
- •Қазақстан Республикасының еңбек құқығы пәні бойынша
- •5В030100 «Құқықтану» мамандығы үшін
- •Пәннің типтік оқу жоспары
- •Күндізгі және сыртқы бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •Оқу жоспарынан үзінді
- •3.Пәннің оқу бағдарламасы — (syllabus)
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •3.2. Курстың пререквизиттері
- •3.3. Курстың постреквезиттері
- •3.4. Пәннің қысқаша мазмұны
- •3.5. Оқыту нәтижелері (пәндік және пәннен тыс құзыреттілік)
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.
- •5. Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •Лекциялық кешен
- •1 Тақырып. Қазақстан Республикасының еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі
- •2 Тақырып. Еңбек құқығының қайнар көздері және қағидалары Еңбек құқық қайнар көздерінің түрлері мен оның түсінігі.
- •Еңбек туралы нормативтік актілердің әрекеті
- •3 Тақырып. Еңбек құқығының субъектілері
- •Қызметкерлер еңбек құқығының субьектісі ретінде
- •Еңбек құқының субьектісі ретіндегі кәсіподақтар
- •4 Тақырып. Әлеуметтік әріптестік және ұжымдық шарт
- •Келіссөздер жүргізудің, келісімдерді әзірлеу мен жасасудың тәртібі
- •5 Тақырып. Еңбек шарты
- •6 Тақырып. Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
- •7 Тақырып. Еңбек ақы. Қызметкерлерге өтемақылық және кепілдік төлемедер
- •8 Тақырып. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
- •9 Тақырып. Еңбек даулары
- •10 Тақырып. Халықаралық еңбек құқығы. Жақын және алыс шетелдерде еңбекті құқықтық реттеу.
- •11 Тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның басқа құқық салаларынан айырмашылығы
- •12 Тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландыру
- •13 Тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы еңбек өтілі, оның түрлеі, есептеу, растау тәртібі
- •14 Тақырып. Орталықтан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыдандыру
- •15 Тақырып. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыдандыру
- •7. Семинарлық сабақтар жоспары
- •1 Тақырып. Қазақстан Республикасы еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасы еңбек құқығының қайнар көздері және қағидалары
- •3 Тақырып. Еңбек құқығының субъектісі
- •4 Тақырып. Әлеуметтік әріптестік және ұжымдық шарт.
- •5 Тақырып. Еңбек шарты
- •6 Тақырып. Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
- •7 Тақырып. Еңбек ақы. Өтемақылық және кепілдік төлемдер
- •8 Тақырып. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
- •Семинар сабақтарының сұрақтары
- •Семинар сабақтарының сұрақтары
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасы еңбек құқығының қайнар көздері және қағидалары
- •3 Тақырып. Еңбек құқығының субъектісі
- •4 Тақырып. Әлеуметтік әріптестік және ұжымдық шарт.
- •10.2 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •2.Тақырып. Қазақстан Республикасы еңбек құқығының қайнар көздері және қағидалары
- •3 Тақырып. Еңбек құқығының субъектісі
- •4 Тақарып. Еңбек құқығындағы құқықтық қатынастар
- •5 Тақырып. Азаматтардың жұмыстылығы және халықты жұмыспен қамтамасыз етуді құқықтық реттеу
- •6 Тақырып. Қызметкерлердің жеке санаттарының еңбектік құқықтық қатынастарын құқықтық реттеу
- •7 Тақырып. Еңбек шарты
- •8 Тақырып. Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
- •9 Тақырып. Еңбек ақы
- •10 Тақырып. Өтемақылық және кепілдік төлемдер
- •11 Тақырып. Еңбек тәртібі
- •12 Тақырып. Жеке еңбек шартындағы тараптардың материалдық жауапкершілігі
- •13 Тақырып. Еңбек даулары
- •14 Тақырып. Еңбекті қорғау
- •15 Тақырып. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек .
- •10.3 Жазбаша жұмыстар тақырыптары Реферат тақырыптары.
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •10.5 Ауызша коллоквиумға дайындалу үшін арналған
- •11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды пратикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша 2)
- •Бағалау критерийлері
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Студент білімін бағалаудың критерийлері
- •Курс бойынша емтихан сурақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі.
- •26.03.2013Ж № 10 хаттама.
- •12.04. 2013 Ж № 6 хаттамамен мақұлданған «Қазақстан Республикасының еңбек құқығы» пәні бойынша
- •5В030100 – «Юрипруденция» мамандығы үшін
- •100013, Қарағанды қ.:Гоголь к-сі, 38
11 Тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның басқа құқық салаларынан айырмашылығы
Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша қоғамдық қатынастардың жүйесі. Әлеуметтік қорғауға құқықты жүзеге асырудың нысандары, әлеуметтік қамсыздандырудың ұйымдық-құқықтық нысандарының негізгі белгілері. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығын басқа салалардан шектеу, ең алдымен еңбек, әкімшілік және қаржы құқығынан.
Әлеуметтік қорғау дегеніміз, күн –көріс деңгейі төмен азаматтардың материалдық қамсыздандыру құқығын иелену болып табылады.
Әлеуметтік қорғалу құқығы 1948 жылғы «Адамдардың жалпы құқығы» декларациясында бекітілгеніне қарамастан, 1960 жылға дейін еңбек, әлеуметтік құқықтары нормаларымен реттеліп келді. Алғашқы рет әлеуметтік қамсыздандырылу құқығы - құқық саласының, дара саласы жөніндегі пікірді академик В.С.Андреев 1966 жылы Прагадағы әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі симпозиумде айтты және әлеуметтік қорғау құқығының негізгі міндеттерін айқындады. Елдегі қоғамдағы мақсаты әлеуметтік қорғау құқығының экономикалық, саяси, демографиялық оңалту міндеттерімен айқындалады.
Әлеуметтік қамсыздандыру – белгілі жасқа келген, науқастанған жағдайларда және өзге де заңды негіздерді азаматтарға материалдық қолдау көрсету. Материалдық қолдау: зейнетақы, жәрдемақы, төлемақы (азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың ақшалай түрі) түрінде ұсынылады.
Әлеуметтік көмек – көп балалы отбасыларына, жұмыссыздарға, кездейсоқ тұрмыс ауыртпашылығына ұшыраған қашқындарға және жаңадан қоныстанушыларға, экологиялық апаттардан зардап шеккендерге, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға ұсынылатын атаулы көмек.
Пән үш бөлімнен тұрады: жалпы, ерекше және арнайы.
Жалпы бөлім – ол әлеуметтік қорғау түсінігі, пәні, әлеуметтік қорғау құқығы, құрлымы, құқықтық қатынастардың реттеу әдісін, қағидаларын, қайнар көздерді, заңдардың даму тарихын зерттейді.
Ерекше бөлім – азаматтардың заңмен бекітілген әлеуметтік қорғау құқығын анықтайды, зейнетақымен, жәрдемақы, төлемақымен қамсыздандыру, әлеуметтік қызмет, жеңілдіктер мен көмек ұсыну. Әлеуметтік қорғау құқығына ие болуға құқық беретін заңды деректер, қаржыландыру көздері және оны жүзеге асыратын мемлекеттік құрылымдар мәселелерін қарастырады.
Арнайы бөлім – халықаралық әлеуметтік қорғау құқығын реттейтін заң, нормативтік актілерге арналған. Әрбір бөлім азаматтардың нақты қорғалу құқықтарын белгілейді.
Қажетті қайнар көздерді негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен қарастырыңыздар. (5 пункітіндегі.)
12 Тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландыру
Заң талаптарына сай еңбек зейнетақысы жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айрылуына байланысты, еңбек сіңірген жылдар үшін әлеуметтік пенсия тағайындалады, қаржыландыру пенсия қорымен республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Жеңілдік шартпен толық жұмыс күні бойынша зиянды және еңбек жағдайлары ауыр жұмыстарды істейтін жұмыскер, қызметкерлерге, экологиялық апат аймақтарда жұмыс істеген адамдарға, балалары бар әйелдерге, соғыс мүгедектеріне, соқыр азаматтарға, ерекше еңбек сіңіргені үшін авиация, халыққа білім беру, денсаулық сақтау, театр ойын-сауық ұжым қызметкерлеріне зейнетақы тағайындалды. Зейнетақы тағайындау кезінде жеңілдіктер санының көптігі көптеген адамдарға зейнеткерлікке ерте шығуға кейбір жағдайда әлдеқайда жоғарғы жеңілдікті зейнетақы алуға құқық береді. Зейнетақы жеңілдіктерін беру саясаты қазіргі кезде қайта құрылуда, мұндай жеңілдіктер еңбек жағдайы ерекше азаматтарға ішінара сақтауды ұсынылды.
Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қоры мен мемлекеттік емес зейнетақы қорлары қызметінің негізгі салалары- ресурстары қызметкерлердің еңбек табыстарының жарна есептеу үшін белгіленген он пайыз көлемінде есептелетінміндетті сақтандыру жарналарының есебінен құрылатын зейнетақылар. Мұндай жарналар азаматтың өз қалауынша мемлекеттік жинақтаушы немесе кез келген мемлекеттік емес зейнетақы қорына аударылады.
Қажетті қайнар көздерді негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен қарастырыңыздар. (5 пункітіндегі.)