Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпоры по ввсп(для специальности хтов 5В072100)...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
742.04 Кб
Скачать

4. Негізгі органикалық синтез бен мұнай химияның өндірістік өнеркәсіптік жіктелуі

Органикалық синтездің негізгі өнімдеріне қаныққан, қанықпаған, ароматты көмірсутектер және олардың туындылары жатады.

Негізгі органикалық синтез өнеркәсібі басқа органикалық қосылыстар үшін қажетті әртүрлі шикізаттарды өндіреді, оның ішінде мономерлер, сонымен қатар ауыл-шаруашылығында хладагенттер, улы химикаттар, жоғары қайнаушы жылу тасымалдағыштар, антифриздер, отынға қосымша қоспалар, жуғыш заттар т.б. пайдаланылатын өнімдер.

Негізгі орнаниклық синтез (НОС) өндірісі органикалық шикізат қазбаларына базаланады: мұнай, табиғи газ, тас көмір мен сланцтар. Оларды өңдеудің заманауи процестерін қолданып (крекинг, пиролиз, риформинг, ректификация, конверсия, кокстену мен жартылай кокстену) және бастапқы материалдарды бөлудің түрлі әдістерін қолданып маңызды қосылыстар алады, ол органикалық синтездің тікелей шикізаттары болып табылады: синтез-газ (СО пен Н2 қоспасы); қаныққан алифатты көмірсутектер (метаннан пентанға дейін); жекелегене моноолефиндер (С2 және одан жоғары) және оның қоспасы; диолефиндер; бутадиен, изопрен т.б. ацетилен; ароматты көмірсутектер: бензол, толуол, ксилол т.б.

Мұнайхимия өндірісі 4 топқа бөлінеді:

1 топ. Жеңіл көмірсутекер өндірісі б-ша зауыттар( этан, пропан, бутан, өндірісі) – Қазақ және Теңгізді газөңдеу зауыттары.

2 топ. Базалық мұнайхимия шикізаты өндірісінің зауыттары: этилен, пропилен, бензол шығаруы мүмкін) сонымен қатар барлық мұнай өңдеу зауыттары(пропилен, бензол, толуол, ксилол, шығаруы мүмкін)

3 топ. Полимерлер және басқа да мұнайхимия өнімдерінің тауарларын шығаратын зауыттар: шайырлар, лактар, бояулар және басқалары. Бұл топқа республиканың негізгі әркеттегі мұнайхимия кәсіпорындарын жатқызуға болады.

4 топ. Қолдануға дайын әртүрлі бағыттағы конструкциялы материалдар мен полимер өнімін шығару зауыттар.

5. Химиялық өндірістердің құрылымдық құрамы және компоненттер.

Химиялық өндірістің компонеттері. Ауыспалы компоненттер өндірісте әрдайым қолданылады немесе пайда болады: шикізат; қосымша материалдар, өнімдер; қалдықтар, энергия.

Тұрақты компоненттер өндіріске салынады (құрылғаылар, құрылымдар) немесе онда толық үрдіс жүріп жатқанша қатысады (қызметкерлер): құрылғаылар(машина, аппараттар, сыйымдылықтар, құбырлар арматура), бақылау және басқару құрылғылары, құрылыс құрылғылыры (ғимараттар), қызметкерлер (жұмысшылар, аппаратшылар, инженер мен басқа да өндіріс қызметкерлері).

Химиялық өндірістің құрамы: химиялық өндіріс; шикізат, өнім және т.б. қоймалары; шикізат, өнім, қосымша өнім, аралық өнім, қалдық тасымалын ұйымдастыру жүйесі; қосымша ғимараттар; өндіріс бөлімшесінің қызметкерлері; басқару жүйесі, қамтамасыз ету және қауіпсіздік.

Химия-технолгиялық үрдіс (ХТҮ) – химиялық және физико-химиялық үрдістердің жүйелілігі және олардың бастапқы заттардан негізгі өнімге нысанды өндірудің үйлесуі. Негізгі тағайындау бойынша жіктелген, және сәйкес аппараттар мен машиналарда жүзеге асатын тұтас химико-технологиялық үрдісте келесі жеке үрдістер мен операциялар айқындалады.

Процестің жалпы сипаттамасы. Химиялық процесс бір немесе оданда көп химиялық реакция. Химиялық технология процесі 5 топқа бөлінеді: гидромеханикалық процесс, жылдамдық, гидравлика заңымен анықталады; жылулық процесі, жылу беру заңымени жылдамдық анықталады; масса алмастыру (диффузиондық) процессі, олардың жылдамдығы масса беру заңымен анықталады; химиялық процесстер, олардың жылдамдығы химиялық кинетика заңымен анықталады; механикалық процесстер. Катализатордың әсерінен ағатын процесстер негізгі топ болып саналады.

Ұйымдастырушы – технологиялық құрылыс бойынша (ең бірінші материалдардың аппаратқа енудегі сипаттамасы және одан шығатын тағамның сипаттамасы бойныша) химиялық технология процессі периодты, үздіксіз және аралас.

Периодты процесске барлық процесстің ағатын бір бірлігі. Шикізатты жүргізу операциясы, процессті жүргізу және дайын өнімді шығару бір аппаратта, бірақ әртүрлі уақытта болады.

Үздіксіз процесс үшін барлық процесстің ағу уақытының бірлігі, яғни жоғарыда айтылған барлық процестер бір уақытта, бірақ әртүрлі аппаратта немесе бір аппараттың әртүрлі секциясында жүргізіледі.

Аралас прцесстер, алғашқы әсер етуші заттар үздіксіз түседі, ал өнім периодты түрде шығарады.