Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
799.74 Кб
Скачать

3 Тақырып. Еңбек құқығының субъектілері

Еңбек құқығын классификациялау мен оның түсінгі.

Құқық субьектісі ретінде заңдық ғылым қоғамдық қатынсатарға қатысушыларды түсінеді, олар қолданыстағы заңның негізінде субьективтік құқықты иеленуші мен соған сәйкес міндеттерді атқарушы болып табылады. Сонымен қатар құқықтың әрбір саласа өз субьектісі шеңберімен сипатталады, олар оның пәні мен әдістерімен қатар аталған саланың жалпы құқық саласындағы ерекшелігін берлігейді.

Нарықтық жағдайға біртіндеп өту жағдайында еңбек құқына ең бірінші субьект маңызды болып табылады, ол нақты түрде еңбек нарығын қолдануға, және еңбек процестерін ұйымдастыруға қатысады. Олар еңбекке жарамды жұмыскерлер, жұмыс берушілер, және жұмыскерлердің мүдделерін қорғайтын кәсіподақтық мекемелер болып табылады. Еңбек құқының барлық аталған субьектілері заң бойынша арнайы белгілерге ие- ол қоғамдық-еңбек әрекетіне байланысты оларға нақты бір құқықтық қатынастарға қатысуға мүмкіндік беретін құқықтық статус.

Жұмыс берушілер өз кезегінде зыңды тұлғаларға, жекелеген кәсіпкерлерге және үй жұмысын істеуге жұмыскерлерді жалдайтын қарапайым азаматтарға бөлінеді. Жұмыс берушілер- заңды тұлғалар меншік түріне қарай мемлекеттік және жеке бола алады, ұйымдастыру-құқықтық әрекет ету формасына байланысты-коммерциялық мекеме бола алады. (мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық бірлестіктер, акционерлік қоғамдар, өндіріс кооперативтері) және коммерциялық емес мекемелер (қоғамдастық, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, діни ұжымдар немесе заңдылық актіде көрсетілген басқа формадағы бірлестіктер). Аталған мекемелердің еңбектік құқық субьектілігі оның белгіленген құжатымен анықталады.

Еңбек құқының субьектілерінің құқықтық статусы заңдық позицияда заң шығару орнымен реттелетін қоғамдық қатынастарда кімнің кім екенін анықтайды. Мәртебе мазұмыны келесі негізгі элементтерді қамтиды: а) субьектінің еңбектік құқық субъектілігі; б) оған заңнамамен бекітілген құқықтар мен міндеттер; в) осы құқықтар мен міндеттердің кепілі; г) субьектіге жүктелген міндеттерді орындау бойынша жауапкершілігі.

Еңбектік құқық субьектілігі субьектінің еңбек құқығы ретінде заңнамамен мойындалған ерекше белгі ретінде, нақты бір жағдайлар болғанда олар еңбек аясында нақты бір құқықтық қатынастардың құқықтыры мен міндеттерін қолданатын субьектісі болуға мүмкіндігі бар.

Қызметкерлер еңбек құқығының субьектісі ретінде

Қызметкер- жұмыс берушімен еңбектік қатынаста тұрғын және жеке еңбек келісім шарты бойынша жұмыс атқаратын жеке тұлға.

Қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттері

1.Қызметкердің:

1) еңбек заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;

2) жұмыс берушіден еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын орындауды талап етуге;

3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;

4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және дәйекті ақпарат алуға;

5) еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;

6) бос тұрып қалу үшін осы Кодекске сәйкес ақы алуға;

7) тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына;

8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өз еңбек құқықтарының берілуі мен оларды қорғау үшін, кәсіподақ немесе басқа да бірлестіктер құру, сондай-ақ оларға мүшелік құқығын қоса алғанда, бірігуге;

9) өзінің өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге қатысуға және ұжымдық шарт жобасын әзірлеуге, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;

10) еңбек заңнамасында көзделген тәртіппен кәсіптік даярлықтан, қайта даярлықтан өтуге және өзінің біліктілігін арттыруға;

11) еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;

12) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;

13) кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;

14) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға;

15) бірдей еңбегі үшін қандай да болмасын кемсітусіз бірдей ақы алуға;

16) еңбек дауын шешу үшін таңдауы бойынша келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге;

17) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;

18) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасында, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге;

19) өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшы немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;

20) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі себепті ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;

21) еңбек жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне өзінің жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын тексеру туралы өтініш жасауға, сондай-ақ еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру мен қарауға өкілдікпен қатысуға;

22) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;

23) біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы төленуіне;

24) еңбек заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және ұжымдық шартта көзделген нысандарда ұйымды басқаруға қатысуға;

25) Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен, ереуілге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге құқығы бар.

2. Қызметкер:

1) еңбек міндеттерін еңбек шартына, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;

2) еңбек тәртібін сақтауға;

3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;

4) жұмыс берушінің және қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;

5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;

6) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;

7) жұмыс берушіге келтірілген зиянды осы Кодексте белгіленген шектерде өтеуге міндетті.

Еңбек заңнамасында, нақты еңбек кодексінің 30 бабында ЕШ отыру 16 жасқа толған адамдар арасында ғана жасалады. Бұл жас критериін әдетте әдебиеттерде еңбекке жарамдығының толысуымен байланыстыратын. Көп жағдайларда адамның денсаулығына ерекше талаптар қойылады. Бұл талаптар әскери қызметкерлерге, ұшқыштарғы, жүргізушілерге, және басқа да ауыр және денсаулыққа зиянды жерлерде жұмыс істейтін адамдарға қойылады. Кейбір жағдайларда адамның қай жынысқа жататыны да маңызды болып табылады. Ол тағы да әскери қызметтегі, ауыр жұмыс пен еңбек жағдайы ауыр жұмыстардағы құқық субьектілері.

Еңбек заңнамасымен қарастырылатын кепілдіктер, ҚР Конституциясындағы азаматтардың құқықтарын қолдану кепілдіктірінің бір бөлігі болып табылады. Кепілдіктерге өндірістегі қызметкердің заңнамамен мойындалған себепті болып танылатын нақты себептермен жұмысқа шықпаған уақытына жасаған төлемдері жатады. (мысалы, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқаруға байланысты).

Қыметкерлердің жауапкершілігі екі түрлі болады- тәртіптік және материалдық. Қызметкердің материалдық жауакершілігі жұмыс берушіге келтірілген шығынды төлеу болып табылады. Тәртіптік жаза ретінде өз міндетін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін берілетін тәртіптік жаза болып саналады.

Жұмыс беруші еңбек құқының субьектісі ретінде

«ҚР еңбек кодексіндегі» анықтамаға сәйкес жұмыс беруші - ол қызметкермен еңбек қатынасында тұрған заңды немесе жеке тұлға. Осыған сәйкес жұмыс беруші болып кәсіпорын, мекеме, ұжым, шаруашылық, кооперативтер, фермалар, жеке кәсіпкерлер немесе басқа да еңбек келісімі негізінде жұмысқа жалдаушы заңды немесе жеке тұлғалар танылады.

Жұмыс беруші еңбек құқық қатынасы субьектісі ретінде, жеке кәсіпкер ретінде, ұйым заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап еңбек құқығымен және оны қолдану мүмкіндігінде болуы керек, ал азамат- мемлекеттік тіркеуден өткен уақыттан бері жеке кәсіпкер ретінде еңбек құқығымен және құқықты қолдану мүмкіндігінде болуы керек. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің еңбек құқығы мен әрекетсіздігі олардың азаматтарға жұмыс беруге құқылы екенін мойындаудан басталады. Ол құқық мүмкіншілігі «жұмыс беру мүмкіндігі» деп аталады, бұл жерде жұмысшыға берілетін «жұмыс» деп, жұмыспен қамтудағы еңбек ақысын төлеу мен оны қорғау бойынша ішкі бөлудегі анықталғын еңбек функцияларын атаймыз.

Еңбектік құқық мүмкіншілігі екі критерий бойынша анықталады: оперативтік (ұйымдастырушылық) және мүліктік. Оперативтік (ұйымдастырушылық) критерий ұжымның жұмыскерді қабылдау жұмыстан босату, еңбегін ұйымдастыру, жұмыс жағдайын туғызу, әлеуметтік қорғау шараларын іске асыру, жұмыскерлердің еңбек құқығын іске асыру жағдайларынан көрінеді. Мүліктік критерий ақша құралдарын жұмсау (еңбек ақы төлеу фонды, басқа да осыған сәйкес фондттармен), жұмыскерлерге еңбегі үшін ақы төлеу, оларға марапаттар беру, басқа да материалдақ қамтамасыз ету мен жеңілдіктермен байланысты жұмыстарды жүргізе алумен көрінеді.

Заңдық кепілдіктер азаматтардың еңбек қатынастары кезіндегі құқықтық статусының сипаттарын толықтырады. Бұл жерде заңдық кепілдіктер бағалы мақсаттары бойынша, мазұмыны мен жұмыскердің субьективтік құқын қамтамасыз ету мүмкіндігімен ерекшеленеді.