- •Атом ядросы
- •Мазмұны
- •Атом ядросының заряды[өңдеу]
- •Атом ядросының массасы[өңдеу]
- •Ядролық физикадағы өлшем бірліктер[өңдеу]
- •Атом ядросының пішіні мен өлшемі[өңдеу]
- •Мазмұны
- •Толығырақ[өңдеу]
- •Атомдағы электрондардың күйі[өңдеу]
- •Атом және атом ядросы § 7.1 Резерфорд тәжiрибесi. Атомның ядролық моделi
- •Атом құрылысы[өңдеу]
- •§ 7.2 Бор постулаттары. Бор жасаған сутегi атомының моделi
- •§ 7.3 Франк және Герцтiң тәжiрибелерi
- •§ 7.4 Шығару және жұтылу спектрлерi. Спектр түрлерi. Спектр аппараты
- •§ 7.5 Жарықтың кванттық көздерi. Лазерлер
- •§ 7.6 Зарядталған бөлшектердi бақылау мен тiркеудiң әдiстерi
- •§ 7.7 Табиғи радиоактивтiлiк. Α, β, γ – сәуле шығару
- •§ 7.8 Радиоактивтiлiк ыдырау заңы. Ығысу ережесi
- •§ 7.9 Атом ядросының құрылысы. Атом ядроларының байланыс энергиясы
- •§ 7.10 Уран ядросының бөлiнуi. Ядролық реакцияда энергияның бөлiнуi
- •§ 7.11 Ядролық реактор. Термоядролық реакциялар
- •§ 7.12 Радиоактивтi сәулелердiң биологиялық әсерi. Биологиялық қорғаныс
- •§ 7.13 Элементар бөлшектер. Бөлшектер мен электромагниттiк сәулелердiң өзара түрленуi
- •Есеп шығару үлгiлерi
- •7.1 Толқын ұзындығы 0,48 мкм фотон шығарған кезде, сутегi атомындағы электронның энергиясы қалай өзгередi.
- •7.2 8О17 ядросының массалар ақауын және байланыс энергиясын табыңыз.
Атом ядросының массасы[өңдеу]
Атом ядросының физикалық
қасиеттері оның зарядымен қатар
массасымен де анықталады. Ядроны
сипаттайтын шамалардың ең маңыздыларының
бірі — масса.
Ядролық
физика иондар
мен атом ядросының массасын көбінесе
масс-спектрографтың көмегімен анықтайды.
8.2-суретте масс-спектрографтың сұлбасы
келтірілген. Зерттелетін заттың атомдары
иондық көзде (ИК) оң иондалып, әлсіз
электр
өрісінің әсерінен
диафрагма
арқылы әр түрлі жылдамдықпен өтеді.
және
диафрагмалары
арасында оң иондар электр өрісінде
үдемелі қозғалады. Және осы мезетте оң
иондарға
индукциясы
болатын
магнит
өрісі де әсер етеді. Осылайша
үдетілген оң иондар, оған бір-біріне
перпендикуляр бағытталып әсер ететін
электр
және
магнит
өрістері арқылы сұрыпталып өтеді.
диафрагма
арқылы бұрылмай өтуі үшін
немесе
шарты
орындалуы керек. Бұл теңдеуден жылдамдықты
анықтайық:
Осы жылдамдыққа ие болған оң иондар
біртекті
магнит
өрісінде орналасқан ВК вакуумдік
камераға өтеді. Магнит
өрісінің индукция векторы
иондардың
жылдамдық векторына перпендикуляр
орналаскан. Магнит
өрісінде козғалған оң иондарға
модулі
болатын
Лоренц күші әрекет етеді. Иондар
осы күштің әрекетінен шеңбер бойымен
қозғалады. Жартылай шеңбер сыза отырып,
массалары бірдей иондар ФП фотопластинаның
түрлі орындарында тіркеледі.
немесе
болғандықтан,
ионның массасын
өнергі бойынша жоғары дәлдікпен
анықтайды. Атом ядросының массасын
әрпімен
белгілеу қабылданған.[1]
Ядролық физикадағы өлшем бірліктер[өңдеу]
Өлшем бірліктерінің Халықаралык жүйесіндегі қолданылатын ұзындықтың, массаның және т.б. өздеріңе таныс өлшем бірліктерімен қатар, ядролық физикада арнайы бірліктер қолданылады. Бұл қажеттілік ядролық процестердің субатомдық әлемде өтетінінен туындайды.
Мысалы, ядролық
физикадағы ең үлкен қашықтық
атом
радиусының өзі 10-10
м-ге тең. Ұзындық бірлігі ретінде
ферми алынады: 1фм
= 10-15
м. Массаның бірлігі ретінде
көміртегі
атомы
массасының бөлігі алынады, ол массаның
атомдық бірлігі болып табылады:
1 м.а.б.=1,660546 · 10-27 кг, 1 кг=6,023091 · 1026 м.а.б.
Салыстырмалы атомдық масса
атомның абсолюттік массасында неше массаның атомдық бірлігі бар екенін көрсетеді. Мысалы, сутегі үшін Ar= 1,00783, көміртегі үшін Ar = 12,0 , оттегі үшін Ar = 15,99482.
Ядролық физикада энергияны электронвольтпен өлшейді,
1 эВ = 1,6 · 10-19 Дж.
Еселік мәндер де қолданылады:
1 кэВ =103 эВ; 1 МэВ =106 эВ;1 ГэВ =109 эВ.
Көбінесе элементар бөлшектердің
массаларын массаның атомдық бірлігімен
қатар энергияның өлшем бірлігі МэВ
немесе ГэВ-пен
де өлшейді. Сондықтан массаның атомдық
бірлігіне сәйкес болатын энергияның
эквивалентін анықтайық. Масса
мен энергияның
өзара байланыста болатыны Эйнштейннің
формуласынан
белгілі.
Атомдағы электрондар
массасы ядроның массасымен салыстырғанда
өте аз, оны ескермеуге болады. Сондықтан
массаның
атомдық бірлігімен алынған
және атом массасына ең жақын бүтін санды
массалық сан деп атайды. Оны
әрпімен
белгілейді. Ол жоғары дәлдікті қажет
етпейтін есептеулерде, әсіресе массалардың
қатынасы кіретін өрнектерде ядро
массасының шамасы ретінде қолданылады.
Мысалы, гелий
атомының массасы MHe
= 4,0026 м.а.б. болса, массалық саны A
= 4 болады.[1]
