханаға жеткізген бойда шөлмек банкілерде сақталмаған топырақты шөлмек банкіге салып, мұқият араластырып, ірі бөлшектерін алып тастайды. Талдауды жуық арадағы күндер ішінде жасайды; егерде ол мүмкін болмаған жағдайда, алынған сынамаларға физиологиялық сұйықтыққа 3 пайыз формалин сұйықтығын құяды немесе 3 пайыз тұз қышқыл сұйықтығыны құйып, 18-24 гр. С температурада ашық банкіде сақтайды, оны аэрацияны жақсарту үшін жиі араластырады. Топырақ құрғаған кезде таза су құяды.
Топыратың сынамасын радиометрлік талдау үшін алу қойылған міндетке сәйкес жүргізіледі. Топырақтың радиоактивті ластануын анықтау үшін аталған ауданда ауданы шамамен 50 кв.м болатын бірнеше жер телімін таңдайды және әрқайсысының ортасында шамамен 1 кв.м ауданды жер телімінің шөп қабатын алып, қалыңдыңы 5 см мөлшері 10х10 см болатындай бөлшек түріндегі топырақ сынамасын кесіп алады. Сынаманы клеенка немесе пластикті материалға салып, сынама алған жерді, күнін және т.б. мәліметтерді көрсете отырыпы, зертханаға жібереді. Өсімдіктерді шамамен 75 грамдай алып, бөлек қаптайды.
Топырақты химиялық талдау үшін ПНД Ф 16.1.1-96 «Сынаманы термиялық ыдыратумен жалынсыз атом адсорбция әдісімен топырақ сынамасынан сынап концентрациясының массасын есептеуді орындау Әдістемесі» қолданылады. Бұл кезде топырақ сынамасында атомдық-адсорбциялық талдаумен сынаптың массалық концентрациясын өлшеу әдістемесі қалыптасады (жалынсыз атомдық адсорбция әдісі).
Топырақтың механикалық құрамын бағалау үшін әртүрлі мөлшерлі – 0,25 мм-ден 10 мм-ге дейін жететін жеке тесіктері бар елек құраушыларынан тұратын Кноппа елегі қолданылады. Тесіктердің әр мөлшеріне нақты елек размері сәйкес келеді. Алынған топырақ ұнтағы Кноппа елегінде еленеді, нәтижесінде жеке електерда әртүрлі мөлшерді бөлшектер қалады. Әр елек құрамын өлшеп, оның барлық сынама ұнтағына қатынасы бойынша пайыздық құрамын анықтап, оның механикалық құрамы анықталады.
Н.Качинский бөлшектерінің жіктелуіне сәйкес, белгілі бір електе ұсталған бөлшектер нақты бір топырақ типіне жатады:
3-10 мм тесіктері бар електе қалған – тастар және гравийлер;
1-3 мм тесіктері бар електе қалған – ірі құм;
1-0,25 мм тесіктері бар електе қалған – орташа құм;
Елек түбінде қалған – ұсақ құм және шаң.