Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпоры по ввсп(для специальности хтов 5В072100)...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
742.04 Кб
Скачать

1. Тауарлық химиялық өнімдер мен коксті жартылай өнімдер және мұнай өңдеуге негізделетін химиялық процесс және өндіріс ретінде органикалық және мұнай химиялық синтездер технологиясының түсінігі.

Технология – өндіріс үрдістерінің өткізу тәсілдері мен құрылғылыры туралы білім жиынтығы. Сөзбе-сөз технология – кәсіп туралы ғылым.

Химиялық технология өндіріс үрдістерінде заттардың құрам, қасиет және құрылым түпкілікті өзгеретін химиялық және физико-химиялық құбылыстарды зерттейді.

Механикалық технология заттардың құрамы мен құрылымын өзгертпейтін өндіріс үрдістерін зерттейді.

Химиялық технология – өнімді тұтыну заттарына және өндіріс құралына химиялық өзгеріс көмегімен техникалық, экономикалық және қоғамдық пайдалы өндіріс тәсілі мен үрдісі туралы жаратылыстану қолданбалы ғылым.

Химиялық технология ғылым сияқты:

  • Зерттеу пәні – химиялық өндіріс;

  • Зерттеу мақсаты – адамға қажетті өнімдердің пайдалы өндіріс тәсілін құру;

  • Зерттеу әдісі – эксперименттік, модельдеу және жүйелік анализ.

Химиялық технология, ғылым сияқты, химиялық, физико-химиялық, масса, жылу алмасу және басқа үрдістер, бастапқы шикізатты таңдау әдісі мен өңдеу тәсілі, түрлі аппараттардан шикізаттың өту маршруты бір технологиялық жүйемен байланысты. Жаңа қосылыстар мен материал алуда химиялқ технология химиялық активтілікті қолдануға мүмкіндік береді.

Жаратылыстану ғылымы сияқты химиялық технология материалды көріністер мен нысаналарды зерттейді.

Қолданбалы ғылым сияқты химиялық технология өндірісті зерттейді.

Технологияның басты мақсаты технологиялық үрдістердің ең ыңғайлы жағдайларды қарастыру болып табылады.

Химиялық технологияны технологиялық үрдісті қолдану мінездемелеріне байланысты, қолданатын шикізат немесе тұтынушы өнімдеріне байланысты топтастырады.

Сала бойынша химиялық технологияны екі топқа бөледі: бейорганикалық химиялық технология және органикалық химиялық технология.

Химиялық технология зерттеуінің нысанасы химиялық өндіріс болып табылады.

Химиялық өндіріс – шикізатты қажетті өнімге химиялық айналымдар арқылы өңдеуге арналған машина мен аппараттарда өткізілетін үрдістер мен операциялар жиынтығы.

Құрылымы. Химиялық өндірістің құрамы мен компонеттері. Химиялық өндірістің жалпы құрылымы келесі функционалды элементтерді енгізеді: 1-шикізат дайындау; 2-шикізат өңдеу; 3-негізгі өні алу; 4-қалдықты санитарлы тазалау және кәдеге асыру; 5-энергетикалық жүйе; 6- қосымша материалдар және су дайындау; 7-басқару жүйесі.

Химиялық өндірістің құрамы: химиялық өндіріс; шикізат, өнім және т.б. қоймалары; шикізат, өнім, қосымша өнім, аралық өнім, қалдық тасымалын ұйымдастыру жүйесі; қосымша ғимараттар; өндіріс бөлімшесінің қызметкерлері; басқару жүйесі, қамтамасыз ету және қауіпсіздік.

Химия-технолгиялық үрдіс (ХТҮ) – химиялық және физико-химиялық үрдістердің жүйелілігі және олардың бастапқы заттардан негізгі өнімге нысанды өндірудің үйлесуі. Негізгі тағайындау бойынша жіктелген, және сәйкес аппараттар мен машиналарда жүзеге асатын тұтас химико-технологиялық үрдісте келесі жеке үрдістер мен операциялар айқындалады.

Механикалық және гидромеханикалық үрдістерде өңделетңн материалдың химиялық және фазалық ахуалы өзгеріссіз өтеді.

Жылулық үрдістер фазалық ахуалы өзгерсе, химиялық еш өзгеріссіз болады.

Массаалмасу үрдістері байланысатын фазалардың құраушы бөліктері өзгеретін, бірақ химиялық құрамы сол қалыпты қалатын фазааралық алмасу.

Химиялық үрдістер – химиялық реакторларда түпкілікті химиялық құрамының өзгеруі.

Негізгі немесе ауыр органикалық ситез (НОС) – бұл қте көп мөлшерде өндірілетін және нысаналы өнім, сонымен қатар органикалық технологияның басқа да саласындағы жартылай өнім мақсатында қолданылатын салыстырмалы қарапайым құрылымды органикалық заттар өндірісі тұтастығы. НОС технологиялары біршама өзгешеліктері бар:

- Көптоннажды, үздіксіз, көпнұсқалы, өндірістің лезде жаңалануы, еңбектың жоғары өнімділігі, капитал-энергосыйымды, автоматтандырудың жоғары деңгейі, аппарат рәсімдеудің әртүрлілігі.

  • Көптоннаждылық негізгі органикалық және мұнай-химиялық өндірісі халық шаруашылығының барлық салаларын қамтамасыз етеді.

  • Көпнұсқалық бір өнім өндірісінің біршеше жолы.

  • Көпмаршрутты – аралық өнімдердің өтуі НОС және МХС технологияларында кеңінен қолданылатын процестер мен аппараттар саны көп және әр алуан болуымен байланысты.

  • Қауымдастыру мен құрамдастыру – бір технология арасында байланысқан. Шикізатты толық қолдануға мүмкін, өндіріс қалдықтарын іске асырып, өндіріс деңгейлерін жүйелендіру қондырғылар мен өндірістің әр түрлі үрдістері

  • Біріктірілген үрдістер – бірнеше реакциялық үрдістердің бірігуімен қатар реакциялық үрдістердің массаалмасумен бірігуі.