
- •1.1 Негізгі түсініктемелер және анықтамалар
- •1.2 Оптикалық сәулелену энергиясының спектрде үлестірілуі
- •1.3 Оптикалық сәулеленуді энергияның басқа түрлеріне түрлендіру
- •2.1 Фотобиологиялық әсер етудің түрлері
- •2.2 Оптикалық сәулеленудің адамға әсер етуі
- •2.3 Оптикалық сәулеленудің малдар мен кұстарға әсер ету1
- •2.4 Оптикалық сәулеленудің өсімдіктерге әсер етуі
- •3.1 Негізгі энергетикалық шамалар және олардың өлшем бірліктері
- •3.2 Тиімді шамалар жүйелерін құраудың жалпы принциптері
- •3.3 Негізгі жарық шамалары және олардың өлшем бірліктері
- •3.4 Ультракүлгін сәулеленудің негізгі шамалары және олардың өлшем бірліктері
- •3.5 Өсімдік шаруашылығында пайдаланатын оптикалық сәулеленудің негізгі шамалары және олардың өлшем бірліктері
- •4.1 Денелердің оптикалық қасиеттері
- •4.2 Оптикалық сәулеленуді өлшеу әдістері
- •4.3 Оптикалық сәулеленуді өлшейтін қабылдағыштар
- •4.4 Оптикалық сәулеленуді өлшейтін қабылдағыштардың негізгі сипаттамалары
- •5.1 Жылулық сәулеленудің негізгі заңдары
- •5.2 Қыздыру шамдарьіның құрылысы және жұмысы
- •5.3 Қыздыру шамдарының негізгі сипаттамалары
- •5.4 Кернеу ауытқуының қыздыру шамының негізгі көрсеткіштеріне әсері
- •5.5 Галоген қыздыру шамдары
- •5.6 Инфрақызыл сәулелену көздері
- •6.1 Жалпы мағлұматтар
- •6.2 Газдардағы және металл буларындағы электр разряды
- •6.3 Газдардағы және металл буларындағы доғалық разрядты тұтандыру және тұрақтандыру шарттары
- •6.4 Балласт кeдepгi тypiнiң газ-разрядтық шaмдapдың жұмысына әсері
- •7.1 Люминесценттік шамның құрлысы және жұмыcы
- •7.2 Люминесценттiк шамның стартерлі қосу сұлбасының жұmыcы
- •7.3 Jiюминесценттік шамдардың негізгі сипаттaмалapы және эксплуатацялық қасиеттерi
- •8.1 Электродтарды алдын ала қыздырумен импульстік тұтандыратын жүргізу-реттеу аппараттары
- •8.2 Электродтарды тұрақты қоздырумен ыстық тұтандыратын жүргізу-реттеу аппараттары
- •8.3 Ілездік тұтандыру жүргізу-реттеу аппараттары
- •8.4 Жүгізу-реттеу аппаратының құрастырылымдық-эксплуатациялық сипаттамалары
- •8.5 Жоғарылатылған жиілікті токпен қоректендіргендегі люминесценнттік шамның жұмысы
- •9.1 Жоғары қысымды сынапты шамдар
- •9.2 Жоғары қысымды доғалық металл-галоидты шамдар
- •9.3 Жоғары қысымды натрийлі шамдар
- •9.4 Доfалық ксенонды шамдар
- •10.1 Төмен қысымды газ-разрядтық ультракүлгін сәулелену көздерi
- •10.3 Өciмдik шаруашылыfында пайдaлaнылaтын га3-разрядтық сәулелену көздерi
- •11.1 Жалпы маfлұматтар. Жарықтaндырfыштарды топтастыру
- •11.2 Сәулелендipгiштер
- •12.1 Электрлiк жарықтандырудың ережелері мен нормалары
- •12.2 Жарықтандырудың жyйелерi мен түрлері
- •12.3 Жарық көздерін және жарықтандырғыштарды таңдап алу
- •12.4 Жарықтандырғыштарды бөлмеде орналастыру
- •12.6 Нүктелік әдіс
- •12.7 Жарық ағынын пайдалану коэффициентінің әдісі
- •Есептеу төртібі:
- •12.9 Люминесценттік шамдарды жарықтандыратын қондырғыларды есептеу
1.3 Оптикалық сәулеленуді энергияның басқа түрлеріне түрлендіру
Сәулеленуді түрлендіру оптикалық сәулеленуді қабылдағыштарда жүзеге асырылады. Оптикалық сәулеленуді энергиянын басқа түріне түрлендіретін кез-келген объектіні, оның пайда болуына және агрегаттык күйіне байланыссыз, оптикалық сәулеленуді қабылдағыш деп атайды. Қабылдағышка түсетін сәулелердің фотонын жұту сәулеленуді түрлендірудің бастапқы процесі болып табылады. Бұл процесс сан жағынан жұтылу коэффициентімен бағаланылады. Жұтылу коэффициенті α қабылдағышпен жұтылған оптикалық сәулелену энергиясының Wα оған түскен энергияға W қатынасымен анықталады. Энергияны сақтау заңына сәйкес оптикалық сәулеленуге түрлендіру процесін жалпы түрде мынадай өрнекпен жазуға болады:
,
(1.4)
мұндағы Wα -dτ уақыт аралығында жұтылған оптикалық сәулелену энергиясы, Дж; α - қабылдағышпен сәулелену энергиясының жұтылу коэффициенті; Ф(τ) - қабылдағышқа түскен сәулелену ағыны (уақытқа тәуелділікпен), Вт; Wэ- тиімді энергия, Дж; Wш - шығындар энергиясы, Дж.
Оптикалық қондырғылар қабылдағыштарға (адам, мал, өсімдік, ауыл шаруашылық өнімдер, фотоэлемент, фоторезистор жєне т.б.) белгілі болымды нәтиже алатындай әрекет ету үшін пайдаланылады.
Күтетіндей болымды нәтиже алу үшін оптикалық сәулелену энергиясы қабылдағышта энергияның белгілі бір түріне түрленуі керек. Бірақ, кез келген процестегі сияқты, энергияның бір түрін басқа түрге айналдыру шығынсыз болмайды, яғни сєулелену энергиясының бөлігі қойылған мақсатқа жетуге қажет энергия түріне түрленбейді.
Сонымен, сәулелену энергиясының қабылдағышта жұтылған және күтетіндей болымды нәтижені қамтамасыз ететін энергияның қажетті түріне түрленген бөлігін тиімді энергия Wэ деп атайды. Осы кезде қосымша пайда болған энергияның басқа түрлерін шығындарға Wш жатқызу керек.[kgl]
[gl]ОПТИКАЛЫҚ СӘУЛЕЛЕНУДІҢ ФОТОБИОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕР ЕТУІ[:]
2.1 Фотобиологиялық әсер етудің түрлері
Оптикалық сәулелену энергиясы адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, микроорганизмдерге және басқа қабылдағыштарға тікелей әсер етеді.
Фотобиологиялық әсер етудің негізі түрлеріне мыналар жатады:
Жарыктың әсер етуі көру бейнесін туғызу арқылы адамдар мен жануарларға қоршаған кеңістікте жөн табуға мүмкіншілік берумен білдіріледі.
Көрінерлік және ұзын толқынды ультракүлгін сәулелер өсімдіктерге фотосинтездік әсер етеді. Осының нәтижесінде өсімдіктерде минерал заттардан органикалық заттар құрастырылады.
Адамдарды, малдарды, құстарды белгілі мөлшерде ультракүлгін, көрінерлік, инфрақызыл сәулелерімен сәулелендіргенде заттар алмасу процесі жақсарады, организмнің ауруларға қарсыласуы жоғарылайды. Бұл оптикалық сәулеленудің терапевтік (эритемдік, антирахиттік) әсер eтуi деп аталады.
Бактерияларды, өсімдіктерді, шыбын-шіркейлерді ультракүлгін сәулесімен және үлкен мөлшерлі көрінерлік және инфрақызыл сәулелерімен сәулелендіргенде олар өледі. Оптикалық сәулеленудің бұлай әсер етуін бактерицидтік деп атайды.
Ультракүлгін сәулелену жануарлар мен өсімдіктерге ұзақ уақыт аралығында әсер етсе тұқым қуалаудағы өзгерістерге әкеледі, яғни мутациялық әрекет жасайды. Бұлай әсер етуді жаңа қасиеттері бар өсімдіктенр мен басқа организмдерді шығаруға пайдалануға болады.
Жарық пен қараңғының алмасуы өсімдіктердің өсуіне және дамуына әр түрлі әсер етеді. Оны фотопериодтік әсер ету деп атайды.
Әрбір фотобиологиялық процеске оның өту қарқындылығының сәулелену толқынының ұзындығына тәуелділігін тұрғызуға болады. Мұндай графикалық тәуелділік сәулеленудің әсер ете спектрі деп аталады. Тиімді және үнемді сәулелену көздерін ойлап құрастыруда және сәулелендіретін қондырғыларды жобалауда әсер ету спектрінің маңызы зор келеді. Сәулелендіретін қондырғыларды есептеуде және жобалауда фотореактивация құбылысын ескеру керек болады. Толқындар ұзындықтарының әр түрлі диапазондарына жататын сәулелердің бір уақытта объектіге әсер еткен кезінде өтетін өзара байланыс құбылысы фотореактивация деп аталады. Бұл құбылыс сәулелендірудің тиімділігін жоғарылатуы немесе төмендетуі мүмкін. Мысалы, малдарды ультракүлгін сәулелерімен сәулелендірумен қоса қарқынды жарықтандырғанда ультракүлгін сәулелерімен сәулелендірудің тиімділігі тек жеке сәулелендіруді пайдаланған жағдайдан төмен болады.