Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарма метод.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.6 Mб
Скачать

Семей мемлекеттік медициналық академиясы тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандық: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА

Пән: ФАРМАКОЛОГИЯ - 1

Кафедра: ЖАЛПЫ ФАРМАКОЛОГИЯ

ІІ курсы

3 тақырып: «ЖАЛПЫ ФАРМАКОЛОГИЯ. ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ

ФАРМАКОКИНЕТИКАСЫ МЕН ФАРМАКОДИНАМИКАСЫ»

Құрастырушы:

Фармакология кафедрасының оқытушысы:

__________________ Қожекенова Л. Ғ.

Семей 2008

1.ТАҚЫРЫП: «Жалпы фармакология. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен

фармакодинамикасы»

2.Мақсаты:

Үйрету:

  • дәрілік заттарды енгізудің әр түрлі жолдарының артықшылықтары мен кемшіліктерін айыра білу

  • дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына әсер ететін факторларды анықтау

  • эксперименттік фармакологияның қазіргі заманғы теориялық концепцияларын бағалау

  • алған білімді келешек кәсіби қызметте қолдана білу

Білімді бекіту:

  • дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары бойынша.

Дағдыларды бекіту:

  • фармакокинетикалық параметрлерді бағалау бойынша: биотиімділік, қан плазмасы белоктарымен байланысу, таралу көлемі, жартылай шығарылу кезеңі, элиминация константасы;

  • ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу және фармакологиядан өздігінен білім алу дағдысын меңгеру бойынша.

3.Оқытудың міндеттері:

  • дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары туралы ұғым қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жалпы фармакологияның анықтамасы мен мақсаттары.

2. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы, анықтамасы және мазмұны. Фармакокинетиканың негізгі параметрлері. Биотиімділік пен биоэквиваленттілік туралы ұғым. Фармакокинетика процестерін математикалық модельдеу.

3. Дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсер ететін факторлар. Дәрілік заттардың химиялық құрылымы және физика-химиялық қасиеттерінің маңызы.

4. Әсердің әсер етуші заттың дозасына (концентрациясына) тәуелділігі. Мөлшердің түрлері: минимальды, орташа және жоғары терапиялық доза, бір реттік, соққыгер, курстық, улы, өлімге әкелетін дозалар. Орташа тиімді доза, терапиялық индекс және терапиялық әсердің кеңдігі туралы ұғым.

5. Үйлесімді қолданғанда дәрілік заттардың әсері. Заттардың фармакологиялық (фармакокинетикалық) өзара әсерлесуі.

6. Дәрілік заттар әсерінің организмнің қасиеттеріне тәуелділігі: индивидуальды ерекшеліктер, физиологиялық және патологиялық жағдайлар, генетикалық факторлар.

7. Дәрілік заттардың фармакодинамикасы, анықтамасы және мазмұны. Біріншілік фармакологиялық реакция (әсер), дәрілер әсерінің механизмі және локализациясы.

8. Дәрілік заттардың әсер етуінің негізгі принциптері. Арнайы рецепторлар, агонисттер және антагонисттер туралы ұғым. Дәрілік заттардың организмнің биомолекулаларымен байланысу түрлері.

9.Дәрілік заттар әсерінің түрлері: жергілікті және резорбтивті; тікелей және тікелей емес (жанама, екіншілік); жалпыклеткалық, таңдамалы; негізгі және жанама; қайтымды және қайтымсыз, терапиялық және улы. Фармакотерапияның түрлері.

10. Дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсер ететін факторлар.

11. Дәрілік заттарды қайта енгізгенде олардың әсерінің өзгеруі: жиналу (материальды және функциональды), сенсибилизация, үйрену, дәріге тәуелділік ( психикалық және физикалық). Дәріге тәуелділікпен күресудің медициналық және әлеуметтік аспектілері.

12. Дәрілік заттарды үйлесімді қолдануда болатын әсерлер. Заттардың фармакологиялық өзара әсерлесуі. Синергизм, оның түрлері. Антагонизм, оның түрлері. Антидотизм. Дәрілік заттардың фармацевтикалық өзара әсері. Дәрілік заттардың фармакологиялық және фармацевтикалық сәйкессіздігі туралы ұғым.

13. Дәрілік заттар әсерінің организмнің қасиеттеріне тәуелділігі: индивидуальды ерекшеліктер, физиологиялық және патологиялық жағдайлар, генетикалық факторлар.

14. Дәрілік заттар әсерінің сыртқы ортаның факторларына тәуелділігі.

15. Дәрілік заттардың жағымсыз әсерінің түрлері: аллергиялық емес текті жанама әсер; препараттардың мөлшерден тыс қолданумен байланысты токсикалық әсер; аллергиялық текті (ГНТ, ГЗТ) әсерлер организм сезімталдылығының төмендеуімен байланысты әсерлер; арнайы, токсикалық әсердің білінуі (эмбриотоксикалық, фетотоксикалық, мутагенді, тератогенді, канцерогенді әсерлер); генетикалық факторлармен байланысты әсерлер (идиосинкразия және т.б.).