
- •Қоршаған ортаның физикалық факторлары, сипаттамасы және оның адам ағзасына әсері
- •Микроклиматты және ауаның басқа параметрлерін анықтауға арналған құралдар. Құрылымы, анықтау және жұмыс жасау ережесі, нормативтері
- •Кесте 2. Өңделу процесі кезіндегі суда түзілетін химиялық заттар
- •Кесте №4. Ауыз суының радиациялық қауіпсіздік көрсеткіштері
- •Кесте №5. Ауыз судағы зиянды заттардың тізімі және олардың құрамына гигиеналық нормативтер
- •Кесте №6. Ауыз суы сапасының микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері
- •Кесте №7. Су алу орындарында алынған су сынамаларының саны мен алу кезектілігі
- •Кесте 8. Таратушы желіге түспестен бұрын зерттелетін ауыз су сынамаларының саны мен көрсеткіштер тізімі
- •Кесте №9. Микробиологиялық және органолептикалық зерттеулерді жүргізуге үшін алынатын таратушы құбырлар желілеріндегі сынамалар саны
- •Топырақ маңызы. Өздігінен тазару процесі. Топырақ эпидемиологиясы
- •Сараптамаға топырақ сынамасын алу және даярлау. Топырақтың зертханалық сараптамасы
- •Кешенді интегралдық бағалау және халық денсаулығына қоршаған ортаның ластану қауіптілік дәрежесін анықтау үшін кешенді интегралдық бағалаудың мәні
- •Атмосфералық ауа ластануын интегралдық бағалау
- •Кешенді көрсеткіш бойынша атмосфераның ластануын бағалау (р)
- •Кесте 11. Ингредиенттердің әр түрлі саны кезіндегі «р» кешенді көрсеткіші бойынша атмосфералық ауа ластануының деңгейі
- •Су ластануын интегралдық бағалау
- •Кесте 12. Шаруашылық ауыз су және мәдени тұрмыстық су қолдану жағдайларын эпидемиологиялық бағалау
- •Кестe 13.Су ластану дәрежесі келесі критерийлер бойынша бағаланады:
- •Топырақ ластануын интегралдық бағалау
- •Қоршаған орта ластануын кешенді интегралдық бағалау
- •Халық денсаулық көрсеткіштерін интегралды бағалау
- •Орта мен денсаулықтың өзара байланысын бағалау әдістері (корреляциялық, дисперсиялық және регрессиялық талдау)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
МАРАТ ОСПАНОВ атындағы БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАЛПЫ ГИГИЕНА ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ҚОРШАҒАН ОРТА НЫСАНДАРЫМЕН ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ
Оқу-әдістемелік құрал
Ақтөбе 2012 ж.
УДК 614- 075 ББК 51 С 56
Рецензия берушілер: м.ғ.д.,профессор О.М.Құрманғалиев Ақтөбе облысының санэпидсараптау Орталығы директорының орынбасары, м.ғ.к., Будесова Ж.А.
Шарбаков А.Ж., Молдашев Ж.А., Мусабаева С.Ж., Байдосова Г.З., Алимбаев С.С.,Жумагазиева М.С., Наурызова А.А., Изенбаев Е.И., Тулегенова Г.А., Сраж Б.Б., Жетписбаева А.К., Орынбай Г.Қ.
ҚОРШАҒАН ОРТА НЫСАНДАРЫ МЕН ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ
Оқу-әдістемелік құрал. – Ақтөбе, 2012.-57 б.
Оқу құралында- қоршаған орта нысандары мен халық денсаулығына зертханалық зерттеуді үйрену және жүргізу бойынша ОСӨЖ және тәжірибелік сабақтардың тақырыптары ашылады. Бұл студенттерге әр түрлі орталардан сынамаларды дұрыс алуға, оны зертханаға жеткізуге және зертханалық сараптамаға даярлауға көмектеседі. Студенттер халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету аясында жаңа нормативтік актілерді және халық денсаулығы мен қоршаған орта нысандарының жағдайын бағалау әдістерін меңгереді.
Оқу-әдістемелік құрал медициналық ЖОО-ыныңқоғамдық денсаулық сақтау және медико- профилактикалық іс факультетінің студенттері мен оқытушыларына арналған.
УДК
ББ
ЦӘК отырысында бекітіледі.
Хаттама №1 «24» қазан 2012ж.
ЦӘК төрайымы м.ғ.к., доцент С.Т Уразаева.
Шарбаков А.Ж., Молдашев Ж.А., Мусабаева С.Ж. және т.б. 2012ж.
М А З М Ұ Н Ы
1. |
Қысқартулар тізімі |
4 |
2. |
Кіріспе |
5 |
3. |
Қоршаған ортаның физикалық факторлары, сипаттамасы және оның адам ағзасына әсері |
5 |
4. |
Микроклиматты және ауаның басқа параметрлерін анықтауға арналған құралдар. Құрылымы, анықтау және жұмыс жасау ережесі, нормативтері |
8 |
5. |
Су – орта факторы ретінде. Су бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету саласындағы нормативті актілер |
10 |
6. |
Топырақ маңызы. Өздігінен тазару процесі. Топырақ эпидемиологиясы |
18 |
7. |
. Сараптамаға топырақ сынамасын алу және даярлау. Топырақтың зертханалық сараптамасы |
20 |
8. |
Кешенді интегралдық бағалау және халық денсаулығына қоршаған ортаның ластану қауіптілік дәрежесін анықтау үшін кешенді интегралдық бағалаудың мәні |
23 |
9. |
Атмосфералық ауа ластануын интегралдық бағалау |
25 |
10 |
Су ластануын интегралдық бағалау |
28 |
11. |
Топырақ ластануын интегралдық бағалау |
31 |
12. |
Қоршаған орта ластануын кешенді интегралдық бағалау |
32 |
13. |
Денсаулық пен ортаның өзара байланысын зерттеу әдістері (корреляциялық, дисперсиялық және регрессиялық талдаулар) |
34 |
14. |
Тесттік сұрақтар |
38 |
15. |
Тестілік сұрақтар жауаптары |
55 |
16. |
Әдебиеттер тізімі |
56 |
Қысқартулар тізімі:
УК – ультраккүлгін сәулесі
Гр.С – Цельси градусы
Атм. – атмосфералыққысым
Мг/л – миллиграмның литргеқатынасы
ШРЕК – шектірұқсат концентрациясы
Бк/л – беккерельдің литрге қатынасы
1. Кіріспе
Алдын алу шараларын жүргізу маңыздылығы халық денсаулығы үшін тәуекелдер қалыптасуына жеке көздердің салымдарымен, денсаулық көрсеткіштеріне қоршаған ортаның ластану компоненттерінің әсер ету интенсивтілігімен анықталу қажет. Арнайы өзгерілген қоршаған ортада халық денсаулығы қалыптасуының аумақтық ерекшеліктерінің бекітілуі маңызды болып табылады.
Осыған байланысты, қоршаған орта нысандарын зерттеу мен бағалаудың заманауи әдістерін студенттерге оқыту туралы өзекті сұрақ туындайды.
Негізгі бөлім
Қоршаған ортаның физикалық факторлары, сипаттамасы және оның адам ағзасына әсері
Ауа ортасы адамның, жануарлардың және өсімдіктердің тыныс алуында маңызды рөл атқарады.
Ауа ортасының физикалық факторларына: күн радиациясы, температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, барометрлік қысым, электрлік жағдайы, радиоактивтілік жатады.
Күн радиациясы– Жердегі жарық пен жылудың, энергияның жалғыз көзі. Жергілікті климатты қалыптастыратын негізгі фактор болып табылады. Күн радиациясы дегеніміз өзіндік электромагнитті сәулелерді ұсынатын күннен шығарылатын радиацияның интегралдың ағымы. Күн спектірінің оптикалық бөлімі 3 диапазонға бөлінеді: толқын ұзындығы 2,8 мыңнан 760 нм/ге дейінгі инфра-қызыл сәулелер, ұзындығы 760-тан 400 нм/ге дейінгі – көрінетін бөлімі және ұзындығы 400-ден 280 нм/ге дейін жететін ультракүлгін бөлімі.
Инфрақызыл радиациясы Күн сәулесінің көп бөлігін құрайды және биологиялық белсенділігі бойынша ұзын – толқынды (1,5-2,5 мың.нм) және қысқатолқынды (760-1,5мың нм) болып бөлінеді.
Ұзын толқынды сәуле терінің тереңқабаттарына дейін жетеді. Олар ми қабығы арқылы өтуге қабілетті және мидың рецепторларына – күн соққысының дамуына - қозу, қалтырау, есінен тануға әкеледі. Инфрақызыл радиациясыныңәсерінен көз қарашығынығ бұлыңғырлануы – катаракта, иммунологиялық радиоактивтілік өзгерісіне және басқалары туындауы мүмкін.
Ультракүлгін сәулесі өте күшті биологиялықәсер береді, әсіресе ұзындығы 315-тен 290 нм-ге дейінгі сәулелер әсер етеді. Әсер ету ақуыз құрылымына әсер етумен байланысты. Терідегі протеолитикалық процестер қандагистамин және гистамин тәрізді заттардың пайда болуына негізделгін. жүйке жүйесіне әсер етие отырып, бұл өнімдер рефлекторлық барлық ағзаға әсер етеді.
Ультракүлгін сәулесін шамадан тыс көп қолдану – терінің электроматоздық тітіркенуіне, естің ауысуына, бас ауруына, дене температурасының көтерілуіне алып келеді. Көру мүшелерінеәсер ету фотоофтальдық гиперэмияның, конъюктиваның ісінуінің, блефароспазмының, жас ағуына, жарықтан қорқушылықтың туындауына әкеледі.
Ультракүлгін сәулесі радиациясыныңұзақ уақыт шамадан тысәсері қатерлі ісікті, әсіресе тері рагын тудырушы қабілеті бар екендігі жайында мәліметтер бар.
Жарық организмге патофизиологиялықәсер етеді, қоршаған ортаны қабылдау процесінде, бұлшық ет белсенділігі мен тыныштық кезеңдерінің заңды алмасуын ұсынатын тәуліктік ритмнің қалыптасуында, қозу және тоқтау процестерінде жетекші орынға ие.
Ауа температурасы – географиялық ендіктен тәуелді. Ауаның жылытылған жерүсті қабаттары көтеріледі және орташа шамамен 100 метрге көтерлілген сайын 0,6 гр.С-ге дейін біртіндеп салқындайды. Экватородан полюстерге дейін температурының күндізгі тербелісі төмендейді, жылдық жоғарылайды. Температураның әсер етуінен ағзаның көптеген жүйелерінде әртүрлі физиологиялық қозғалыстар болады. Ағзадағы қышқылдану процесі (25-35гр.С) жоғары температурада біршама төмендейді, бірақ беткейлі деңгейде болады. Өкпенің желдетілуі басында жоғарылап, кейін өзгеріссіз қалады.
Жоғары температураұзақ уақытәсер еткенде сулы-тұздық және дәрумендік баланстың бұзылуына әкеледі. Әсіресе бұл өзгерістер тер шығаратын физикалық жұмыс жасаған кезге тән. Ауаныңөте жоғары температурада ауыр физикалық жұмыс кезінде сұйықтық жоғалту 10 л терге дейін шығуы мүмкін, онымен бірге 30-40 г-ға дейін натрий хлориді, суда ерігіш дәрумендердің 15-25% бөлінуі мүмкін. Сулы-тұздық баланстың бұзылу нәтижесінде қалтырау ауруы дамуы мүмкін.
Температураныңәсерінен капиллярлар жүйесінің кеңеюі есебінен терілік және тері астылық жасушалардыңқанмен қамтамасыз етілуі күшейеді. Жүрек жетіспеушілігің жиілігі қан көбеюінен, метаболизм өнімдерінің қалыптасуынан және терморецепторлардың қозу әсерінен өседі. Артериялыққысым, систоликалық, диастоликалық қысымдар жоғары температураныңәсерінен төмендейді. Қан тамырлардыңөткізгіштігі артып, гемоглобин мен эритроциттердің құрамы артады.
Орталық жүйке жүйесі жағынан жоғары температураныңәсері көңіл аударудың, тыныс алу реакцияның төмендеуімен және қимыл қозғалыс үйлесімділігінің нашарлауымен байқалады.
Ағзаға жоғары температураныңөте ұзақәсері тұрақты гипертермияны туындатады. Гипертермияның жеңіл түрінің негізгі белгілері дене температурасының 38 гр.С-ге дейін және одан жоғары көтерілуі және беттіңқызаруы, тері бөліну, әлсіздік, бас ауруы, бас айналу, түстерді ажырата алмау, жүрегі айнуы, құсу байқалады. ал ауыр жағдайларда ыссу жылулық соққы түрінде жүреді: темпаратура 41 гр.С-ге дейін және одан жоғары көтеріледі, артериалды қысым төмендейді, есінен тану, қалтырау, тыныс алуы жиі және беткей болады.
Төмен температураныңәсерінен терідегі температура төмендейді, бұл кезде тактильді сезімталдықтың нашарлауы, бұлшықеттердіңқысқарушы қабілеттілінің төмендеуі байқалады. Орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайы өзгереді, нәтижесінде ауруға сезімталдылығы әлсірейді, адинамия,ұйқышылдық пайда болады. Төмен температура дененің жеке бөліктерінің ауру сезімінеәкеледі.
Ағзаның салқындауы әртүрлі аурулардың дамуына ықпал етеді: тамақ ауруы, жоғары тыныс алу жолдарының бұзылысы, өкпеге салқын тию, неврит, радикулит, миозит және т.б. болады.
Ауаның ылғалдылығы теңіздермен мұхиттардың беткейінің булануына негізделген. Температураның тәуліктік тербелісі ылғалдылықпен байланысты.
Адам жоғары ылғалдылық пен жоғары температурадан, төмен ылғалдылық пен жоғары температураны жеңіл көтереді. Ауаның ылғалдылығы жоғары болса жылу берілу төмендейді. Төмен температурада ауаның су буымен қанығуы дененің салқындауына ықпал етеді.
Қалыпты метерологиялық жағдайда оптимальды қатысты ауа ылғалдылығы 40-60 % құрайды.
Жер атмосферасын құрайтын ауа ортасы бірнеше газ қоспасынан тұрады. Құрғақ атмосфералық ауа 20,95 % оттегіден, 78,09 % азоттан, 0,03 % көміртегі диоксидінен тұрады. Сонымен қоса, атмосфералық ауада аргон, гелий, неон, криптон, сутек, ксенон және т.б. басқа да газдар бар. Атмосфералық ауада аз мөлшерде озон, азот оксиді, йод, метан, су буы кездеседі.
Оттегі, биологиялық ролі жағынан ауаның ең қажетті құрам бөлігі. болып табылады. Табиғатта адам мен жануаралар тыныс алу үшін оттегі үнемі тұтынылып отырады. Қышқылдану және жану процесінде оттегі шығындалады. Оттегінің көп пайдалануына қарамастан, оның ауадағы көлемі өзгермейді, себебі өсімдіктер әлемі ассимиляция процесінде көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөліп шығарады. Фотосинтез процесі нәтижесінде атмосфераға 14 дәрежелі 5х10 шамасында оттегі бөлініп отырады, яғни ол шамамен оны тұтынумен сәйкес келеді. Күн сәулесінің әсерінен су молекулалары ыдырайды да, оттегі бөлініп шығады.
Ағза оттегінің жетіспеушілігіне өте сезімтал. Ауа құрамының 17 %-ға дейін төмендеуі пульстың, тыныс алудығ жиілеуіне әкеледі. Ауадағы 7-8% оттегі өмір сүруге сәйкес келмейді. Оттегі 100 %-ға дейін көтерілуі қалыпты қысымда адамға жақсы әсер етеді. Қысымның 40,5, 3 кПа (4 атм.) көтерілуінен өкпенің жергілікті тканьдері зақымдалады және орталық жүйке жүйесінің бұзылысына әкеледі. Сонымен қоса, оттегінің құрамы 40-60-ға дейін және қысым 303,94 кПа-ға дейін болғанда барокамерада тканьдармен оттегінің сіңіру жақсарып, бұзылған функциялардың қалыпұа келуі байқалады.
Атмосфералық ауаның басты құрам элементі оттегі диоксиді болып табылады. Ол атмосфераға адам және жануарлардың тыныс шығаруынан, жану, шіру, ашу процесінен бөлінеді. Өсімдіктермен фотосинтез процесінің нәтижесінде көміртегі диоксиді ассимиляцияланады.
Көміртегі диоксиді тыныс орталығының физиологиялық қоздырғышы ретінде адам мен жануар өмірінде үлкен рөл атқарады. Оның тыныс алатын ауадағы құрамының 4%-ға дейін жоғарылауы бас ауыруына, құлаққа шудың естілуі, жүрек соғысы жиілеп, қозу жағдайы байқалады, ал 8%-ға дейін жоғарылауы өлімге әкеледі.
Гигиеналық тұрғыдан көміртегі диоксидінің құрамы тұрғын және қоғамдық ғимараттардағы ауа тазалығының дәрежесі анықтайтын көрсеткіш болып табылады. Тұрғын үйлерде қалыпты жағдайда желдетілу мен құрылыс материалдарына сыртқы ауаның сіңуінде ауадағы көміртегі диоксиді 0,2%-дан аспайды. Негізінен тұрғын үйлер мен қоғамдық мекемелерде көміртегі диоксидінің шекті рұқсат етілген концентрациясы 0,1 %-дан аспауы қажет.
Атмосфераның негізгі массасын азот құрайды. Ол индифференттік газдар қатарына жатады және оттегін ерітуде үлкен рөл атқарады. Жоғары қысымда (4 атм.) азот наркотикалық әсер етуі мүмкін. атмосфера азоты электрлік разрядтар арқылы азот қышқылына айналады, ол қалдықтармен бірге топыраққа түсіп, онда органикалық қосылыстарға айналады. Органикалық заттардың ыдырауынан азот қайтадан қалыптасып қайтадан атмосфераға түседі. ауа азоты көк-жазыл балдырлармен және кейбір топырақ бактерия түрлерімен сіңіріледі.
Инертті газдар деп аталатын, ауаның басқа құраушылар (аргон, неон, гелий, ксенон, криптон және т.б. басқа) қалыпты жағдайда физиологиялық индифферентті.