
- •Қазақстан Республикасының еңбек құқығы пәні бойынша
- •5В030100 «Құқықтану» мамандығы үшін
- •Пәннің типтік оқу жоспары
- •Күндізгі және сыртқы бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •Оқу жоспарынан үзінді
- •3.Пәннің оқу бағдарламасы — (syllabus)
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •3.2. Курстың пререквизиттері
- •3.3. Курстың постреквезиттері
- •3.4. Пәннің қысқаша мазмұны
- •3.5. Оқыту нәтижелері (пәндік және пәннен тыс құзыреттілік)
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.
- •5. Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •Лекциялық кешен
- •1 Тақырып. Қазақстан Республикасының еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі
- •2 Тақырып. Еңбек құқығының қайнар көздері және қағидалары Еңбек құқық қайнар көздерінің түрлері мен оның түсінігі.
- •Еңбек туралы нормативтік актілердің әрекеті
- •3 Тақырып. Еңбек құқығының субъектілері
- •Қызметкерлер еңбек құқығының субьектісі ретінде
- •Еңбек құқының субьектісі ретіндегі кәсіподақтар
- •4 Тақырып. Әлеуметтік әріптестік және ұжымдық шарт
- •Келіссөздер жүргізудің, келісімдерді әзірлеу мен жасасудың тәртібі
- •5 Тақырып. Еңбек шарты
- •6 Тақырып. Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
- •7 Тақырып. Еңбек ақы. Қызметкерлерге өтемақылық және кепілдік төлемедер
- •8 Тақырып. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
- •9 Тақырып. Еңбек даулары
- •10 Тақырып. Халықаралық еңбек құқығы. Жақын және алыс шетелдерде еңбекті құқықтық реттеу.
- •11 Тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның басқа құқық салаларынан айырмашылығы
- •12 Тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландыру
- •13 Тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы еңбек өтілі, оның түрлеі, есептеу, растау тәртібі
- •14 Тақырып. Орталықтан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыдандыру
- •15 Тақырып. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыдандыру
- •7. Семинарлық сабақтар жоспары
- •1 Тақырып. Қазақстан Республикасы еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасы еңбек құқығының қайнар көздері және қағидалары
- •3 Тақырып. Еңбек құқығының субъектісі
- •4 Тақырып. Әлеуметтік әріптестік және ұжымдық шарт.
- •5 Тақырып. Еңбек шарты
- •6 Тақырып. Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
- •7 Тақырып. Еңбек ақы. Өтемақылық және кепілдік төлемдер
- •8 Тақырып. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
- •Семинар сабақтарының сұрақтары
- •Семинар сабақтарының сұрақтары
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасы еңбек құқығының қайнар көздері және қағидалары
- •3 Тақырып. Еңбек құқығының субъектісі
- •4 Тақырып. Әлеуметтік әріптестік және ұжымдық шарт.
- •10.2 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •2.Тақырып. Қазақстан Республикасы еңбек құқығының қайнар көздері және қағидалары
- •3 Тақырып. Еңбек құқығының субъектісі
- •4 Тақарып. Еңбек құқығындағы құқықтық қатынастар
- •5 Тақырып. Азаматтардың жұмыстылығы және халықты жұмыспен қамтамасыз етуді құқықтық реттеу
- •6 Тақырып. Қызметкерлердің жеке санаттарының еңбектік құқықтық қатынастарын құқықтық реттеу
- •7 Тақырып. Еңбек шарты
- •8 Тақырып. Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
- •9 Тақырып. Еңбек ақы
- •10 Тақырып. Өтемақылық және кепілдік төлемдер
- •11 Тақырып. Еңбек тәртібі
- •12 Тақырып. Жеке еңбек шартындағы тараптардың материалдық жауапкершілігі
- •13 Тақырып. Еңбек даулары
- •14 Тақырып. Еңбекті қорғау
- •15 Тақырып. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек .
- •10.3 Жазбаша жұмыстар тақырыптары Реферат тақырыптары.
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •10.5 Ауызша коллоквиумға дайындалу үшін арналған
- •11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды пратикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша 2)
- •Бағалау критерийлері
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Студент білімін бағалаудың критерийлері
- •Курс бойынша емтихан сурақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі.
- •26.03.2013Ж № 10 хаттама.
- •12.04. 2013 Ж № 6 хаттамамен мақұлданған «Қазақстан Республикасының еңбек құқығы» пәні бойынша
- •5В030100 – «Юрипруденция» мамандығы үшін
- •100013, Қарағанды қ.:Гоголь к-сі, 38
5 Тақырып. Еңбек шарты
Еңбек шарты түсінігі, тараптары және мазмұны мен мерзімдері
Жеке еңбек шартына отыру арқылы жұмыскерлер Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 бабы бойынша тек еңбек бостандығына қол жеткізіп қоймай сонымен қатар еркін еңбек түрі мен мамандығын таңдай алады. Күштеп жұмысқа тарту тек сот үкімі негізінде жүзеге асырылады, немесе келеңсіз оқиға мен соғыс уақыттарында енгізілуі мүмкін.
Кез-келген жұмыскер ЕШ ерікті түрде отырып, онымен қалыптастырған заңды міндеттемелерді орындайды.
Еңбек шартына «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің» 1 бабында: жұмыс беруші мен қызметкер арасында жазбаша жасалатын екі жақты келісім деген анықтама береді. Сонымен қатар бұл жерде белгілі бір мамандық немесе лауазым қызметін орындау байланыстары отырып жұмыс берушісі қызметкерге уақытылы толық көлемде еңбек ақысын төлеуге, жұмыс жағдайларымен қамтуға сол сияқты шартпен, «ҚР Еңбек кодексі» және ұжымдық шартпен қарастырылған жағдайларды қамтиды.
Еңбек шарты тараптары.
Жоғарыдағы анықтамаға байланысты «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің» 1 бабы бойынша еңбек шарты екі тарап арасында жасатындығын байқаймыз. Бір тарап қызметкер ретінде шартқа отырған жеке тұлға, екінші тарап ретінде жұмыс беруші түседі.
Кей жағдайларда екі тарап ретіндеде азаматтар бола алады, мысалы, үй-жұмыстарына жалдау, жеке хатшы, қорғаушы т.б.
Еңбек шарты тараптары ретінде шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тараптар қатыса алады.
Жеке еңбек шартының мазмұны.
Шарт мазмұны деп - шартта қалыптастырылатын тараптардың жағдайын айтамыз. Олар екіге бөлінеді: тараптардың өздері қалыптастырған және нақты қарастырылған болып. ЖЕШ бірінші жағдайға ішкі еңбек шарты мен нормативтік құқықтық актілер бекіткен жағдайларды айтамыз (мысалы, еңбек ақы көлемі, демалыс мерзімінің ұзақтығы). Ал тараптардың өздері анықтаған шарттар екіге бөлінеді: біріншісі, қажетті, яғни бұл жағдайлар болмаса шарт құрылмаған болып есептеледі, ал, екіншісі, қосымша, яғни ЕШ қосымша енгізу негізімен тығыз байланысты.
Жеке еңбек шартының мерзімі.
«Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің» 29 бабына сәйкес еңбек шарты:
1) белгіленбеген мерзімге;
2) бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.
Бұрын бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен жеке еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, оның ішінде еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі.
Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған қызметкерлер үшін көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында еңбек шарттарын белгілі бір мерзімге жасауға тыйым салынады.
Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың бірде-бірі тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, онда ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі;
3) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;
4) жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына;
5) маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін.
Жұмыс беруші-заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы лауазымындағы жұмысқа еңбек шарты жұмыс берушінің құрылтай құжаттарында немесе тараптардың келісімінде белгіленген мерзімге жасалады. Егер еңбек шартында оның қолданылу мерзімі айтылмаса, онда шарт белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі.
Еңбек шартын тоқтату негіздері
Мыналар:
1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;
2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;
3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
4) қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
5) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;
6) қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы;
8) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы;
9) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады.
Еңбек шарты мен мердігерлік шартының ара қатынастары
Жұмыскерлер шынымен де тәжірибеде «жеке еңбек шарты» мен «мердігерлік шарт», «еңбек келісімі» терминдерінің арасындағы елеулі ерекшеліктерді көрмейді. Мәні бойынша бірдей, жұмыскер мен ара қатынасты рәсімдейтін құжат бір кәсіпорында «жеке еңбек шарты немесе еңбек келісім шарты», деп аталса, келесі бір кәсіпорындарда «мердігерлік шарт», ал енді бір кәсіпорындарда «еңбек келісімдері» деп аталып жүргендері жиі кездеседі. Енді осы қатынастарға байланысты азамат пен кәсіпорынды қандай қатынастар (еңбектік немесе еңбектік емес) байланыстыратындығы туралы, қандай шарт жасалды деген сұраққа жауап беру үшін құжат мазмұнын, тараптар арасындағы қатынастардың деректі сипаттамасын зерделеу арқылы түсінеміз.
Соған қарамастан жеке еңбек шарты мен мердігерлік шарт арасындағы айырмашылықтарды байқауға болады. Тараптардың ара қатынастары әртүрлі құқық салаларымен реттеледі, жеке еңбек шартын бекіткенде - еңбек заңдарымен, ал мердігерлік шартты бекіткенде – азаматтық заңдармен реттеледі. Шарт тараптарының құқықтары мен міндеттерінің көлемі, сипаты жағынан, шартты бұзу тәртібі және басқа да салдарларынан айырмашылықтар бар.
Сондықтан жұмыскермен ара қатынастарды дұрыс рәсімдеу керек.
Шарттың аты мазмұнына сай келу үшін, жұмыскер мен ара қатынасты дұрыс рәсімделуі керек. Ол үшін жеке еңбек шарты мен мердігерлік шарттың ерекшеліктерін нақты ажырата білу керек.
Қажетті қайнар көздерді негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен қарастырыңыздар. (5 пункітіндегі.)