
- •1. Тауарлық химиялық өнімдер мен коксті жартылай өнімдер және мұнай өңдеуге негізделетін химиялық процесс және өндіріс ретінде органикалық және мұнай химиялық синтездер технологиясының түсінігі.
- •2. Химиялық технология химиялық өндірістің ғылыми негізгі сияқты
- •3. Ғылым ретінде химиялық технологияның ерекшелігі, және оның басқа ғылымдармен байланысы
- •4. Негізгі органикалық синтез бен мұнай химияның өндірістік өнеркәсіптік жіктелуі
- •5. Химиялық өндірістердің құрылымдық құрамы және компоненттер.
- •6. Негізгі органикалық синтез және мұнай химия өндірістерінің негізгі шикізат көздері, классификациясы, химиялық шикізатқа қойылатын талаптар
- •7. Негізгі органикалық және мұнай химия синтез өндірістерінің негізгі даму тенденциялары. Әлемдік және Қазақстандық мұнай газ кешендерінің қазіргі жағдайлары
- •8. Мұнай және газдың әлемдік экономикадағы мәні және Қазақстандағы көмірсутек шикізаттарын терең өңдеу өндірістерінің дамуы
- •9.Химиялық өндірістердің мемлекетіміздің экономикалық қалыптасуындағы маңыздылығы және орны, оның басқа салалармен байланысы
- •10. Химиялық өнеркәсіптің салалары. Мұнай химия өнеркәсіптерінің салалары
- •11. "Қазақстанның мұнай химиясы" даму бағдарламасының негізгі жағдайлары. Енгізіліп жатқан газ химиялық кешендер.
- •12. Қазақстанның мұнай химиялық өнеркәсіптерінің инвестициялық жобалары. 2001-2015 аралығындағы өндірістердің даму және орналасу сызбанұсқасы
- •13. Химиялық өнеркәсіптердің дамуына химиялық технологияның рөлі
- •14. Химиялық өндірістің адамзаттың өмір сүруіне және мемлекетіміздің экономикалық дамуына әсері
- •15. Технологиялық процестердің параметрлері және оларды тиімді ету жолдары.
- •16. Шикізаттың жүктелу және шығарылу сипаттамаларына қарай технологиялық процестердің жіктелуі
- •17. Химиялық техниканың негізгі даму бағыттары
- •18. Органикалық заттардың химиялық өндірісі процестерінің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
- •19. Химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары
- •20. Химиялық өндірістердің гидромеханикалық процестері және олардың аппаратуралары
- •21. Химиялық өндірістердің жылулық процестері және олардың аппаратуралары.
- •22. Химиялық өндірістерлің масса алмасу процестері және олардың аппаратуралары.
- •23. Химиялық шикізаттың ресурстары және оларды рационалды пайдалану.
- •24. Химиялық шикізаттың жойылу жылдамдығының сандық сипаттамасы.
- •26. Химиялық өндірістің шикізаты. Шикізаттың жіктелуі. Химиялық шикізатты өңдеуге дайындау.
- •27. Шикізатты байыту қағидалары. Қатты заттарды байыту.
- •28. Мұнай туралы түсінік. Қазақстанның мұнай кенорындары.
- •29. Табиғи және мұнайға ілеспе газдар. Газды бензиндер.
- •30. Ірі кенорынға жататын мұнай кенорындары.
- •31. Химиялық өндірістің энергетикалық ресурстары. Энергия көздері және түрлері.
- •32. Отын-энергетикалық ресурстардың жіктелуі.
- •33. Отындардың технологиялық сипаттамалары.
- •34. Өндірістік қалдықтарды тазалаудың негізгі әдістерін айтыңыз.
- •35. Мұнай химиялық өнімдерге жататын салалар.
- •36. Химиялық өндірістің технологиялық процесс үшін мәні қандай.
- •37. Шикізаттарды агрегаттық күйіне және құрамына қарай бөлу.
- •38. Өндірістің технологиялық сызбанұсқасы және ол қандай мәлімет береді
- •39. Минералды шикізат. Рудалық минералды шикізат түсінігі
- •40. Негізгі органикалық синтездің мақсатты және аралық өнімдері туралы түсінік.
- •41. Мұнайды өңдеуге дайындау
- •42. Мұнайдың классификациясы (ғылыми және технологиялық)
- •43. Мұнайдың пайда болуы : органикалық және бейорганикалык гипотезалары
- •44. Мұнайлар және мұнай өнiмдерiнiң физика-химиялық қасиеттерi
- •45. Мұнайлар және мұнай өнiмдерiнiң физика-химиялық қасиеттерiн анықтау
- •46. Мұнайдың элементтік және топтық құрамы
- •47. Мұнайдағы, ілеспе газдардағы және газ конденсатты кен орындарындағы газ тәріздес алкандардың химиялық құрамының жалпы мөлшері
- •48. Мұнайдың тығыздығын анықтау
- •49. "Ретроградты конденсация" түсінігі. Бұл процесс қандай газ кенорындарында кездеседі
- •50. "Сайлинг-процесс" түсінігіне анықтама беріңіз және ол іс жүзінде қандай мақсатта қолданылады
- •51. Екіншілік энергетикалық ресурстарды химиялық өндірістерде пайдалану.
- •58. Ағынды суларды тазалаудың биохимиялық және физика- химиялық әдістері.
- •60. Табиғи және мұнайға ілеспе газдар, газды бензиндер.
- •61. Мұнай өңдеу зауыттарының газдары, сұйық мұнай өнімдері
- •62. Ацетиленді карбид кальциінен және көмірсутектерден алу
- •63. Синтезгаз және көміртегі оксиді. Көміртегі оксиді негізіндегі синтездер.
- •64. Метил спиртінің синтезі. Даму бағытындағы метанол өндірісінің сызбанұсқасы және өндірістегі қоршаған ортаны қорғау
- •65. Формальдегид өндірісі, технологиялық сызбанұсқалары
- •66. Химиялық өндірістің катализі. Каталитикалық реакциялардың және катализаторлардың жіктелуі.
- •67. Гомогенді және гетерогенді катализ
- •68. Катализаторлардың активтілігі мен селективтілігі, тұрақтылығы
- •69. Химиялық реакция жылдамдығы мен температуралар арасындағы байланыс
- •70. Құрамында оттегі, азот, галоген, күкірт бар органикалық қосылыстарды өндірісте пайдалану.
- •71. Каталитикалық химиялық процесс. Катализатордың маңызы және түрлері.
- •72. Химика – технологиялық процестердің негізгі көрсеткіштері (техникалық, экономикалық, әлеуметтік)
- •73. Комбинирленген химика-технологиялық процесстер және шикізатты кешенді пайдалану.
- •74. Өнеркәсіптік өндірістердің ағын сулары және оларды тазалау әдістері.
- •75. Химиялық өндірістердің қалдықтары. Қалдықтарды азайту қағидалары.
- •76. Қалдықсыз өндіріс жасаудың негізгі принциптері.
- •77. Экология және өндірістік экология туралы жалпы түсінік.
- •78. Табиғи ресурстарға сұраныс масштабы. Қоршаған ортаның және өндірістің әсері.
- •79. Еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау жұмыстарын ұйымдастыру.
- •80. Еңбекті қорғау заңдылықтарын бұзудағы жауапкершіліктер.
- •81. Мұнай өңдеу және мұнай химиялық өндірістердегі травмалық сипаттамалар.
- •82.Өндірістік травматизм және кәсіптік аурулар түсінігі.
- •84.Улы заттардың классификациясы. Кәсіптік уланудың алдын алу
31. Химиялық өндірістің энергетикалық ресурстары. Энергия көздері және түрлері.
Химиялық өнеркәсіпте энергия тұтынудың құрылымы: жылулық – 48%, электрлік – 44%, тура қолдану отыны – 8%.
Құндық өрнектелуде химиялық өндіріс процестері арасындағы энергияны тұтыну келесідей орналастырылады: химиялық реакторларда – 5-40%, массаалмасу процестерінде – 30-80%, жылулық процестерде – 60-90%.
Химиялық өндірістегі жылулық энергияның жартысынан көбі химиялық талшықтар (химиялық өнімнің жалпы көлемінен 10,5%), аммиак (9,5%), полимерлер (8,2%), каустикалық сода (4,7%), капролактам (3,5%), карбамид (3,5%), метанол (2,5%) сияқты энергияны көп жұмсауды талап ететін өнімдерге жұмсалады.
Электр энергиясы қолданылады: электрохимиялық процестерді өткізу үшін (ерітінділердің және балқымалардың электролизі); электротермиялық процестерде: (балқыту, қыздыру, жоғары температурадағы синтездер); электростатикалық процестерде: (шаңның және тұмандардың тұнуы). Өндіріске байланысты электр энергиясының шығыны: суперфосфат – 2,2 кВт/т, алюминий – 17500-18000 кВт/т.
Жылулық энергия – қыздыру, балқыту, кептіру, буландыру, дистилляция және т.б. Кейбір химиялық өнімдер өндірісіне будың орташа шығыны, мысалы, аммиак селитрасы өндірісі үшін – 0,4 Мкалл/т, винилацетат үшін – 4,4 Мкалл/т құрайды. Радиационды-химиялық процестер кең қолданыс тапты (полимерлеу, фенол алу, анилин алу және т.б.).
Химиялық энергия жұмсалады: гальваникалық элементтерде, аккумуляторларда.
Жарық энергиясы: HCI-ды синтездеу үшін, органикалық қоспаларды галогендеу үшін.
Химиялық өндіріспен энергия алу көздеріне жатады:
Ішкі өндіріс қондырғыларында жылулық энергия өндіруге жұмсалатын отындар, мысалы, жаққыштарда, горелкаларда, бу қыздырғыштарда;
Жылу электр орталықтары (ТЭЦ) және жылулық және электр энергиясының басқа да сыртқы жылуэнергетикалық қондырғылары;
Энергетикалық сәулелену қондырғылары.
Бастапқы компоненттер бойынша энергия көздері біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік энергия көздері деп энергиялық потенциалы табиғи процестер негізінде пайда болып және адам іс-әрекетіне байланыссыз заттарды айтады: қазынды жанғыш және радиоактивті заттар, жоғары температураға дейін қыздырылған термальді сулар, күн, жел, өзен, теңіз, мұхит, толқындар суларының энергиясы, биологиялық іс-ірекеттің өсімдік өнімдері (бөрене және т.б. өсімдік өнімдер). Химиялық өнеркәсіпте, негізінен, газтәріздес және сұйық отындар қолданылады.
32. Отын-энергетикалық ресурстардың жіктелуі.
Отын-энергетикалық ресурстарды классификациялау. Энергетикалық ресурстар біріншілік және екіншілік, отындық және отындық емес, қайта қалпына келтірілетін және келмейтін болып бөлінеді.
Отындық ресурстарға қазынды жанғыш заттарды жатқызады (көмір, мұнай, табиғи газ, сланецтер, битуминоздық құмдар, торф, биомасса). Бұл ресурстар қалпына келмейді.
Қалпына келтірілетін ресурстарға барлық мүмкін энергия көздерін жатқызады: гидроэнергия, жел, өзен энергиясы, Күннің сәулелі энергиясы, Жердің терең жылуы. Қазіргі кезде өнеркәсіпте ең бастысы қалпына келтірілмейтін энергия көздерін пайдаланады, көбінесе газтәріздес және сұйық отын.
Бастапқы компоненттер бойынша энергия көздері біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік энергия көздері деп энергиялық потенциалы табиғи процестер негізінде пайда болып және адам іс-әрекетіне байланыссыз заттарды айтады: қазынды жанғыш және радиоактивті заттар, жоғары температураға дейін қыздырылған термальді сулар, күн, жел, өзен, теңіз, мұхит, толқындар суларының энергиясы, биологиялық іс-ірекеттің өсімдік өнімдері (бөрене және т.б. өсімдік өнімдер). Химиялық өнеркәсіпте, негізінен, газтәріздес және сұйық отындар қолданылады.
Екіншілік энергетикалық ресурстар (ЕЭР). Екіншілік энергетикалық ресурстар: жанармай (отындық), бұлар отынды технологиялық процестермен өңдеу қалдықтарының және металлургиялық жанғыш газдардың химиялық энергиясы болып табылады; жылулық, яғни негізгі өндірістің қалдықтарының және шығатын газдар мен сұйықтардың технологиялық агрегаттарының физикалық жылуы; артық қысымның ресурстары, яғни технологиялық агрегаттардан шығатын және артық қысымда жұмыс істейтін газ және сұйықтардың потенциалдық энергиясы.
Екіншілік энергетикалық ресурстарды пайдалану (ЕЭР). ЕЭР тікелей отын ретінде қолданылуы мүмкін, және утилизациялық қондырғылармен басқа энерготасымалдағыштарға айналуы мүмкін. Осындай мақсатқа рекуператор және жылу регенераторы, және қазан-утилизатор деп аталатын жылуалмастырғыштар қолданылуы мүмкін.