
- •1. Тауарлық химиялық өнімдер мен коксті жартылай өнімдер және мұнай өңдеуге негізделетін химиялық процесс және өндіріс ретінде органикалық және мұнай химиялық синтездер технологиясының түсінігі.
- •2. Химиялық технология химиялық өндірістің ғылыми негізгі сияқты
- •3. Ғылым ретінде химиялық технологияның ерекшелігі, және оның басқа ғылымдармен байланысы
- •4. Негізгі органикалық синтез бен мұнай химияның өндірістік өнеркәсіптік жіктелуі
- •5. Химиялық өндірістердің құрылымдық құрамы және компоненттер.
- •6. Негізгі органикалық синтез және мұнай химия өндірістерінің негізгі шикізат көздері, классификациясы, химиялық шикізатқа қойылатын талаптар
- •7. Негізгі органикалық және мұнай химия синтез өндірістерінің негізгі даму тенденциялары. Әлемдік және Қазақстандық мұнай газ кешендерінің қазіргі жағдайлары
- •8. Мұнай және газдың әлемдік экономикадағы мәні және Қазақстандағы көмірсутек шикізаттарын терең өңдеу өндірістерінің дамуы
- •9.Химиялық өндірістердің мемлекетіміздің экономикалық қалыптасуындағы маңыздылығы және орны, оның басқа салалармен байланысы
- •10. Химиялық өнеркәсіптің салалары. Мұнай химия өнеркәсіптерінің салалары
- •11. "Қазақстанның мұнай химиясы" даму бағдарламасының негізгі жағдайлары. Енгізіліп жатқан газ химиялық кешендер.
- •12. Қазақстанның мұнай химиялық өнеркәсіптерінің инвестициялық жобалары. 2001-2015 аралығындағы өндірістердің даму және орналасу сызбанұсқасы
- •13. Химиялық өнеркәсіптердің дамуына химиялық технологияның рөлі
- •14. Химиялық өндірістің адамзаттың өмір сүруіне және мемлекетіміздің экономикалық дамуына әсері
- •15. Технологиялық процестердің параметрлері және оларды тиімді ету жолдары.
- •16. Шикізаттың жүктелу және шығарылу сипаттамаларына қарай технологиялық процестердің жіктелуі
- •17. Химиялық техниканың негізгі даму бағыттары
- •18. Органикалық заттардың химиялық өндірісі процестерінің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
- •19. Химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары
- •20. Химиялық өндірістердің гидромеханикалық процестері және олардың аппаратуралары
- •21. Химиялық өндірістердің жылулық процестері және олардың аппаратуралары.
- •22. Химиялық өндірістерлің масса алмасу процестері және олардың аппаратуралары.
- •23. Химиялық шикізаттың ресурстары және оларды рационалды пайдалану.
- •24. Химиялық шикізаттың жойылу жылдамдығының сандық сипаттамасы.
- •26. Химиялық өндірістің шикізаты. Шикізаттың жіктелуі. Химиялық шикізатты өңдеуге дайындау.
- •27. Шикізатты байыту қағидалары. Қатты заттарды байыту.
- •28. Мұнай туралы түсінік. Қазақстанның мұнай кенорындары.
- •29. Табиғи және мұнайға ілеспе газдар. Газды бензиндер.
- •30. Ірі кенорынға жататын мұнай кенорындары.
- •31. Химиялық өндірістің энергетикалық ресурстары. Энергия көздері және түрлері.
- •32. Отын-энергетикалық ресурстардың жіктелуі.
- •33. Отындардың технологиялық сипаттамалары.
- •34. Өндірістік қалдықтарды тазалаудың негізгі әдістерін айтыңыз.
- •35. Мұнай химиялық өнімдерге жататын салалар.
- •36. Химиялық өндірістің технологиялық процесс үшін мәні қандай.
- •37. Шикізаттарды агрегаттық күйіне және құрамына қарай бөлу.
- •38. Өндірістің технологиялық сызбанұсқасы және ол қандай мәлімет береді
- •39. Минералды шикізат. Рудалық минералды шикізат түсінігі
- •40. Негізгі органикалық синтездің мақсатты және аралық өнімдері туралы түсінік.
- •41. Мұнайды өңдеуге дайындау
- •42. Мұнайдың классификациясы (ғылыми және технологиялық)
- •43. Мұнайдың пайда болуы : органикалық және бейорганикалык гипотезалары
- •44. Мұнайлар және мұнай өнiмдерiнiң физика-химиялық қасиеттерi
- •45. Мұнайлар және мұнай өнiмдерiнiң физика-химиялық қасиеттерiн анықтау
- •46. Мұнайдың элементтік және топтық құрамы
- •47. Мұнайдағы, ілеспе газдардағы және газ конденсатты кен орындарындағы газ тәріздес алкандардың химиялық құрамының жалпы мөлшері
- •48. Мұнайдың тығыздығын анықтау
- •49. "Ретроградты конденсация" түсінігі. Бұл процесс қандай газ кенорындарында кездеседі
- •50. "Сайлинг-процесс" түсінігіне анықтама беріңіз және ол іс жүзінде қандай мақсатта қолданылады
- •51. Екіншілік энергетикалық ресурстарды химиялық өндірістерде пайдалану.
- •58. Ағынды суларды тазалаудың биохимиялық және физика- химиялық әдістері.
- •60. Табиғи және мұнайға ілеспе газдар, газды бензиндер.
- •61. Мұнай өңдеу зауыттарының газдары, сұйық мұнай өнімдері
- •62. Ацетиленді карбид кальциінен және көмірсутектерден алу
- •63. Синтезгаз және көміртегі оксиді. Көміртегі оксиді негізіндегі синтездер.
- •64. Метил спиртінің синтезі. Даму бағытындағы метанол өндірісінің сызбанұсқасы және өндірістегі қоршаған ортаны қорғау
- •65. Формальдегид өндірісі, технологиялық сызбанұсқалары
- •66. Химиялық өндірістің катализі. Каталитикалық реакциялардың және катализаторлардың жіктелуі.
- •67. Гомогенді және гетерогенді катализ
- •68. Катализаторлардың активтілігі мен селективтілігі, тұрақтылығы
- •69. Химиялық реакция жылдамдығы мен температуралар арасындағы байланыс
- •70. Құрамында оттегі, азот, галоген, күкірт бар органикалық қосылыстарды өндірісте пайдалану.
- •71. Каталитикалық химиялық процесс. Катализатордың маңызы және түрлері.
- •72. Химика – технологиялық процестердің негізгі көрсеткіштері (техникалық, экономикалық, әлеуметтік)
- •73. Комбинирленген химика-технологиялық процесстер және шикізатты кешенді пайдалану.
- •74. Өнеркәсіптік өндірістердің ағын сулары және оларды тазалау әдістері.
- •75. Химиялық өндірістердің қалдықтары. Қалдықтарды азайту қағидалары.
- •76. Қалдықсыз өндіріс жасаудың негізгі принциптері.
- •77. Экология және өндірістік экология туралы жалпы түсінік.
- •78. Табиғи ресурстарға сұраныс масштабы. Қоршаған ортаның және өндірістің әсері.
- •79. Еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау жұмыстарын ұйымдастыру.
- •80. Еңбекті қорғау заңдылықтарын бұзудағы жауапкершіліктер.
- •81. Мұнай өңдеу және мұнай химиялық өндірістердегі травмалық сипаттамалар.
- •82.Өндірістік травматизм және кәсіптік аурулар түсінігі.
- •84.Улы заттардың классификациясы. Кәсіптік уланудың алдын алу
76. Қалдықсыз өндіріс жасаудың негізгі принциптері.
Қалдықсыз өндіріс құрудың негізгі принциптері. Өндіріс пен қоршаған орта арасында осы уақытқа дейін байланыстың ашық типі болды. Өндірістік процесс табиғи ресурстарды қолдану мен оларды өндіріс, тұтыну құралына айналдырумен аяқталады. Өндіріс процесінен кейін тұтыну процесіне өзгереді, оны қолданғаннан кейін қолданылған өнімдер тасталынады.
Тұйықталған өндіріс жүйесі – қоршаған орта мен өндіріс арасындағы байланыстың жаңа формасы. Өндіріс келесі фундаменталды принциптерге сүйеніп құрылады: бастапқы табиғи затты біршама толық қолдану; тұтыну мен өндіріс қалдықтарын регенерацяилау әрі оларды өндірістің келесі сатысы үшін бастапқы шикізатқа айналдыру; тұтыну мен өндірістің қолданылған қалдықтарын экологиялық жүйеге ассимилияциялай алу.
Қалдықсыз өндірістің экономикалық тиімділігі. Қалдықсыз өндірістің абсолютті экономикалық тиімділігі η мына теңдеумен анықталады:
77. Экология және өндірістік экология туралы жалпы түсінік.
Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды.
Қазіргі кезде экология ғылымы көптеген басқа да ғылымдармен тығыз байланыста дамып, жаңа ғылым салалары мен бағыттары пайда болуда. Мысалы, әлеуметтік экология, өнеркәсіптік экология, геоэкология, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы экологиясы, ғаламдық экология және т.б.:[3]
Әлеуметтік экология — табиғат пен қоғам арасындағы өзара карым-қатынас заңдылықтарын "табиғат + адам + қоғам" жүйесі негізінде зерттейді.
Өнеркәсіптік экология — өнеркәсіптік нысандардың тірі организмдерге және қоршаған орта жағдайларына әсерін зерттейді.
Геоэкология — жер бетіндегі экожүйелердегі және биосфералық деңгейдегі сыртқы орта құбылыстарының өзара байланысын және олардың тірі организмдермен қарым-қатынасын зерттейді.
Ауыл шаруашылығы экологиясы — ауыл шаруашылығы салаларының сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын агроценоздардың даму өзгеру заңдылықтарын және ауыл шаруашылығы салаларының бір-біріне әсерін зерттейді.
Ғаламдық экология — биосфера деңгейіндегі, тіпті Күн жүйесіндегі әлемдік құбылыстарды, табиғи өзгерістерді зерттейді. Мысалы, эпидемиялық аурулар, климаттың жаппай жылынуы, азон қабатының жұқаруы, ядролық қауіп катерлер, шөлейттенудің алдын алу, т.б.
Экология - тірі организмдердің өмір сүру шартын, олардың өмір сүріп жатқан ортамен өзара байланысын зерттейтін ғылым. Табиғатқа өндіріс дамуының кері әсері үш негізгі аспектіге алып келеді: табиғи ресурстар таусылады; қоршаған орта ластанады және экологиялық тепе теңдік бұзылады; адамдардың өмір сүру жағдайы, әлеуметтік даму мен табиғи ресурстардың жұмысшы потенциалы сақталуы нашарлайды.
Өнеркәсіптік экология жалпы экологияның бөлімі ретінде, өзара байланыстарды, адамның шаруашылық әрекетінің объектілерінің қоршаған ортамен өзара байланысуын зерттейді (өндіріс, қала, ауыл шаруашылығы, гидротехникалық ғимараттар мен тағы басқасы).
Өнеркәсіптік экологияның оқу құралы барлық экосфераның элементі болатын техносфера болып табылады, оған гидросфера, атмосфера, литосфера, биосфера мен техносфера кіреді.
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде. Сонымен қатар, адамның денсаулығы мен оның материалдық жағдайы қоршаған ортаның жай-күйінің сапасына тәуелді. Сондықтан қоршаған орта туралы ілім пәнін меңгеру антропогенді және табиғи жағдайларды , адамдардың биосферадағы ролі және орны жайлы экологиялық көзқарастарын қалыптастыруда маңызды орын алады.
Ғаламат жаңалықтармен бірге өндірістің жедел дамуы, зауыттардың еселеніп салынуы, жер құнарының тас-талқанын шығарған 1953-1962 жылдардағы тың игеру , қазақ жеріндегі сынақ алаңдары күнделікті тіршілікке араласып, жетістігімен қатар апатын да ала келді.
Қазіргі кездегі шаруашылық іс-әрекеттердің қоршаған ортамен қарым – қатынасының күрделене түсуі, атмосфераның , құрлық , су экожүйелерінің беткі қабаттарының , олардың сипаттарының өзгеріске ұшырауы, энтермиялық қаруланудың күшеюі, өндірісте қажетті материалдардың шамадан тыс өндірілуіне байланасты көптеген заттардың қалдық түрінде қоршаған ортаға бөлініп шығуы, яғни қатты, сұйық және газ тәріздес қалдық заттардың мөлшерінің жоғарылап кетуі және басқа да айтулы факторлардың әсер ықпалына тікелей байланысты. Бұл аталған проблемалардың негізі адамзаттың шаруашылық іс-әрекеттер кезінде, табиғи ресурстарды үнемі пайдалану қажеттіліктерінен туындап отыр.
АҚШ, Англия,Франция, Германия, Жапония сияқты бірқатар өркениетті елдерде ірі өндіріс орындарын салмастан бұрын оның қоршаған ортаға әкелетін экологиялық шығынын есептей отырып, сол жердегі халақтың денсаулығына тигізетін әсерін ғылыми түрде тұжырымдап барып жүзеге асырады. Біздің ірі өндіріс орындарының барлығында жоғарыда аталған экологиялық шарттар ескерілмеген. Ірі өндіріс орындарынан шығатын улы газдар, ауыр металдар өндіріс орындарынан шыққан лас су көздері, өндіріс орындарының айналасындағы халықтың денсаулығына , топырақтың, ауаның құрамының өзгеруіне үлкен әсер етуде.
Жалпы ірі өндіріс орындарын дамыту 3 факторға байланысты:
1. Шикізат көзі.
2.Адам күші.
3.Су ресурстары.
Осы үш фактордың арақатынасын сақтамай ірі енеркәсіп орындарын дамыту мүмкін емес.