Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпоры по ввсп(для специальности хтов 5В072100)...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
742.04 Кб
Скачать

7. Негізгі органикалық және мұнай химия синтез өндірістерінің негізгі даму тенденциялары. Әлемдік және Қазақстандық мұнай газ кешендерінің қазіргі жағдайлары

Өндірістің барлық салаларының негізгі дамуы болып отын - энергетикалық кешен табылады (ОЭК). ОЭК өнімді алу, тасымалдау, жанғыш қазбалалардың өңделуі, сонымен қатар энергия өндіру мен бөлімдеуімен айналысатын өндіріс салаларын қарастырады. ОЭК әлемдік экономиканың негізгісі болып табылады.

ОЭК даму дәрежесі қоғамдық, экономикалық ғылыми – техникалық прогрессті айқындайды және мемлекеттің саясатын анықтайды. ОЭК-ң экономикалық маңызды құрамды бөлігі болып мұнай – газ кешені табылады (МГК). МГК өндірістің мұнай-газ өндіру, мұнай-газ өңдеу, мұнай-газ химиясы салалары жатады, сонымен қатар мұнай, газ – конденсат, табиғи газ және олардан өңделген өнімдердің тасымалдану (құбырлы, теміржолдық, сулы, теңізді) салалары бар.

Мұнай және газ адамзаттың энергиямен қамтамасыз етілуінде, ерітіндіден коксқа дейінгі және техникалық көміртекке дейінгі әртүрлі бағыттағы өнімдердің, яғни өндірісті маыңызды шикізатпен қамтамасыз етуінде шешуші роль атқарады.

Қазақстанның мемлекеттік балансында көмірсутекті шикізат кен орынның 214 бар, оның ішінде 84 өндірілуде. Қазақстандағы мұнайдың болжаулы қоры 13 млрд. т құрайды. Негізгі кен орындары батыстарында негізделген. Мұнайдың дәлелденген және өндірілмек қоры 4,3 млрд. т құрайды – әлемдегі жалпы қордың 3%. Қаз-ғы негізгі мұнай қоры 90% жуығы Кашаған, Тенгиз, Қарашағанақ, Өзен, Жетібай, Жаңа жол, Қаламқас, Кенқияқ, Қаражанбас, Құмкөл, Әлібекмола, Кенбай ірі кен орындарында негізделген.

Олардың ішінде мұнай қорының жартысы екі ірі мұнай кен орнында негізделген: Қарашаған - 7 млрд. т және Тенгиз – млрд т . Барлық табиғи газ қоры (60% шамасы) және конденсат (80%) қорының көп бөлігі Қарашағанақ кен орнына ие – 1,2 млрд. т мұнай және 1,35 трлн м 3 табиғм газ. Газ құрамы: 57% метан, 9% этан, 20% күкірт сутектен және басқалары.

Табиғи газдың әлемдік өндірілмек қоры 154,9 трлн. м3 бағаланады. Газ ресурстары қазіргі өңдеу жылдамдығына байланысты 63,1 жылға жетеді. Табиғи газдың өндірілмек қоры бойынша бірінші орынға Ресей ие – 31%. Оның қорының үштен бірі жақын орналасқан және орталық шығыс елдеріне ие, онда мұнаймен бірге өндіріледі: Иран (жалпыәлемдік қордан 14,9%-әлем бойынша 2-ші орын), Абу-Даби (4,0%), Сауд-Арабиясы (3,9%) және Кувейт (1,0%). Азия Тынықмұхиттық өңірде газ- ресурсының көбін Индонезия, Малайзия, Қытай ие. Біршама үлкен қорлар (7,2%) Африкада, Алжир (2,9%), Нигерия (2,2%) және Ливиада (0,9%). Америкалық континентте табиғи газ қорының 12,7% табылған, соның ішінде АҚШ-та – 3,1%, Венесуэлла – 2,7%, Канада- 1,1%. Батыс Еуропада 2,9%, соның ішінде Норвегияда 0,8%, Нидерландыда 1,1%,және Ұлыбританияда 0,5%.

Мұнайды өндіру көлемі бойынша әлемде 1-ші орынды 1974жылға дейін АҚШ алды, одан кейін 1989 жылға дейін бұрынғы КСРО, ал 1995-2000 жж. аралығында Сауд-Арабиясы. Ірі мұнай өндіру елдерінің ондығына Иран, Қытай, Норвегия, Венесуэлла, Мексика, Ирак, Ұлыбритания, Ливия, Канада және Нигерия кіреді. 2005ж бұрынғы КСРО кейбір елдеріндегі мұнай өндіру: Қазақстан - 61, Әзірбайжан- 22, Түркменстан – 9,5 құрады. Ресейдегі мұнай өндіру көлемі 2005ж 475 млн.т құрады. Табиғи газ өндіру өндірудің әлемдік өндірілмелік қоры 60 трлн. т м3 асады, болжанған қорлар 200 трлн. м3 бағалайды. Әлемнің газ өндіру елдеріне: ТМД және АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Алжир, Индонезия, Нидерланды, Иран, Норвегия, Мексика, Өзбекстан, Түркменстан кіреді. Ресейде 2005ж газ өндірісі 641 млрд.м3 жетті.