Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_osv_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.5 Mб
Скачать

2.3 Оптикалық сәулеленудің малдар мен кұстарға әсер ету1

Оптикалық сәулеленудің малдар мен құстарға әсер етуі өте түрлі-түрлі болады және сәулеленудің спектрлік құрамына байланысты келеді.

Ультракүлгін (УК) сәулелену малдар организміне күшті әлдендірулік және емдік әсер етеді. УК сәулеленудің заттар алмасуына, дем алдыру процестеріне, қан таралуын активтеуге, қандағы гемоглобин мөлшерін көбейтуге және мал организмінің басқа функцияларына әсер етуі анықталды.

УК-А облысына жататын сәулелену малдар мен құстар организмдеріне белгілі деңгейде жағымды әсер еткенмен, оның активтігі басқа облысқа жататын УК сәулелерден ең темен келеді.

УК-В облысына жататын сәулелену мал терісінің сәулелендірілген телімін қызартады (эритема пайда болады). Бұл сәулелердің рахитке қарсы әсер ететін қабілеті де бар. Д витамині мал азығының сіңімділігін, организмнің жалпы саулығын және төлдердің сақталуын жоғарылатуға мүмкіншілік туғызады.

Малдар мен құстарды өндірістік өсіруде серуендетпей тек қорада ұстағандықтан оларға күн сәулелері жетімсіз болады. Мұндай жағымсыз жағдайдың зардабын ультракүлгін сәулелендіру және жарықтандыру режимдерін дұрыс ұйымдастырумен азайтуға болады. УК сәулеленуінің эритемдік әсер ету спектрі 2.1, б суретте берілген (4-қиcық). Ќисықтың максимумы толқын ұзындығы 297 нм сәулелерде байқалады.

УК-С облысына жататын сәулелер негізінде зиянды микроорганизмдерге бактерицидтік әсер ететін себепкершарт ретінде пайдаланылады. 2.1, б суретте УК сәулеленудің бактерицидтік әсер етуінің спектрі келтірілген (5-қисық). Толқын ұзындығы 254 нм УК сәулелердің бактерицидтік әсер ету қабілеті ең нәтижелі екендігі көрінеді. Толқын ұзындығы 280 нм-ден қысқа келетін УК сәулелер кванттарының энергиясы үлкен болады. Олардың әсер етуінен бактериялардың құрамындағы белок заттар талқандатылғаннан бактериялар өледі. УК сәулелердің бактерляларды өлтіру қасиеті олардың бактерицидтігі деп аталады. Түрлі-түрлі бактериялардың УК сәулеленуге сезгіштігі әр түрлі болады. Бірақ әр түрлі бактерияларға бактерицидтік әсер ету спектрлерінің бір-бірінен айырмашылығы аз келеді.

Көрінерлік сәулелену малдар мен құстар организміне жан-жақты жайлы әсер етеді. Организмдегі тіршілікке қажетті негізгі функцияларды реттейді. Эндокриндік жүйеге және орталық нерв жүйесіне әсерін тигізеді.

Физиологиялық ырғақтар (көбею, түк және қауырсын жабындарды ауыстыру және т.б.) жарық режимінің жағдайларымен анықталады. Басқа жағдайлар бірдей болғанда малдар мен құстардың өнімділігі жарықталыну деңгейіне, жарықталыну режиміне және сәулеленудің спектрлік құрамына байланысты келеді.

Өндірістік мал және құс шаруашылығында белгілі жарықталыну деңгейінен көрі малдар мен құстардың түрі мен жасына байланысты тәуліктегі жарық мерзімініғ ұзақтылығының маңызы өте зор келеді. Мал және құс қораларын белгілі тәртіпке келтірмеген режімде жасанды жарықтандыру малдар мен құстардың күйіне және өнімділігіне жағымсыз әсер етеді.

Инфрақызыл сәулелері негізінде малдар тұратын аймақта қажетті температуралық режим жасау үшін мал және құс төлдерін сәулелендіруге пайдаланылады. Инфрақызыл сәулелердің жануарлар организміне ену тереңдігі әр түрлі болады. Ол әсер ететін сәулеленудің толқындар ұзындықтарына, сондай-ақ жануардың сыртқы жабынымен (терісімен, және т. б.) осы сәулеленуді жұту және шағылыстыру қабілетіне байланысты келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]