Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпоры по ввсп(для специальности хтов 5В072100)...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
742.04 Кб
Скачать

78. Табиғи ресурстарға сұраныс масштабы. Қоршаған ортаның және өндірістің әсері.

Табиғи ресурстарды тұтыну масштабы. Жыл сайын жер қабатынан заманауи өндіріс деңгейінде 600 млрд т дейін әртүрлі тау жыныстары, 3,3 млрд т мұнай жылына өндіріледі. Пайдалы қазбалардың 200 түрінен біршама белсенді 30 түрі қолданылады. Өндіру мен өңдеу технологиясы жетілмегендіктен металдардың жартысы мен химиялық шикізаттың үшінші бөлігі жоғалып кетеді. Табиғи шикізаттың әр тоннасынан 100 кг пайдалы қолданылады да 900 кг дейін әртүрлі қалдықтар түзіледі. Қалдықтардың үлкен мөлшері атмосфераға түседі. Әр жыл сайын тасталады: 300 млн т көп көміртек тотығы; 50 млн т артық көмірсутек; 200 млн т шамасында көміртек қостотығы; 53 млн т азот тотығы; 200-250 млн т әртүрлі аэрозольдер; 120 млн т күл.

Қатты қалдықтардың жылдық шығымы жетеді: АҚШта 4,5 млрд т, оның ішінен 1 млрд т өнеркәсіптік; ЕЭС елдірінде - 7,2 млрд т; Жапонияда - 1,3 млрд т;. Шикізат проблемасын шешу - бұл прогрессивті технологияны талдау, (табиғи ресурстарды қолдану жинақтылығы мен оның толықтығын жоғарлауын қамтамасызе ететін), тұтыну мен өндірістің қалдықтарын қайтадан қолдану. Регенерациялық өндіріс бірден екі проблеманы шешуді қамтамасыз етеді: барлық қалдықтардың мөлшерін қысқарту; шикізат ресурстарының дефицитін болдырмау.

Қоршаған орта мен өндірістің өзара байланысы. Қоршаған орта мен өндірістің өзара байланысу процесінен заттар алмасу жүзеге асады - антропогенді метаболиз­ м. Антропогенді метаболизм екі құрамдастан тұрады: Жердегі барлық адамдардың жекелеген зат алмасуының қоспасы (биологиялық бөлігі); технологиялық процестерден техногенді заттар алмасуының қосындысын (технологиялық бөлігі).

Қазіргі заманғы өнеркәсіптің дамуына қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Әсіресе нефтехимиялық және мұнай өндіру өндірістерінде аса көңіл бөлінеді. Оларға күшті уытты және зиянды заттар күкіртсутек, газдардың барлық түрлері, уытты сұйықтықтар және мұнай дистилляттары т.б. көптеген заттарды өңдеуші өндірістер үлкен дәрежеде тәуелділікті өндірістерге жатады. Сондықтан мұнай өңдеу және өндірумен байланысты кәсіпорындарда бірінші кезекте қоршаған ортаны қорғауға назар аударылады, себебі бұл саладағы кәсіпорын тек зиянды ғана емес, сонымен бірге отқа және жарылысқа қауіпті болып табылады, мұнай өнімдерінің жануы салдарынан ауаға улы және зиянды заттар көп мөлшерде таралуы мүмкін.Мұндай түрлі апаттар салдарынан тек жекелеген өлім қаупі ғана емес, сонымен бірге ол аймақтың биосферасын ластауы мүмкін және экологиялық апат аймағы тудыруы мүмкін.

79. Еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау жұмыстарын ұйымдастыру.

Өндіріс дені сау және қауіпсіз еңбек шартын сақтамаса ешқандай да цехы, бөлімі эксплуатацияға қабылданбайды. Ереже белгілі бір мамандық өкілдері немесе жұмыс орны үшін жалпы зауыттық ереже мен бөлімдер үшін жалпы ережелер талданады, ол барлық бөлім жұмысшылары үшін міндетті болып саналады.

Еңбек қорғау бойынша заңның бұзылуына жауапкершілік. Еңбек заңын бұзуға кінәлі міндетті тұлға тәртіптік, әкімшілік, материалдық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қауіпсіздік техникасы бойынша ереже – еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бір құралы, өндірісте кездейсоқ жағдай мен кәсіби ауруды ескерту. Оған жұмыстың қауіпсіз әдістері мен құралдары кіреді. Осыдан олар еңбек қауіпсіздігі мен қауіпсіздік техникасы әрі өндірістік санитария бойынша ережені оқып ол білімдері тұрақты тексеріліп отырады.

Оқыту мен инструктаж жүйесіне мыналар кіреді: кіріспе ережесі, біріншілік ереже мен оқыту, үздіксіз қайталанатын ереже мен оқыту, кезектен тыс ереже.

Өндіріске жаңа келген жұмысшы, инженер-техникалық жұмысшы, қызметкер алдын ала орнатылған медициналық тексеруден соң міндетті түрде кіріспе ережемен танысады, онда өрттен қорғау, қауіпсіздік техникалық қызметкері жүргізеді. Кіріспе ереженің мақсаты – жұмысқа жаңа келген жұмыскерді өндірістегі негізгі қауіпті нәрселермен, ішкі тәртіппен әрі авария, өрт және газдану кезіндегі ережемен таныстыру.

Жаңадан келген жұмысшы мейлі ол басқа цехтан келсін немесе мамандығын ауытырсынмынаны өтуі керек: а) біріншілік ереже, б) теориялық және практикалық қауіпсіз құралдар мен тәсілдерді тікелей жұмыс орнында қолдана білуі керек.

Біріншілік ереже цех басшысы немесе оның орынбасары жүргізеді, ол өндіріс сипатымен, негізгі қауіптермен, жеке қорғанумен цехтағы жалпы қауіпсіздік ережелерімен таныстырады. Кәсіпорын айналасында міндетті түрде арнайы, санитар деп аталатын аймақ болады. Мұндай аймақ кәсіпорында апат болған жағдайда адамдарды апат болудан және әсерінен қорғауға қызмет етеді. Әдетте мұндай аймақ шекарасы тұрғын үйлері және пунктеріне, қалаға және шағын адамдар тұратын ауданға жетпейді. Санитарлы аймақта мал бағуға және басқа ауылшаруашылық жұмыстарымен айналысуға тиым салынады.

Айналадағы қоршаған су бассейніндегі қамалда өндірісте қолданылғаншыққан суларды және қалдықтарды, канализация жүйелерінен шыққан суларды, және басқа тазалануды талап ететін қалдықтарды тазалап, ондағы зиянды және уытты заттар мөлшері мүмкіндік шекті концентрациядан аспайтын және зиянсыз болғаннан соң ғана қоршаған су бассейндеріне қалдық ретінде тастайды.

Ауа бассейнін қорғау мақсатында және оны аздап қалпына келтіру, топырақты эррозиядан қорғау үшін үлкен масштабта зауыт аймағын гүлдендіру, жасылдандыру шаралары жүргізіледі.

Мұнай өңдеу зауыттарында көп мөлшерде уландырғыш және оңай тұтанатын мұнай және мұнай өнімдері бар. Бұл заттар өткір немесе ауыр уланулармен қатар мұнай өңдеу зауыттарында жарылыс қауіпті жағдай туғызады. Концентрацияның рұқсат етілген шегі арнайы токсикологиялық зерттеулер арқылы анықталады да, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бекітіліп, барлық өнеркәсіптер үшін міндетті мөлшер болып табылады.

Өрт қауіпсіздігі. Мұнайхимиялық зауытының өрт қауіптілігі бойынша «А» (бірінші) категориясына жатады. Қондырғының жарылыс қауіптілігін анықтайтын өнімдерге көмірсутекті газ, бензин, керосин, дизель фракцияларының булары жатады. Олар оттегімен қосылып, ұшқын немесе от болған кезде жарылысты қоспа түзеді. Жоғары қысым және температураларда жұмыс істейтін және газ бен бу тәріздес күйдегі өнімдердің үлкен мөлшері жиналатын аппараттардың болуы аймақтың газдануына әкеліп соғады. Процесс қызмет етуші кісілердің денсаулығына зиянды болып табылады. Өрт қауіпті бөлмелерден шығар жерде өрт хабарлағыштар орналасады. Қондырғыда сыртқы өрт сөндіру кәсіпорынның өртке қарап су құбыры желіне орналасқан өрт гидранттармен іске асырылады.

Сонымен қатар, технологиялық процесс дұрыс ұйымдастырылмаса, қауіпсіздік ережелері сақталмаса, олар тұтанып, жанып, жарылыс беріп, аварияға алып келеді. Жарылыс пен өрт статикалық электрден де болуы мүмкін.

Пайда болған өртпен тез әрі тиімді күресу үшін өрт сөндіру тобына және қай жерде өрт болып жатқаны жайлы жедел хабар жеткізілуі тиіс. Бұл мақсатта зауыттарда электр дабыл қондырғылары орнатылған. Қондырғыларда немесе цехтарда жұқа пластик қабатымен қапталған хабарландырғыш пернелер орналасқан. Қондырғылар, цехтар, жанғыш және жеңіл тұтанатын сұйықтықтары бар қоймалар арасында өртке қарсы арнайы арақашықтықтар сақталады.

Өрттің алдын алу шаралары ретінде өрттежегіш қойылады. Оларды өнім қоймаларының, өлшеуіштердің шығару клапандарының астына, аралық ыдыстардың және де басқа қондырғыларға қойылады. Өрттежегіштер жалынды ұсақ ағындарға бөлетін насадкалармен жабдықталған. Соның салдарынан көп мөлшерде жылу беріледі де, температура төмендеп, өрт бәсеңдейді. Кішігірім өрттерді сөндіру үшін шағын көбікті өрт сөндіргіштерді пайдаланады. Өндірісте типті көбікті өрт сөндіргіштер шығарылады. Сондай-ақ ОП-4 типті өрт сөндіргіштер іске қосылуда. Өрт сөндіруге көмірқышқылды (ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8), галоидтелген ОУБ-7, ұнтақтық ОПС-10 және т.б. өрт сөндіргіштер қолданылады .

Электроқауiпсiздiк. Барлық өндiрiстiк бөлiмшелерiнде қолданылатын, мұнай өңдеу зауыттары электр энергиясының үлкен мөлшерлі тұтынушыларымен болып табылады. Егер оны терiс және олақ пайдаланса, электр тоғы қауiптi екенін ұмытпаған жөн.

Электр тогiнiң қауiп-қатерлігі, көпшiлiк жағдайда оның істері күтпеген жайтта асқынады. Тоқпен ток өткiзетiн бөлiктер ғана емес, сол тоқ болмауы керек бөлiктерден де өтуі мүмкін. Адамның организмына тоқтың әсерi өте күштi және жие өлiм нәтижесімен бiтедi. сондықтан электр тогiмен қолданар кезде, оның қасиеттерiн бiлiп, дұрыс қолдану керек, ерекше iлтипат және сақтық талап етедi.

Мұнайхмиялық зауытының келесі шаралар технологиялық процестердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді:

  • Барлық өндірістік инструкцияны техникалық қауіпсіздік шаралары бойынша міндетті түрде процесті іске қосу кезінде, сонымен қатар қолдану барысында және қондырғыны жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында да қатаң сақтау керек;

  • Әрбір қондырғының режимін қондырғының технологиялық регламентіне сәйкес таңдау керек;

  • Қондырғы жұмыс жасап тұрған жағдайда бақылау-өлшегіш приборлар щитін қараусыз қалдыруға болмайды;

  • Жүйелі түрде бақылау және автоматика проиборларын, сигнализация жүйесін бақылып тұру қажет;

  • Вентиляциялық жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

  • Біріккен аппараттардың, қондырғылардың және құбырлардың беріктігіне бақылау жасау;

  • Істен шыққан қондырғымен жұмыс жасау тиым салынады;

  • Қондырғыларды қолдану барысында әрбір аппараттың қысымын анықтайтын манометрлермен қамтамасыз етілуі керек;

  • Жұмыс жасап тұрған қондырғылардажәне құбырлардажөндеу жұмыстарын жүргізуге тиым салынады;

  • Агрегаттық насостарды температура датчигінсіз және электроқозғалтқышсыз қолдануға тиым салынады;

  • Манометрсіз насосты іске қосу тиым салынады;

  • Аппараттың төменгі деңгейінде жұмыс жасауға тиым салынады;

  • Барлық өндірістік бөлмелер, жұмыс орындар, технологиялық қондырғылар, аппараттар және приборлар таза және жұмысқа дайын күйінде болуы қажет;

  • Канализация решеткалары міндетті түрде таза болып, судың канализацияға ағуын қамтамасыз етуі қажет;

  • Күйік щалудың алдын алу үшін барлық аппараттардың және құбырлардың 60ºС жоғары температурадағы жылуизоляциясы жөнделген күйңнде болуы қажет;

  • Қысқы мезгілде аппараттардың және құбырлардың жылуын, су құбырдардағы судың циркуляциясын қадағалау қажет.