Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMP_kaz_yaz_OS_novy_pervod_gulzia.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
147.85 Кб
Скачать

Микроклиматты және ауаның басқа параметрлерін анықтауға арналған құралдар. Құрылымы, анықтау және жұмыс жасау ережесі, нормативтері

Ауа температурасын өлшеу ылғалдылықты анықтаумен сәйкес келеді. Ауа температурасын оқшаулап анықтау ТМ-6 (өлшеу шегі 30-дан 500 С-ға дейін) типті сынап метерологиялық термометрмен немесе спирттік термометрмен жүргізіледі. Сонымен қоса, микроклиматты бағалау үшін «TESTO» маркасының бірнеше құралдарын да қолдануға болады. 3 функциялық қызметатқаратын testo-443 құрылғысы температураны, ылғалдылықты және ауа жылдамдығын өлшеуге арналған. Тesto-625 термогигрометр зонды немесе радиозондтың қосылу қосылмауына қарамастан ауа температурасы мен ауа ылғалдылығының көрсеткішін өлшейді.

Ылғалдылық нормасы. Қалыпты ылғалдылық тұрғын үйлерде 40-60% болып саналады. Әсіресе, физикалық жұмыс жасаған кезде, ауа температурасы 20гр.С-дан жоғары немесе 15 гр.С-дан төмен болған кезде кезде, ауа ылғалдылығы 30-400 С-дан жоғары болмау керек, ал температура 250 С-дан жоғары болса, ауа ылғалдылығы 20-25% төмендеген жақсы.

Құралдар. Ауа ылғалдылығын өлшеу үшін аспирациялық психрометрлер және қазіргі таңдағы сандық құрылғылар қолданылады.

Ауа қозғалыс жылдамдығының нормасы. Тұрғын үйлерде қалыпты жылдамдық 0,1-0,3 м/сек болып табылады. Дене шынықтыру залдарында ауа қозғалыс жылдамдығы 0,5 м/сек-ке дейін рұқсат етілген, ал өндіріс пен ыстық цехтарда 1-1,5 м/сек болуы қажет.

Ауа қозғалыс жылдамдығын өлшеу үшін әртүрлі құрылымдағы анемометрлер қолданылады. Анемометр типін анықтау өлшенетін ауа қозғалыс жылдамдығының мөлшерімен анықталады. Б типті АСО-3 қанатты анемометр ауа қозғалыс жылдамдығы шамамен 0,3-тен 0,5 м/с-ке дейін өлшесе, МС-130 кесетәрізді анемометр 1 ден 30 м/сек-ке жылдамдықты өлшейді.

Ауаның аз жылдамдығын өлшеу кезінде, әсіресе ауаның нақты бет алысы қиындағанда, 0,05-2 м/сек диапазонындағы жылдамдықты өлшеуге мүмкіндік беретін кататермометрлар қолданылады.

Соңғы жылдарда ауа қозғалыс жылдамдығы мен ауа температурасын өлшеу үшін электротермоанемометрлер қолданылады.

Барометрлік қысым миллиметрдегі сынап бағаны биіктігімен анықталады. Теңіз деңгейінде 0 гр.С температурада сынап бағанының биіктігі 760 мм және 45 градусты теңдестрілген атмосфералық қысым 1 атм.-ға тең қалыпты болып қабылданған.

Метерологиялық бекеттерде қысым өлшеу бірлігі ретінде миллибар (мб) қабылданған, бір миллибар 0,7501 мм сынап бағанына тең.

Атмосфералық қысым барометрмен, барометр-анероидпен, барографпен өлшенеді. Барометр-анероид қысым өзгерісін көрсетеді, барограф атмосфералық қысымның түсуін жазады.

Атмосфералық ауадағы зиянды заттар концентрациясын үздіксіз және автоматты бақылау үшін әмбебап ГАНК-4 газоанализатор қолданылады.

ЭСПИ-301 құрылғысы электростатикалық кеңістіктің (ЭСК) биологиялық қауіпті дәрежесін ГОСТ 12.1.045-84-ке сәйкес өлшеу үшін арналған.

Ауа ортасынан сынама алу аспиратор қажет, газ сынамаларын алу және сору үшін құрал ретінде АМ-0059 аспираторы қолданылады. Аталған аспиратор химиялық және экологиялық апат кезінде ауадағы зиянды заттардың құрамын жедел анықтау кезінде зерттелетін газ қоспасын индикаторлы құбырлар арқылы сору үшін арналған. Аспиратор ГОСТ Р51330.0-99 талаптарына сәйкес келеді және 1ExibIIBT4 жарылыс қорғаныс маркасына ие.

Акустикалық көпфункциональды ЭКОФИЗИКА өлшегіші (интеграцияланатын шумомер – виброметр) әртүрлі физикалық өлшемдерді өлшеу үшін: дыбыстық қысымды, виброжылдамдату, электрлік қысым және т.б.қолданылады.

Қоршаған орта нысындарында және биологиялық материалдарда сынапты атом-адсорбцилық анықтау үшін химиялық факторларды бақылау әдістемесі енгізілді, бұл үшін 4.1.1468-1472-03 Әдістемелік нұсқаулықта бар. УКР-1МЦ Модульдік типтегі талдамалы құрылғы әмбебап сынап метрлік кешен – модульдік типтегі аналитикалық құрал ауадағы, судағы, ерітіндідегі, топырақтағы, тағам өнімдеріндегі және басқа да нысандардағы сынаптың құрамын кең деңгейде табиғи құрам концентрациясынан деңгейге дейінгі құрамын анықтауға мүмкіндік береді.

Су – орта факторы ретінде. Су бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету саласындағы нормативті актілер

Ағзаның барлық өмір сүру процесіне, жұмысқа қабілеттілікке, аурушаңдыққа көпжақты әсер ететін су қоршаған ортаның маңызды факторы болып табылады.

Ересек адамның ағзасы 66-70 % судан тұрады, оның 3,5 литрі қан плазмасымен өтсе, 10,5 литрі лимфа және жасушааралық сұйықтық арқылы жүреді.

Су ағзаға тағаммен (600-900 мл) және сумен (1,5 л) келіп түседі. Адамның тәуліктік су қажеттілігі 2,2-2,5 л. Су ағзадан бүйрек (1,5 л) арқылы, тер арқылы (400-600 мл.), тыныс алу кезінде (350-400 мл.) және нәжіспен (300-150 мл) сыртқы ортаға шығарылады.

Судың гигиеналық маңызы жоғары. Ол адам денесін, тұрмыс құралдарын, түрмыстық жағдайды және басқа да заттарды қажетті санитарлық жағдайда ұстау үшін қолданылады, климаттық жағдайларға, мәдениет пен тұрмыстық деңгейде халықтың демалыс жағдайына жағымды әсер етеді. минералды сулар сауықтыру мақсаттары үшін қолданылады. судың көп көлемі техникалық және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттар үшін шығындалады.

Судың минералдық құрамы инфекциялық емес табиғат ауруларының таралуымен байланысты ерте кезден бері өзіне көңіл аудартты.

Су сапасы бойынша негізгі нормативтер 18.01.2012 жылғы №104 Санитарлық ережелерде ҚР Үкіметінің жарлығымен «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су алу орындарына, шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге, мәдени-тұрмыстық суды қолдану орындарына және су нысандарының қауіпсіздігіне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» бекітілген.

Аталған «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су алу орындарына, шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге, мәдени-тұрмыстық суды қолдану орындарына және су нысандарының қауіпсіздігіне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережесі (әрі қарай – Санитарлық ереже) 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес құрастырылған және сумен қамтамасыз ету көздерін ластанудан қорғауға, ауыз сумен қамтамасыз ету көздерінсанитарлық қорғау аймақтарын шекарасын анықтауға, ауыз су сапасына, сумен қамтамасыз ету құралдары мен канализацияға, суларды дизенфекциялауға, ашық және жабық жылумен қамтамасыз ету жүйесіндегі орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыздауға, жеке ыстық сумен қамтамасыз ету желісіндегі жылумен қамтамасыз ету жүйелеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекітеді.

Ауыз судың химиялық заттарының жалпылама көрсеткіштері 1 кестеде көрсетілген.

Кесте 1.Химиялық заттардың жалпылама көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Нормативтер (шекті рұқсат етілген концентрация - ШРЕК) артық емес

Зиян-дылық көрсет-кіші

Қауіптілік класы

1

2

3

4

5

6

Жалпылама көрсеткіштер

1

Сутектік көрсеткіш

Бірліктер

6-9 шамасында

2

Жалпы минералдану (құрғақ қалдық)

мг/л

1000 (1500)

3

Жалпы қаттылық

мг-экв./л

7,0(10)

4

Перманганатты қышқылдану

мг/л

5,0

5

Мұнай өнімдері, соммарлы

мг/л

0,1

6

Беткейлі-активті заттар

(БАЗ), анинді-активті

мг/л

0,5

7

Фенолді индекс

мг/л

0,25

Бейорганикалық заттар

8

Алюминий (Аl 3+)

мг/л

0,5

с.-т.

2

9

Барий (Ва2+)

мг/л

0,1

c.-т.

2

10

Берилий(Ве 3+)

мг/л

0,0002

c.-т.

1

11

Бор (В, суммарно)

мг/л

0,5

c.-т.

2

12

Темір (Ғе, суммарно)

мг/л

0,3 (1,0)

орг

3

13

Кадмий (Сd, суммарно)

мг/л

0,001

c.-т.

2

14

Марганец (Mn, суммарно

мг/л

0,1 (0,5)

Орг

3

15

Мыс(Cu, суммарно)

мг/л

1,0

Орг

3

16

Молибден(Mo, суммарно)

мг/л

0,25

c.-т.

2

17

Мышьяк(As, суммарно)

мг/л

0,05

c.-т.

2

18

Никель(Ni, суммарно)

мг/л

0,1

c.-т.

3

19

Нитраттар(NО3бойынша)

мг/л

45

c.-т.

3

20

Сынап(Hg, суммарно)

мг/л

0,0005

c.-т.

1

21

Қорғасын(Pb, суммарно)

мг/л

0,03

c.-т.

2

22

Селен(Se, суммарно)

мг/л

0,01

c.-т.

2

23

Стронций(Sr2+)

мг/л

7,0

c.-т.

2

24

Сульфаттар(SO4)

мг/л

500

Орг

4

Климаттық аудандар үшін фторидтер (Ғ):

25

I және II

мг/л

1,5

c.-т.

2

26

III

мг/л

1,2

c.-т.

2

27

Хлоридтер(Cl)

мг/л

350

Орг

4

28

Хром (Cr6+)

мг/л

0,05

c.-т.

3

29

Цианидтар (CN~)

мг/л

0,035

c.-т.

2

30

Цинк (Zn2+)

мг/л

5,0

Орг

3

Органикалықзаттар:

31

-ГХЦГ (линдан)

мг/л

0,002

c.-т.

1

32

ДДТ (изомерлер суммасы)

мг/л

0,002

c.-т.

2

33

2,4-Д

мг/л

0,03

c.-т.

2

Ескерту:

1) норматив бекітілген заттардың лимиттеуші зияндылық белгісі: с.-т. – санитарлы-токсикологиялық, орг. – органолептикалық;

2) жақшада көрсетілген мөлшер нақты сумен қамтамасыз ету жүйесі үшін түрғылықты жердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бағалау негізінде және қолданылатын суды даярлау технологиясы негізінде сәйкесінше территориядағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің нұсқаулығы бойынша бекітіледі.

3) -ГХЦГ (линдан), ДДТ (изомерлер суммасы) 2,4-Д БДҰ (Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы) нұсқаулықтарымен сәйкес қабылданған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]