Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_osv_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.5 Mб
Скачать

12.7 Жарық ағынын пайдалану коэффициентінің әдісі

Бұл әдіс жабық үйжайлардың жазық жұмыс беттерін жалпы бір қалыпты жарықтандыруды есептеуге пайдаланылады. Әдісті жергіліктелінген, сыртқы және жергілікті жарықтандыруды, сондай-ақ көлбеу жазықтықтарды жарықтандыруды есептеуге пайдалануға болмайды.

Әдіс мына белгілі қарапайым қатынасқа негізделінеді:

,

мұндағы Е - орташа жарықталыну, лк; F - жарықталынатын бетке түсетін жарық ағыны, лм; S - жарықталынатын беттің ауданы, м2.

Әр түрлі шығындарға байланысты жарықталынатың бетке жететін жарық ағыны жарықтандыратың қондырғы шамдарының жалпы жарық ағынынан айтарлықтай кем болады. Қабырғаларының, төбесінің және жұмыс бетінің шағылыстыру коэффициенттері белгілі бөлмеде саңы және типі белгілі жарықтандырғыштар бір қалыпты орңаласқанда жарық ағынын пайдалану коэффициенті былай анықталады:

, (12.9)

мұндағы Fе.б - есептің бетке жететін жарық ағыны, лм; Fж.қ- жарықтандыратын қондырғы жарық көздерінің жалпы жарық ағыны, лм.

Жарық ағынын пайдалану коэффициенті жарықтандырғыштын п.ә.к.- не тура пропорционал және мына себепкершарттарға тәуелді келеді:

а) қабырғалардың, төбенің және жұмыс бетінің түсіне;

б) жарықтандырғыштың жарық тарату сипатына; жарық тарату кисығы енсіз болған сайын коэффициент U жоғарылайды;

в) есептіқ биіктікке; биіктік азайған сайын коэффициент U өседі;

г) бөлменің ауданына; аудан үлкейген сайын коэффициент U жоғарылайды;

д) бөлменің пішініне; бөлменің пішіні квадратқа жақындаған сайын коэффициент U өседі.

Қор коэффициентін ескергенде жарықталынудың орташа мәні мына өрнек бойынша анықталуы мүмкін:

мұндағы F - бір жарықтандырғыш жарық көздерінің жарық ағыны, лм; N -жарықтандырғыштар саны; U - жарық ағынын пайдалану коэффициенті; S -жарықталынатын бөлменің ауданы, м2; Кқ – қор коэффициенті.

Әдетте есептеуді орташа жарықталыну мәнімен емес минимал жарықталыну коэффициентін есепке алумен минимал нормаланған жарықталыну деңгейі бойынша орындайды:

Жарықтандырғыштарды бір-бірінен ең пайдалы ара қашықтыққа жақын қашықтықта орналастырғанда Z=1,1...1,2 деп қабылданылады. Жарық ағынын пайдалану коэффициенті әдісінің негізгі формуласы:

(12.10)

12.3 - Қабырғалар мен төбенің шағылыстыру коэффициенттері

Шағылыстыратын беттің сипаты

Шағылыстыру коэффициенті, %

Төбесі ақталған, қабырғалары ақталған, терезелері ақ перделермен жабылған

70

Қабырғалары ақталған, тезелері перделермен жабылған; дымқыл үйжайда төбе ақталған; таза бетон және ашық түсті ағаш төбе

50

Лас үйжайларда бетон төбе; ағаш төбе, терезелері бар бетон қабырғалар; ашық түрлі-түсті кағазбен желімделген кабырғалар

30

Көп көлемде қара түсті шандар болатын үй-жайлардағы қабырғалар мен төбелер; перделерсіз, тұтас шынымен қапталған; сылақталмаған қызыл кірпіш; қара түрлі-түсті қағазбен желімделген қабырғалар

10

Жарық ағынын пайдалану коэффициентінің мәні жоғарыда келтірілген себепкершарттарға байланысты анықтамалық кестелер бойынша таңдап алынады. Анықтамалық кестеде бөлме пішінінің әсері бөлме индексі арқылы есепке алынады. Ол көрсеткіш мына өрнек бойынша анықталады:

,

мұндағы S – бөлменің ауданы, м2, А және В – бөлме қабырғаларының ұзыңдығы және ені, м; Һе - есептік биіктік, м.

Анықталынған мәліметтерді (12.10) формулаға қойып шамның қажетті жарық ағының есептейді. Есептік мән бойынша каталогтан жарық ағынының мәні жақын келетін үлгі қалыптық қуатты жарық көзін таңдап алады. Жарық ағынының кестелік және есептік мәндерінің арасындағы айырмашылық +20 ... -10 процент шегінде болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]