Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарма метод.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.6 Mб
Скачать

Семей мемлекеттік медициналық академиясы тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандық: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА

Пән: ФАРМАКОЛОГИЯ - 1

Кафедра: ЖАЛПЫ ФАРМАКОЛОГИЯ

ІІ курсы

2 тақырып: «ЖАЛПЫ РЕЦЕПТУРА. СҰЙЫҚ ДӘРІЛІК ФОРМАЛАР.

ИНЪЕКЦИЯҒА АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК ФОРМАЛАР»

Құрастырушы:

Фармакология кафедрасының оқытушысы:

__________________ Қожекенова Л. Ғ.

Семей 2008

1.ТАҚЫРЫП:Жалпы рецептура. Сұйық дәрілік формалар. Инъекцияға арналған дәрілік формалар.

2.Мақсаты:

Үйрету:

  • дәріханада улы және күшті әсерлі заттарды сақтау және босату ережелерін

  • сұйық дәрілік формаларға және инъекцияға арналған дәрілік формаларға рецепт жазу ережелерін

  • дәрінің мөлшерін және концентрациясын есептеуді

  • рецепттерді толтырудың жалпы принциптерін және рецепт жазбаларын құруды

  • рецепттерді түзете білуді

Білімді бекіту:

  • дәрі, дәрілік зат, дәрілік препарат және дәрілік форма туралы

  • сұйық дәрілік формаларды және инъекцияға арналған дәрілік формаларды дайындау технологиясы туралы

  • рецепттерді жазғанда қолданылатын салмақ пен көлемнің өлшем бірліктері туралы

  • рецепттің құрылымы мен жазылу ережелері, рецептуралық бланктардың формалары, сұйық дәрілік формаларға және инъекцияға арналған дәрілік формаларға рецепт жазу ережелері туралы

  • дәріхананың структурасы, міндеттері және негізгі қызметтері туралы

Дағдыларды бекіту:

  • рецепттерді толтырудың және рецепт жазбаларын құрудың жалпы принциптері бойынша

  • сұйық дәрілік формаларға және инъекцияға арналған дәрілік формаларға рецепттер жазу бойынша

  • дәрінің мөлшерін және концентрациясын есептеу бойынша

  • ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу және фармакологиядан өздігінен білім алу дағдысын меңгеру бойынша.

3.Оқытудың міндеттері:

  • сұйық дәрілік формаларды және инъекцияға арналған дәрілік формаларды дайындау, сақтау және босатудың жалпы ережелері туралы ұғым қалыптастыру

  • дәрілік формаларды және дәріні қолдану әдістерін таңдаудың жалпы прициптері туралы ұғым қалыптастыру

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Жалпы рецептура. Рецепттерді құрастыру мен жазудың және рецепттер бойынша дәріханадан дәрілерді босатудың жалпы ережелері. Сұйық дәрілік формаларды және инъекцияға арналған дәрілік формаларды рецепттерде жазудың ережелері.

2.Басқа дәрілік формалар. Улы, күшті әсерлі, есірткі заттарды және есеңгірететін әсерлі препараттарды рецепттерде жазудың ерекшеліктері.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

  • дискуссия - тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау

  • кіші топтарда жұмыс істеу

  • «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» Д. А. Харкевич 1988 ж. бойынша тапсырмаларды орындау: 7-10, 13-14 беттер, сұйық дәрілік формаларға және инъекцияға арналған дәрілік формаларға рецепттер жазу.

  • Сұйық дәрілік формалар бойынша бақылау жаттығуларын шешу. «Жалпы рецептура», Д.А.Харкевич, 1982, 65-71 беттер, I-ХV тапсырмалар.

  • Инъекцияға арналған дәрілік формалар бойынша бақылау жаттығуларын шешу. «Жалпы рецептура», Д.А.Харкевич, 1982, 116-118 беттер, I-V тапсырмалар.