Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпоры по ввсп(для специальности хтов 5В072100)...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
742.04 Кб
Скачать

8. Мұнай және газдың әлемдік экономикадағы мәні және Қазақстандағы көмірсутек шикізаттарын терең өңдеу өндірістерінің дамуы

Мұнай ресурстары мен кен орындары. Әлемдік мұнайдың өндірілмелік қоры 141,3 млрд. т бағаланады. Әлемдік мұнайдың болжамалы қоры 300млрд. т шамасын құрайды. Өндірілмелік қоры мұнай қазіргі өндіру көлемі бойынша 42 жылға жетеді (жылына 3,331млрд т). Олардың ішінен 66,4% орталық шығыс және жақын орналасқан шығыс елдерінде шоғырланған. Бүл өңірлер үшін ерекше және үлкен (300млн-нан 1млрд т дейін) кенорындарында жоғары өнімділігімен болатын мұнай және концентрациясының зор қорының болуы сипатты. Бұл корсеткіш бойынша әлемде бірінші орынды Сауд Арабиясы алады, онда әлемдік мұнай қорының 4-ке жуығы қарастырылған. Осы өңірде мұнай қорының зор бөлігін Ирак, Иран, Кувейт және Абу-Даби араб елдері иемденеді, бұлардың әрбіреуі әлемдік қордың 10 бөлігіне ие. Әлем орындары бойынша 2-ші орынды Американдық континент алады, 14,5 пайыздің әлемдік өндірілмелік мұнай қорынан. Ірі мұнай қорына Венесуэлла, Мексика, АҚШ, Аргентина, Бразилия ие. Африкадағы өндірілмелік мұнай қоры 6,9%, Ливия – 2,9, Нигерия 2,3 және Алжир 0,9 пайыз. Батыс Еуропада мұнай және газдың үлкен кен орындары Солтүстік теңіз акваториясы мен (0,5 млрд. т) Норвегиялық территорияда (1.5млрд. т) орналасқан.

Азия- Тынықмұхиттық өңірде мұнай қорын Қытай (2,35%), Индонезия (0.5%), Үндістан, Малайзия және Австралия (1% бағасында) иеленді. Шығыс-Еуропа өңірлері 5,8% өнімділік қорына ие, соның ішінде Ресей (6,64 млрд т) -4,76%.

Табиғи газ ресурстары мен кен орны. Табиғи газдың әлемдік өндірілмек қоры 154,9 трлн. м3 бағаланады. Газ ресурстары қазіргі өңдеу жылдамдығына байланысты 63,1 жылға жетеді. Табиғи газдың өндірілмек қоры бойынша бірінші орынға Ресей ие – 31%. Оның қорының үштен бірі жақын орналасқан және орталық шығыс елдеріне ие, онда мұнаймен бірге өндіріледі: Иран (жалпыәлемдік қордан 14,9%-әлем бойынша 2-ші орын), Абу-Даби (4,0%), Сауд-Арабиясы (3,9%) және Кувейт (1,0%). Азия Тынықмұхиттық өңірде газ- ресурсының көбін Индонезия, Малайзия, Қытай ие. Біршама үлкен қорлар (7,2%) Африкада, Алжир (2,9%), Нигерия (2,2%) және Ливиада (0,9%). Америкалық континентте табиғи газ қорының 12,7% табылған, соның ішінде АҚШ-та – 3,1%, Венесуэлла – 2,7%, Канада- 1,1%. Батыс Еуропада 2,9%, соның ішінде Норвегияда 0,8%, Нидерландыда 1,1%,және Ұлыбританияда 0,5%.

Ірі мұнайөндіретін елдер және мұнай өндіру динамикасы. Мұнайды өндіру көлемі бойынша әлемде 1-ші орынды 1974жылға дейін АҚШ алды, одан кейін 1989 жылға дейін бұрынғы КСРО, ал 1995-2000 жж. аралығында Сауд-Арабиясы. Ірі мұнай өндіру елдерінің ондығына Иран, Қытай, Норвегия, Венесуэлла, Мексика, Ирак, Ұлыбритания, Ливия, Канада және Нигерия кіреді. 2005ж бұрынғы КСРО кейбір елдеріндегі мұнай өндіру: Қазақстан - 61, Әзірбайжан- 22, Түркменстан – 9,5 құрады. Ресейдегі мұнай өндіру көлемі 2005ж 475 млн.т құрады. Табиғи газ өндіру өндірудің әлемдік өндірілмелік қоры 60 трлн. т м3 асады, болжанған қорлар 200 трлн. м3 бағалайды. Әлемнің газ өндіру елдеріне: ТМД және АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Алжир, Индонезия, Нидерланды, Иран, Норвегия, Мексика, Өзбекстан, Түркменстан кіреді. Ресейде 2005ж газ өндірісі 641 млрд.м3 жетті.

Қазақстандағы болжанған және өндірілмек мұнай, газ қоры. Қазақстанның мемлекеттік балансында көмірсутекті шикізат кен орынның 214 бар, оның ішінде 84 өндірілуде. Қазақстандағы мұнайдың болжаулы қоры 13 млрд. т құрайды. Негізгі кен орындары батыстарында негізделген. Мұнайдың дәлелденген және өндірілмек қоры 4,3 млрд. т құрайды – әлемдегі жалпы қордың 3%. Қаз-ғы негізгі мұнай қоры 90% жуығы Кашаған, Тенгиз, Қарашағанақ, Өзен, Жетібай, Жаңа жол, Қаламқас, Кенқияқ, Қаражанбас, Құмкөл, Әлібекмола, Кенбай ірі кен орындарында негізделген.

Олардың ішінде мұнай қорының жартысы екі ірі мұнай кен орнында негізделген: Қарашаған - 7 млрд. т және Тенгиз – млрд т . Барлық табиғи газ қоры (60% шамасы) және конденсат (80%) қорының көп бөлігі Қарашағанақ кен орнына ие – 1,2 млрд. т мұнай және 1,35 трлн м 3 табиғм газ. Газ құрамы: 57% метан, 9% этан, 20% күкірт сутектен және басқалары.