Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
799.74 Кб
Скачать

14 Тақырып. Орталықтан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыдандыру

Орталықтан зейнетақылық төлем алуға құқықтары бар азаматтар шеңбері. Еңбек стажының ұзақтығын анықтау кезінде есепке жататын кезеңдер. Бір-жарым, екі және үш өлшемінде стажды анықтау ережелері, Еңбек стажын растайтын құжаттар тізімі, Зейнетақыны аудару. Зейнетақылық төлемдерді тағайындау. Жасына байланысты зейнетақы.

Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз ету шаралары ол мемлекеттік жинақтау қорындағы зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет кепілдік береді. Қазіргі кезде азаматтардың қаражатын сақтайтын мекемелер жұмыс атқаруда.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін қажетті шарттар болып жас мөлшері, еңбек стажы танылады. Жас мөлшері еркектер үшін 63 жас, әйелдер үшін 58 жас белгіленген.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін алу құқығын иеленудің келесі шарты еңбек стажы, еркектерге 25 жыл, әйелдерге 20 жыл көлемінде белгіленген.

Орталықтан зейнетақы төлемдері өмірбойына тағайындалып ай сайын үкімет белгілеген тәртіппен төленіп отырады.

Егер де еңбек стажы туралы құжаттар болмаған жағдайда жұмыс істеген кезеңі куәләрдың көрсетуі бойынша зейнетақы тағайындау жөніндегі комисиялар тағайындайды. Жеке еңбек қызметімен айналысатын, соның ішінде жеке аренда, кәсіпкерлік жағдайында келісім-шарт бойынша жұмыс істейтіндерге шын мәніндегі табысы, яғни зейнетақы қорына төлейтін жарнаны белгілеуге арналған сомалар алынады.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш зейнетақы төлемдерін есептей үшін тұрғылықты жері бойынша орталық филиалдарына беріледі. Өтінішке қажетті жас шамасын стажы мен табысын растайтын құжаттар қоса тапсырылады. Олар: жеке бас куәлігі, еңбек кітапшасы, табысы туралы анықтама, әлеуметтік жеке код және салық органдарының тіркеу номері, мекен-жай туралы анықтама.

Қажетті қайнар көздерді негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен қарастырыңыздар. (5 пункітіндегі.)

15 Тақырып. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыдандыру

Жинактаушы зейнетақы қорларын ұымдастыру тәртібі мен қызметі, зейнетақылық шартқа отыру тәртібі. Зейнетақы шотты алу. Жүргізу процедурасы және оларда сақталатын құралдар туралы мәліметтер тізімі. Жинактаушы зейнетақы қордың зейнетақылық активтерін басқару. Зейнетақылық аннуитет шарты.

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жеке есеп шаттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар азаматтарға жеке басын куәләндыратын құжаты болған жағдайда және жас шамасы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның талаптарында көзделген жағдайлар туындаған кезде жүзеге асырылады.

Әскери қызметте ішкі істер, мемлекеттік тергеу, ұлттық қауіпсіздік комитеттеріндегі қызметте 25 жыл еңбек сіңірген жылы бар, осы қызметтерде тұрудың шекті жасына жеткен немесе 25 жыл еңбек стажы бар азаматтар – штаттық қысқартылуы немесе денсаулығына байланысты босатылған жағдайда төленеді.

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлеуді жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейді және оны халыққа жариялайды.

Жинақтаушы зейнетақы қорларына түскен қаржы салымшылардың жеке есеп шотында сақталынады. Жеке зейнетақы шоттарының және азаматтарды бірдейлендіру, әлеуметтік рәсімдерді жүргізу және бақылау мүмкіншілігін қамтамасыз ету үшін әрбір азаматқа жеке әлеуметтік код беріледі.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары әрбір азамат бойынша жеке шоттарда жинақталған қаражатпен оның санына есеп жүргізу, төлемшілерден міндетті зейнетақы жарналарының түсуін есепке алу, алушыларға есеп жүргізу, ақпараттық база құру үшін пайдаланылады. Әлеуметтік жеке код беруді жүзеге асыратын орган жергілікті жердегі аймақтық бөлімшелермен бірге зейнетақы орталығы болып табылады.

Қажетті қайнар көздерді негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен қарастырыңыздар. (5 пункітіндегі.)