Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
799.74 Кб
Скачать

7 Тақырып. Еңбек ақы. Қызметкерлерге өтемақылық және кепілдік төлемедер

Қағидалары және еңбек ақы төлеу түсінігі.

ҚР-ң жаңа заңнамасы еңбек ақы төлеудің келесі қағидаларын бекітеді:

    1. Жалақы істелген жұмыстың күрделілігі, сапалылығы және құрылымына байланысты анықталады.

    2. Істелген еңбекке сәйкесті жалақы. Жалақы төлеуде кемсітушілікке тиым салынған.

    3. Жалақының ең төменгі өлшемі мемлекетпен бекітілген, яғни ҚР-сы заңдылығымен бекітілген төменгі жалақыдан аз болуға тиісті емес.

    4. Еңбек ақы жұмыстың ауырлығына байланысты төленеді.

    5. Жұмыскердің жалақысы оның жұмыс берушімен келісімі арқылы белгіленеді.

    6. Жалақының нысаны, жүйесі және тарифтері ұжымдық шартпен белгіленеді. Бюджеттік мекемелерінде жалақы көлемі ҚР-сы Үкіметімен белгіленеді.

    7. Еңбек өнімділігінің өсуі жалақының өсуінің алдында болуы тиіс.

Жалақы түсінігі.

ҚР ЕК-нің 1-бабына сәйкес еңбек ақы – еңбек үшін оның күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес жұмыс беруші төлеуге міндетті сыйақы (табыс). Еңбекке ақы төлеуді құқықтық реттеу әдісі: орталықтандырылған және жергілікті әдіспен жүзеге асырылады. ҚР-ғы жұмыс берушілердің 80 пайызы жеке секторды сипаттайды, сондықтан жергілікті әдіс басымдылықта. Орталықтандырылған әдіс мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен кәсіпорындарда қолданылады.

Қызметкерлердің еңбегіне уақыт бойынша, кесімді немесе өзге де еңбекке ақы төлеу жүйелері бойынша ақы төленеді. Ақы төлеу жеке және (немесе) ұжымдық еңбек нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін.

Еңбекке ақы төлеу жүйесі тарифтік, тарифсіз немесе аралас жүйелер негізінде қалыптастырылуы мүмкін.

Еңбекке ақы төлеудің тарифтік жүйесі: тарифтік ставкаларды (айлықақыларды), тарифтік торды, тарифтік коэффициенттерді қамтиды.

Еңбекке ақы төлеудің тарифсіз жүйесі еңбекке ақы төлеуге арналған қаражатты қызметкерлердің кәсіби қабілеттерін бағалаудың өлшемдері мен принциптеріне және олардың түпкі нәтижеге қосқан үлестеріне қарай үлестік бөлуге негізделеді.

Еңбекке ақы төлеудің аралас жүйесінде еңбекке ақы төлеудің тарифтік және тарифсіз жүйелерінің элементтері қамтылуы мүмкін.

2. Жұмыс беруші қызметкерлердің өндіріс тиімділігі мен орындалатын жұмыстың сапасын арттыруға мүдделілігін күшейту үшін сыйлықақы беру жүйесін және еңбекке ынталандырудың басқа да нысандарын енгізе алады.

Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу және еңбекке ынталандыру жүйелері ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде айқындалады.

Еңбекке ақы төлеу жүйесі біржолғы ынталандырушы төлемдерді есепке алмағанда, қызметкерлердің орташа айлық жалақысының кемінде 75 проценті болатын негізгі жалақы үлесін (жалақының негізгі бөлігіне қатысты) қамтамасыз етуге тиіс.

Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар басшыларының еңбегіне ақы төлеу және оларға сыйлықақы беру шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Үлгілік ереженің негізінде айқындалады. Қызметтер көрсетуге (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қараудың және келісудің тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерде, жұмыс берушінің актілерінде айқындалған еңбекке ақы төлеу талаптары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптармен салыстырғанда нашар бола алмайды.

Жұмыс шартынан бас тартқан жағдайдағы еңбек жалақысы.

Еңбек шарты нормативтерінен бас тартқан кездегі жалақыға келесілер қатысты:

ҚР ЕК сай белгілі бір ұйымда өзінің жеке еңбек шарты мен белгіленген негізгі жұмысымен қатар өзінің негізгі жұмысынан босатылмайтын басқа қызмет немесе уақытша болмаған қызметкердің міндеті бойынша қосымша жұмысты орындайтын қызметкерлерге ақы төленеді.

- қызметтерді қоса атқарғаны немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақылардың мөлшерін қызметкермен келісім бойынша жұмыс беруші белгілейді.

Үстеме жұмысқа, мереке және демалыс күндердегі жұмысқа ақы төлеу. Түнгі уақыттағы жұмысқа ақы төлеу.

үстеме жұмысқа кемінде бір жарым есе мөлшерде ақы төленеді.

Мереке және демалыс күндердегі жұмысқа ақы екі еседен төмен болмайтын мөлшерде төленеді.

Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа төленетін өтем ақы жұмыскерлердің тілегі бойынша қосымша демалыс күнімен ауыстырылуы мүмкін.

Түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына ақы бір жарым есе мөлшерден кем төленбейді.

Еңбек нормалары - бұл еңбек шығынының өлшемі (жұмыс істеу уақыты, қызмет көрсету нормасы). Еңбек нормаларын енгізуді ауыстыруды немесе қайта қарауды жұмыс беруші жүргізеді. Еңбектің жаңа нормаларының енгізілетіндігі туралы мәлімет қызметкерлерге кемінде бір ай бұрын хабарлануы тиіс.

- қызметкерлердің жұмыс істеу нормаларын орындауы үшін жұмыс беруші қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.

- 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін жұмыс істеу нормалары жеке еңбек шартына сәйкес 18 жасқа толмаған адамдарға арналған жұмыс уақытының ұзақтылығына бара-бар қысқартылған ересек қызметкерлерге арналған жұмыс істеу нормаларын негізге ала отырып белгіленеді.

Жалақы төлеу мерзімдері.

Республикада тұратын халықтың көпшілігі үшін жалақы кірістің негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан оны көтеру адамдардың қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін аса маңызды.

Жалақы төлеу мерзімі ҚР ЕК-ң 134 бабымен реттеледі. Осы бапқа сәйкес жалақы бір айда кем дегенде бір рет төленеді. Жалақыны төлеу күндері жеке еңбек ұжымдық шарттарында қарастырылады.

жалақы төлейтін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген жағдайда, оны төлеу олардың қарсаңында жүргізіледі;

жұмыс берушінің кінәсінен жалақы, ал қызметкер мен жеке еңбек шарты бұзылған кезде оған тиесілі басқа да төлемдер белгіленген мерзімдермен салыстырғанда кешіктірілген кезде жұмыс беруші қызметкерге берешек пен өсімақы төлейді. Өсімақының мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне ҚР-ң Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы бойынша белгіленеді және төлем жүргізілуге тиіс болған күннен кейінгі күннен бастап әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін есептеліп төленген күнмен аяқталады.

жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда қызметкерге тиесілі барлық соммаларды төлеу соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Қызметкердің жалақысынан ұстап қалу сот шешімі бойынша, сондай-ақ ҚР-ң заң актілерінде көрсетілген жағдайларда жүргізіледі.

Қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеу. Кепілдемелік төлемдер.

ҚР ЕК-не сәйкес жұмыс беруші қызметкерді оның жұмыс орнын (қызметін) сақтай отырып, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау уақытына жұмыстан босата алады.

Кепілдемелік төлемдер еңбек міндеттерін орындаумен байланысты емес, олар жұмыскердің қалыпты жалақысын сақтауда заңмен қарастырылған, егер де өздерінің қоғамдық міндеттері мен мемлекеттік орындаулармен байланысты себептер бойынша еңбектік міндетті орындау.

Кепілдер. Еңбек кодексінің 149 бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерді мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау уақытына жұмыс орнымен лауазымын сақтай отырып босата алады.

Кепілдік төлемдер жұмыс міндеттерін орындаумен байланысты емес, олар заңмен орташа жалақысын сақтай отырып себепті жағдайлар болып табылатын мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау уақытына төленетіндігін көрсетеді.

ҚР ЕК-де кепілдемелік төлемдердің түрлері берілген:

мерзімді әскери қызметін өтеп қайтқан қызметкердің нақ сол әскерге шақырылған кәсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде басым құқығы болады.

мерзімді медициналық тексеруден өту кезінде жұмыс берушінің есебінен осындай тексеруден өтуге міндетті. Қызметкердің жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады.

біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберу кезіндегі.

Жұмыс беруші қызметкерді өндірістен қол үзіп, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген кезде оның жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады.

Өтемақылар төлеу.

Өтемақылар – жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысты орындаған кездегі қызметкердің шеккен шығындарының орнын толтыруға байланысты ақшалай төлемдер ҚР ЕК бойынша өтемақы түрлері мынадай: 1.Басқа жердегі жұмысқа ауыстыру бойынша іссапар; 2.Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау; 3. Жүктілігі немесе босану бойынша әлеуметтік жәрдемақы мен бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) әлеуметтік жәрдемақы тағайындау.

Қажетті қайнар көздерді негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен қарастырыңыздар. (5 пункітіндегі.)