Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарма метод.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.6 Mб
Скачать

7. Бақылау:

Түсініксіз сұрақтарды талдағаннан кейін қорытынды сабақтың тақырыбы бойынша жазбаша бақылау жүргізіледі. Әр студентке бір билет беріледі. Билетте қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып рецепттер жазу үшін 7 препарат берілген (2 кестені қараңыз “Рецепттер жазу үшін препараттар тізімі”САБАҚ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ бөлімінен). Тест тапсырмаларының бір варианты беріледі. Онда бір дұрыс жауабы бар 40 тест берілген. Тест тапсырмалары оқу бағдарламасына сәйкес 1 Кестеде берілген тақырыптардың сұрақтарынан құралған.

Семей мемлекеттік медициналық академиясы тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандық: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА

Пән: ФАРМАКОЛОГИЯ - 1

Кафедра: ЖАЛПЫ ФАРМАКОЛОГИЯ

ІІ курсы

14 тақырып: ИММУНДЫҚ ҮРДІСТЕРГЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАР.

«АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ»

Құрастырушы:

Фармакология кафедрасының оқытушысы:

__________________ Қожекенова Л. Ғ.

Семей 2008

1. ТАҚЫРЫП: «Иммундық үрдістерге әсер ететін заттар»

2.Мақсаты:

Үйрету:

  • оқытылатын дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу

  • оқытылатын дәрілік заттардың дәрілік формасын және қолдану әдісін таңдау

  • оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу

  • оқытылатын дәрілік заттарды қолданудың және организмнің мүшелері мен жүйелерінің қызметіне әсерін болжаудың мүмкіндіктерін бағалау

Білімді бекіту:

  • негізгі оқытылатын дәрілердің халықаралық патенттелмеген атаулары туралы

  • оқытылатын дәрілік заттардың негізгі дәрілік формалары туралы

  • оқытылатын препараттардың фармакокинетикасы мен фармакодинимикасының жалпы заңдылықтары туралы

  • оқытылатын дәрілік заттардың жіктелуі мен әсер ету механизмі туралы

  • оқытылатын препараттардың жағымсыз және жанама әсерлері, олардың алдын алу және пайда болғанда жою туралы

Дағдыларды бекіту:

  • препараттардың қолдану әдістері мен енгізу жолдарын, дәрілік формаларын таңдау бойынша

  • оқытылатын дәрілік заттардың әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу (натрий нуклеинаты, метилурацил, левамизол, Т-активин, циклоспорин) бойынша

  • негізгі өмірге маңызды препараттарға рецепттер жазу бойынша

  • рецепттерді түзету, препараттарды алмастыру, оқытылатын дәрілердің мөлшерін бағалау бойынша

  • оқытылатын препараттардың әсерін олардың әсер ету механизмі мен локализациясы, фармакологиялық қасиеттердің жиынтығы негізінде сараптау бойынша

  • оқытылатын дәрілік заттарды организмнің мүшелері мен жүйелерінің қызметін белгілі бір бағытта өзгерту үшін таңдау бойынша

  • оқытылатын препараттардың жағымсыз әсерлерін анықтау, олардың алдын алу және пайда болғанда жою бойынша

  • жаңа дәрілік заттар туралы жақсы білу, олардың қолданылып жүрген препараттардан артықшылықтары, өзара алмасу принциптері және жиі қолданылатын синонимдері туралы

  • клиника және дәріхана қызметкерлерін, тұрғындарды ақпараттандыру үшін оқытылатын препараттар туралы мәліметтерді іздеу және өңдеу бойынша

  • алған білімді болашақ кәсіби қызметте қолдану бойынша