Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпоры по ввсп(для специальности хтов 5В072100)...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
742.04 Кб
Скачать

2. Химиялық технология химиялық өндірістің ғылыми негізгі сияқты

Технология сөзі грекгің «технос» - өнер, «логос»- ғылым деген сөздеріне жатады. Яғни «технология» - өнер туралы ғылым. Қазіргі танда,өндірістің дамуымен технология сөзіне жаңа мазмұндар енгізілуде.

Технология - табиғат өнімдерінен тұтыну заттарын, өндіріс құралдарын өндеу процестерінін экономикалык әдістерін зерпейтін ғылым. Технология химиялық және механикалық болып бөлінеді.

Химиялық технология - өңдеу нәтижесінде заттардың қасиеті, ішкі құрылымы мен құрамынын терең өзгеруі жүретін процестерді үйретеді.

Мысалы: табиғи газ, мұнай, көмірді өңдеу ңәтижесінде, құрамы, құрылымы мен қасиеттері мулдем басқа болып келетін өнімдер яғни, тыңайтқыштар, пластикалы массалар, химиялық талшықтар т.б. өнімдер алынады.

Механикалық технология - өңдеу кезінде заттардыц құрамы мен ішкі құрылымы өзгермейтін процестерді зерттейтін ғылым.

Мысалы: ағаштан бұйым, металдан штамповкалау мен кесу арқылы машиналар мен аппараттардын бөлшектері алынады.

Алайда, химиялық технология мен механикалық техникалық арасындағы мұндай алшақтық барлық кезде байқала бермейді. Өйткені, материалдық сыртқы түрі мен пішіні химиялық реакция арқылы өзгеруі мүмкін, ал химиялық өзгерістер, өз кезегінде - механикалық процестермен жүруі мүмкін.

Химиялық технология, органикалық емес заттардың технологиясы және органикалық заттардың технологиясы деп бөлінеді.

Органикалық емес заттардың технологиясы - органикалық емес өнімдерді өндіру болып табылады. Яғни, минералды қышқыддарды, тұздарды, тынайтқыштарды, сілтілер, силикатты материалдарды, керамика, шыны, жартылай өткізгіштерді т.б. өндіру болып табылады.

Органикалық заттарды өндіру, органикалық заттардың технологиясына жатқызылады. Яғни, отынды қайта өңдеу: көмір, мұнай, жанғыш газдар, органикалық қышқыддар алу, спирттер алу, бөлу, пластикалық масса, химиялық талшықтар, синтетиакалық каучук т.б. органикалық синтез өнімдерінің өндірісі.

Бір мекемеде органикалық емес және органикалық профильдегі өндірістер біріктірілуі мүмкін. Химиялық кәсіп орындарда әр түрлі химиялық процестер, әр түрлі жағдайларда - жоғары немесе төмен температура мен қысымда, катализатор қолданып немесе қолданбай етеді. Соңдықтан да күрделі аппаратураға деген қажеттілік туады. Бұл зауыттарда химиялық процестердін басқа физикалық процестер - қатты, сұйық және газ өнімдерін бөлу, қатты заттарды бөлшектеу, жылуалмасу процестері т.б., жүреді.

Химиялық өндірістің даму деңгейін мемлекеттің экономикалық потенциалы анықтайды.

3. Ғылым ретінде химиялық технологияның ерекшелігі, және оның басқа ғылымдармен байланысы

Химиялық технология — табиғи шикізаттарды (көмір, мұнай, табиғи газ, ағаш, тағы басқа) химиялық жолдар арқылы тұтыну мүліктеріне және өндіріс құралдарына айналдырудың экономикалық тиімді әдістері мен процестері жайындағы ғылым.

Зерттейтін объектілері бойынша химиялық технология екіге бөлінеді:

  • бейорганикалық (қышқылдар, сілтілер, сода, силикатты материалдар, минералды тыңайтқыштар, тұздар, т.б.)

  • органикалық (жасанды каучук, пластмассалар, спирттер, органикалық қышқылдар, бояғыш заттар, дәрі-дәрмек, т.б.) заттартехнологиясы.

Механикалық технология заттардың сырт пішінін, физикалық қасиеттерін өзгерту әдістерін зерттесе, химиялық технология заттардың құрамы мен құрылысын өзгертудің химиялық жолдарын қарастырады. Химиялық технологияның басты мақсаты - өндірістік процестердің физикалық-химиялық жағдайын зерттеу, технологиялық процестердің сұлбасын жасау, аппараттар мен приборлардың құралымын анықтау және оларды дайындайтын материалдар іздестіру.

Жаңадан жасалған технологиялық процестер ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне негізделген, экономикалық жағынан тиімді қажетті технолиялық процестердің техникалық және экономикалық тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштеріне: өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын шикізат пен энергия мөлшері, өнімнің шығыны мен сапасы, еңбек өнімділігі, процестің өндіру қарқыны, өндірісті іске қосуға жұмсалатын қаражат, өнім құны, т.б. жатады. Химиялық технология әдістері химия, металлургия, құрылыс материалдары мен силикаттар, тері, тамақ, тоқыма, т.б. өнеркәсіп салаларында пайдаланылады.