Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарма метод.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.6 Mб
Скачать

РМҚК «СММА»

САПА ТҮРІ

ЖМБС -2006ж бойынша сабаққаарналған әдістелік нұсқама (зертханалық, семинар,сараманды сабатар)

G-041.07.01.13-2007

01.06.2005ж 01 ревизия орнына

01.08.2007 ж 02. ревизия енгізген күні

Бет 90 тен 90 ке

Семей мемлекеттік медициналық академиясы тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандық: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА

Пән: ФАРМАКОЛОГИЯ - 1

Кафедра: ЖАЛПЫ ФАРМАКОЛОГИЯ

ІІ курсы

1 тақырып: «ЖАЛПЫ РЕЦЕПТУРА. ҚАТТЫ ДӘРІЛІК ФОРМАЛАР.

ЖҰМСАҚ ДӘРІЛІК ФОРМАЛАР»

Құрастырушы:

Фармакология кафедрасының оқытушысы:

__________________ Қожекенова Л. Ғ.

Семей 2008

Кафедра отырысында бекітілген

«" 200__ жыл

№  хаттамасы

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор: ________________ Мусин М.Н.

1.ТАҚЫРЫП:Жалпы рецептура. Қатты дәрілік формалар. Жұмсақ дәрілік формалар.

2.Мақсаты:

Үйрету:

  • дәріханада улы және күшті әсерлі заттарды сақтау және босату ережелерін

  • қатты және жұмсақ дәрілік формаларға рецепт жазу ережелерін

  • дәрінің мөлшерін және концентрациясын есептеуді

  • рецепттерді толтырудың жалпы принциптерін және рецепт жазбаларын құруды

  • рецепттерді түзете білуді

Білімді бекіту:

  • дәрі, дәрілік зат, дәрілік препарат және дәрілік форма туралы

  • қатты және жұмсақ дәрілік формаларды дайындау технологиясы туралы

  • рецепттерді жазғанда қолданылатын салмақ пен көлемнің өлшем бірліктері туралы

  • рецепттің құрылымы мен жазылу ережелері, рецептуралық бланктардың формалары, қатты және жұмсақ дәрілік формаларға рецепт жазу ережелері туралы

  • дәріхананың структурасы, міндеттері және негізгі қызметтері туралы

Дағдыларды бекіту:

  • рецепттерді толтырудың және рецепт жазбаларын құрудың жалпы принциптері бойынша

  • қатты және жұмсақ дәрілік формаларға рецепттер жазу бойынша

  • дәрінің мөлшерін және концентрациясын есептеу бойынша

  • ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу және фармакологиядан өздігінен білім алу дағдысын меңгеру бойынша.

3.Оқытудың міндеттері:

  • қатты және жұмсақ дәрілік формаларды дайындау, сақтау және босатудың жалпы ережелері туралы ұғым қалыптастыру

  • дәрілік формаларды және дәріні қолдану әдістерін таңдаудың жалпы прициптері туралы ұғым қалыптастыру

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Кіріспе. Фармакологияға анықтама, оның басқа медициналық және биологиялық ғылымдар арасында алатын орны. Фармакологияның дамуының негізгі этаптары. Ресей мен Қазақстанда фармакологияның дамуы. Негізгі ғылыми мектептер.

2.Жаңа дәрілік заттарды іздеп табудың қағидалары. Заттардың химиялық құрылымы мен әсері арасындағы тәуелділікті зерттеп білу негізінде жаңа дәрілік заттардың синтезі. Дәрілік заттарды сынаудың негізгі әдістері мен қағидалары.

3.Жалпы рецептура. Рецепт дәрігер жұмысының негізгі құжаттарының бірі ретінде. Рецептуралық бланктердің формалары. Рецепттерді құрастыру мен жазудың және рецепттер бойынша дәріханадан дәрілерді босатудың жалпы ережелері.

4.Дәрілік формаларды рецепттерде жазудың ережелері. Қатты және жұмсақ дәрілік формалар. Улы, күшті әсерлі, есірткі заттарды және есеңгірететін әсері бар препараттарға рецепт жазудың ерекшеліктері.

5.Жаңа дәрілердің шығарылуын бақылайтын мемлекеттік органдар. Мемлекеттік және халықаралық фармакопеялар, мазмұны.