Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпоры по ввсп(для специальности хтов 5В072100)...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
742.04 Кб
Скачать

6. Негізгі органикалық синтез және мұнай химия өндірістерінің негізгі шикізат көздері, классификациясы, химиялық шикізатқа қойылатын талаптар

Химия өндірісіндегі шикізат. Химия өндірісінде шикізат, жартылай өнімдер, негізгі материалдар, өзге өндіріс қалдықтары, екіншілік шикізат қолданылады.

Өнеркәсіптік өңдеуге ұшырамаған табиғи өнімдерді шикізат деп атайды. Жартылай өнімдер – берілген жерде алдын-ала өнеркәсіптік өңдеуге ұшыраған бастапқы материалдар. Негізгі материалдар – берілген жерде емес, өзге жерлерден келген өнеркәсіптік өңдеуге ұшыраған материалдар. Қалдықтар- өндірістердің жанама өнімдері.

Өнеркәсіптік шикізатты шығу тегіне байланысты классификациялайды- минералды, өсімдік және жануар; қоры бойынша – қалпына келетін, қалпына келмейтін; химиялық құрамы бойынша – бейорганикалық және органикалық; агрегаттық күйі бойынша – қатты, сұйық және газ тәріздес.

Минералды шикізат – жер қойнауынан алынатын пайдалы қазбалар, олар үшке бөлінеді: рудалық, рудалық емес және жанғыш. Рудалық минералды шикізат – бұл тау жыныстары, құрамында таза техникалық түрде экономикалық жағынан тиімді алуға болатын металдар бар. Рудалық емес минералды шикізат- металл өндірісінде бастапқы материал болмайтын тау жыныстары. Рудалық емес минералдарды шикізат химиялық, жинақты және т.б. бейметалдық, сонымен қатар, хлорид, сульфат, карбонат, фосфат, құрамында металдар бар алюмосиликат өндірісінде пайдаланады. Жанғыш минералды шикізат құрамында көміртегі болады. Оларға көмір, мұнай, жанғыш сланецтер, табиғи газ жатады. Көмір – мұнайға альтернативті шикізат, оны сұйық көмірсутектерге айналдыру тәсілдері белгілі (жасанды мұнай). Өсімдік пен жануарлар шикізатының шығу тегі өз атына сай: ағаш, мақта, тері, жүн. Су және ауа – гидросфера және атмосфера. Су- сутегі мен оттегінің алу көзі. Оттегі – тотықтырғыш ретінде, ауадағы азот аммиак өндірісі үшін қолданылады.

Қалпына келтіретін шикізат - өсімдік пен жануар. Қалпына келтірмейтін шикізат – мүлдем қалпына келтірілмейді немесе өте баяу қалпына келеді.

Шикізат базасының дамуы келесі негізгі мәселелерді шешеді: шикізаттың арзан түрін пайдалану, концентрленген шикізатты қолдану, шикізатты кешенді пайдалану, тағамдық шикізатты минералдыға ауыстыру. Бүгінге дейін сутегін алудағы негізгі шикізат көзі кокс болатын. Экономикалық есептеулерге сүйеніп, көмірді жерасты игергенге қарағанда табиғи газды игерудің өзіндік құны 12 есе, мұнай – 3,5 есе аз (шартты отын бірлігіне шаққанда). Коксты табиғи газбен алмастырғанда аммиактың өзіндік құны 2 есе төмендейді, бұл кезде аммиактан алынатын азоттық тыңайтқыштар мен басқа да өнімдердің өзіндік құны төмендейді.

НОС химиялық өндірісіндегі шикізат

Шикізат ресурстары – өнеркәсіптік өнімдерді өндірудегі табиғи материалдар.

Өнеркәсіптік шикізатты шығу тегіне байланысты – минералды, өсімдік және жануар тектес; қоры бойынша – қалпына келмейтін; химиялық құрамына байланысты – органикалық, бейорганикалық; агрегатты қалпына байланысты – қатты, сұйық, газ деп бөледі.

Минералды шикізат – жер қойнауынан алынатын пайдалы қазбалар . үшке бөлінеді: кенді, кенді емес, жанғыш.

Кенді минералды шикізат деп – тау жыныстары, кейбірінен металдар алынады.

Кенді емес минералды шикізат – металл емес материлдар алуға, метал өндірісінде қолданылмайтын таужынысы.

Жанғыш минералды шикізат – құрамында көміртегі бар, сол себепті көміртегіқұрамдас деп аталатын шикізат. Оларға көмір, мұнай, жалғыш тақта тастар, табиғи газ жатады.

Көмір – мұнай балама шикізат, сұйық көмірсутегіге айналдыру тәсілдері белгілі(жасанды мұнай).

Өсімдік және жануар тектес шикізат – атауына сәйкес шығу тегіне ие.

Су мен ауа сутегі және оттегі алу көзі, уаудағы азот аммиак өндірісі үшін, оттегі көптеген тотықтыру процестерінде қолданылады.

Қалпына келетін шикізат – бұл өсімдік және жануар тектес.

Қалпына келмейтін – не мүлдем қалпына келмейді, не қалпына келу мөлшері қолдану мөлшерінен әлдеқайда кем.

НОС өндірісі органикалық қазбалар шикізатында негізделген: мұнай, табиғи газ, тас көмір, тақта тастар.

НОС маңызды өндірісіне синтез-газ – метанол , формальдегид; алкандар - жоғары қышқылдар, және спирттер; бутадиен және изопрен, алкендер – этанол, изопропанол, ацетилдер – фцетальдегид, сірке қышқылы және оның ангидриді; ароматты көмірсутектер – этилбензол, стирол, фенол; нафтендер – капролактам.