Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпоры по ввсп(для специальности хтов 5В072100)...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
742.04 Кб
Скачать

16. Шикізаттың жүктелу және шығарылу сипаттамаларына қарай технологиялық процестердің жіктелуі

Химиялық процесс бір немесе оданда көп химиялық реакция. Химиялық технология процесі 5 топқа бөлінеді: гидромеханикалық процесс, жылдамдық, гидравлика заңымен анықталады; жылулық процесі, жылу беру заңымени жылдамдық анықталады; масса алмастыру (диффузиондық) процессі, олардың жылдамдығы масса беру заңымен анықталады; химиялық процесстер, олардың жылдамдығы химиялық кинетика заңымен анықталады; механикалық процесстер. Катализатордың әсерінен ағатын процесстер негізгі топ болып саналады.

Ұйымдастырушы – технологиялық құрылыс бойынша (ең бірінші материалдардың аппаратқа енудегі сипаттамасы және одан шығатын тағамның сипаттамасы бойныша) химиялық технология процессі периодты, үздіксіз және аралас.

Периодты процесске барлық процесстің ағатын бір бірлігі. Шикізатты жүргізу операциясы, процессті жүргізу және дайын өнімді шығару бір аппаратта, бірақ әртүрлі уақытта болады.

Үздіксіз процесс үшін барлық процесстің ағу уақытының бірлігі, яғни жоғарыда айтылған барлық процестер бір уақытта, бірақ әртүрлі аппаратта немесе бір аппараттың әртүрлі секциясында жүргізіледі.

Аралас прцесстер, алғашқы әсер етуші заттар үздіксіз түседі, ал өнім периодты түрде шығарады.

Химиялық процесс классификациясы физико-химиялық себептері бойнша химиялық процесс классфикациясы.

Физико-химиялық себептер: химиялық реакция түрі, термодинамиканың көрсеткіштер, кинетиканың сипаттамаларды қосады.

Химиялық реакция компоненттерге әсер ету түрі бойынша 3 негізгі топқа бөлінеді: тікелей химиялық әсер ету, ол кезде жеке қуат молекуаласы оның өзін-өзіне әсер етуіне жеткілікті; химиялық әсері бойынша, реакцияның белсенді қатысушысы ретінде катализатордың көмегімен ағады (каталитикалық реакция); физиканың әсерімен.

Термодинамикалық көрсеткіш бойынша реакциялар жылу эффекті бойынша бөлінеді. Жылу эффектісінің белгісі бойынша экзотермиялық, эндотермиялық процесске бөлінеді.

Процесс бойынша, уақыт ағымы бойынша қайтымды және қайтымсыз реакциялар болып бөлінеді.

Кинетикалық сипаттама: реакцияның даму динамикасын сипаттайды, айналу бғытын анықтайды және әсер ету шартын (концентрация, температура) реакцияның ағу жылдамдығын сипаттайды. Кинетикалық себеп сонымен қатар, ауысу схемасын сипаттайды: қарапайым реакция, күрделі реакция; параллельді схема; жалғасу схемасы; екі схемада да қосып алады.

Қарапайым реакциялар – бір ғана энергетикалық барьерді іске асырушы (бір кезең). Күрделі реакция – бірнеше жалғасатын немесе параллельді реакцияны қосып алады.

Химиялық процесстердің физикалық белгілеріне байланысты классификациялау химиялық процестердің фазалық құрамы мен фазалық күйіне сәйкес болады.

Фазалардың қатысуына орай бірфазалы (гомогенді) және көпфазалы (гетерогенді) процестер болып бөлінеді.

Фазалық күйіне байланысты: газ, сұйық, қатты болып бөлінеді. Заттың агрегаттық күйіне тасымалдау қасиеті мен процестің ерекшелігі айқындалады.

Фазалардың ауысуына қарай: тік ағынды, қарама-қарсы ағынды, айналмалы ағынды болып бөлінеді.

Химиялық реакцияның типтеріне байланысты қондырғының және ХТҮ түрлері анықталады.

Процестің өнімділігі толық және қосымша жанама жүретін реакцияларға байланысты негізгі реакцияларды жылдамдату үшін өнімділік катализаторын қолданады.

Гидрохимиялық процестер – тұндыру, фильтрлеу, центрфугалау арқылы бөлінген газ, қатты, фазалардың сұйық жүйеде қозғалуы. Аталған физикалық процестердің жылдамдығы гидродинамика заңдарынан анықталады. Гидромеханикалық процестерге: сұйық фазада тұндыру, фильтрлеу, араластыру жатады.