
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк «Экономикалық теория» кафедрасы
- •5В090100 – «Көлікті пайдалану және қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», 5в021200 – Тюркология, 5в070300 – Ақпараттық жүйе
- •1. Силлабус
- •2) Экономикалық теория негіздері. Коды etn1109. 2 кредит
- •4) Пререквизиттер:
- •5) Оқу пәніне сипаттама:
- •2. 2. Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар
- •3.Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі және дәрісті оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Экономикалық теория пәні.
- •Экономиканың зерттеу әдістері.
- •Экономикалық теорияның функциялары.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бөлім – 2. Қоғам дамуының жалпы экономикалық негіздері.
- •2 Тақырып. Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
- •1. Экономикалық ресурстар мен экономикалық факторлар.
- •2. Қоғамдық өндірістің құрылымы.
- •Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •Ұлғаймалы өндірістің түрлері:
- •3 Тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны
- •Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
- •Меншік объектілері мен субьектілері.
- •Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері мен мәселелері.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •4 Тақырып. Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері
- •1. Экономикалық жүйелердің мәні және типтері
- •2. Экономиканың негізгі проблемалары және оларды әртүрлі экономикалық жүйелерде шешу тәртібі
- •2. Экономиканың негізгі проблемалары және оларды әртүрлі экономикалық жүйелердегі шешу тәртібі
- •3. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі
- •Бөлім-3. Нарық және оны реттеу механизмдері.
- •5 Тақырып. Нарықтық шаруашылықтың қалыптасу алғы шарттары. Тауар-ақша қатынастары
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •2. Монополистік бәсеке нарығы.
- •Шоғырланудың бағыттары
- •Кәсіпкерлік: экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері
- •Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Өндіріс шығындарының классификациясы
- •Ш ығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
- •Бухгалтерлік шығындар
- •Экономикалық шығындар
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •Еңбек нарығы және жалақы.
- •Капитал және процент.
- •Жер нарығы және жер рентасы.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Өндіріс факторлар нарығы
- •Еңбек нарығы
- •Капитал нарығы
- •Жер нарығы
- •Нақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары кездеседі.
- •Мерзімдік
- •Жұмыс х Бір сағаттың
- •Жалақының формалары
- •Мерзімді
- •Аккордты
- •Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.
- •Бөлім-4. Ұлттық экономиканың қызмет ету заңдылықтары.
- •Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •Макроэкономикалық тепе-теңдік.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Циклдық ауытқудың мәні, түрлері, себептері
- •2. Дағдарыс және оның түрлері
- •3. Экономикалық өсудің мәні, типтері, факторлары
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
- •Экономикалық циклдардың типтері
- •Мұндағы: жұө1 - есепті жылғы жалпы ұлттық өнім
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бөлім-5. Макроэкономикалық реттеу.
- •Ақша жүйесі түсінігі мен типтері.
- •Несиенің мәні мен формалары.
- •Қазақстан Республикасының банктік жүйесі.
- •Мемлекеттің ақша-несие саясаты
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:
- •Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:
- •Несие функциялары:
- •Несиенің түрлері
- •Банктердің функциялары:
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері:
- •Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:
- •Қазақстан Республикасы ақша-несие саясатының негізгі міндеттері
- •Қаржы жүйесінің мәні.
- •Мемлекеттік бюджет.
- •Салық жүйесі.
- •Негізігі түсініктер мен терминдер
- •Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:
- •Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:
- •Салық жүйесінің принциптері:
- •Салық сипаты тұрғысынан:
- •Дүниежүзілік шаруашылық.
- •Халықаралық қатынастар және оның негізгі көріну нысандары.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.
- •Халықаралық экономикалық интеграция
- •4. Оқу курсы мен тақырыпқа арналған міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •2.Төмендегi өндiрiс факторларының қай тiзiмi дұрыс:
- •4.Студенттер үшін институтта оқудың баламалы құны:
- •5.Өндірістік мүмкіндіктер сызығында бір өнімді өндірудің өсуі төмендегімен сәйкес келеді:
- •1. Тест
- •3) Айналым шеңберіндегі мемлекеттің ролін анықтаңыз:
- •4) Төмендегі елдерді экономикалық жүйелер типтері бойынша жіктеңіз:
- •5) Төмендегі кестені толтырыңыз, нарықтық экономика модельдерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •7. Рента деп …. Түсіну керек:
- •Есептер:
- •2.Инфляция түрлерi:
- •Бақылау сұрақтары
- •6. Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •Эканомикалық циклдардағы реттеудегі мемлекеттерді анықтау.
- •7. Семинар, практикалық және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау
- •Дискуссия тақырыбы : «Экономикалық мектептер және қазіргі кездегі экономикалық теория»
- •1.Тақырып бойынша логикалық схема құрастыру керек;
- •2. Экономикалық сөздік жасау қажет;
- •3. Қайталауға арналған сұрақтар
- •Сабақтың мақсаты
- •Талдау сұрақтары
- •Талдау сұрақтары
- •8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
- •9. Оқу материалын жақсы ұғыну мен қабылдауға арналған оқу пәні бойынша иллюстрациялық материал және олармен жұмыс істеу бойынша әдістемелік нұсқау
- •10. Пәнді оқуға қажетті қосымша материалдар жинағын көрсететін хрестоматия немесе қосымша
Циклдық ауытқудың мәні, түрлері, себептері
2. Дағдарыс және оның түрлері
3. Экономикалық өсудің мәні, типтері, факторлары
Мақсаты: Экономикалық өсудің мән-мағынасын, негізгі факторларын және модельдерін қарастыру арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік дамуының негізгі мәселелеріне басты назар салу керек.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Экономикалық өсу, Экономикалық өсудің типтері, Жандану, Рецессия (дағдарыс), Стагфляция, Өсу, Тоқырау, Экономикалық өсудің факторлары
Дәріс мәтіні
1. Нарықтық экономикаға тұрақсыздық, көтерілу және құлдырау қасиеттері тән, ол экономикалық кезеңді қалыптастырады және экономиканың кезеңділігін анықтайды. Өндірісті шексіз дамыту мен нарықты жаулап алу артық тауар өндірісіне әкеліп соқтырады. Артық өндіру бұл ұсыныстың сұраныстан көп болуы. Артық өндірудің себептерін зерттей келе экономистер сұраныстың өсуі мен азаюы, өндіріс көлемінің өсуі мен азаюының мезгілдігіне көңіл аударды. Циклдық ауытқу бұл экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуы. Экономикалық цикл – бұл бір экономикалық дағдарыстың басынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең, ол экономикада кезең-кезеңмен қайталанатын өрлеу және құлдыраумен сипатталады.
Цикл
(кезең)
өрлеу
құлдырау
өрлеу
құлдырау
тоқырау
Цикл төрт фазадан тұрады. Ең бастапқы фазасы – құлдырау. Бұл жағдайда экономикалық өсудің деңгейі мен қарқынының төмендеуі жүреді, одан әрі өнім шығару тоқтайды. Мұндай құбылыс тауардың артық өндірісімен байланысты. Бұл уақытта сатылмаған өнімдердің қорлары бірден ұлғаяды. Артық тауарларды сата алмайтын өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының жаппай банкроттығы жүреді. Өндірістің тоқтауынан жұмыссыздық өседі, жалақы қысқарады. Қоғамда несиелік байланыстар мен бағалы қағаздар нарығы бұзылып, акция бағамы құлдырайды. Барлық кәсіпкерлер қарыздарды өтеу үшін ақшаға деген қажеттілікті қатаң сезінеді. Сондықтан банктік сауда пайызының нормасы өседі.
Құлдыраудан кейінгі фаза – тоқырау. Бұл уақытта өндірістің құлдырауы, ал онымен бірге бағаның төмендеуі тоқтайды. Бірте-бірте тауар запастары азаяды. Аз ғана сұраныс салдарынан еркін ақша капиталының массасы ұлғаяды, ал банктік пайыз ставкасы төмендейді. Тоқырау кезеңінде тауарлар ұсынысы сұраныстан оза алмайды, сондықтан олардың арасында тепе-теңдік қалыптасады (тауар шығымының тоқтауы сұраныс деңгейіне дейін олардың ұсынысын азайтады). Сол уақытта дағдарыстан шығудың табиғи жағдайлары қалыптасады. Өндіріс құралдарына бағаның төмендеуі және несиенің арзандауы капиталдың қорлануын, жаңа техникалық негізде кеңейтілген ұдайы өндірістің қалпына келуін қамтамасыз етеді.
Келесі фаза – жандану – дағдарыс алдындағы деңгейге дейін өндірістің кеңеюін білдіреді. Тауар запастарының мөлшері нарықты үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейде белгіленеді. Тұтынушылық сұраныстың жандануымен туған бағаның азғана өсуі байқалады. Жұмыссыздық мөлшері қысқарады. Ақша капиталына сұраныс өседі және процент ставкасы ұлғаяды.
Келесі фаза - өрлеу. Бұл кезеңде өнім шығару көлемі дағдарыс алдындағы деңгейден асып түседі. Осымен байланысты жұмыссыздық қысқарады. Сұраныстың кеңеюімен тауарларға баға өседі. Өндірістің табыстылығы артады. Несие құралдарына сұраныс ұлғаяды және сәйкесінше банк пайызының нормасы өседі.
Өндірістің циклдық дамуының себептері неде? Артық өндіру дағдарысы тұтынушылық сұраныс пен тауарлар ұсынысы арасындағы арақатынастың бұзылу нәтижесінде пайда болады. Экономикалық теорияда циклдың себептері әртүрлі түсіндіріледі:
- неоклассикалық бағыт дағдарысты кездейсоқ, тез өтетін құбылыс ретінде қарастырған;
- толық тұтынбайтын концепция – экономикалық дағдарысты жұмысшылар массасының кедейлігімен түсіндіреді;
- ақша-несие концепциясы дағдарысты ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың бұзылу нәтижесі деп түсіндіреді;
- маркстік концепция дағдарыстың себебін капитализмнің қайшылықтарымен байланыстырады;
- кейнс теориясы дағдарысты нарық механизмінің әлсіздігімен түсіндіреді.
Қазіргі экономистер циклдың себептерін үш жағдаймен байланыстырады:
1. Сыртқы факторлар: халық санының өзгеруі, инновациялар, соғыс және басқа саяси жағдайлар. Халықтың өсуі өндіріс өсуіне, жұмысбастылық деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Технологияның өзгеруі іскерлік белсенділікті шақырады, инвестициялауға ынталандырады. Саяси жағдай іскерлік белсенділікке әртүрлі әсер етеді.
2. Ішкі факторлар: тұтыну, инвестициялау және үкімет саясаты. Тұтыну әсері: фирма тұтынушыны барлық тауарлармен қамтығысы келеді, нәтижесінде тұтыну шығындары өседі, жаңа жұмысшылар жалданады. Сондықтан өндіріс көлемі, жұмысбастылық пен сату көлемі өсіп, экономика өрлеу фазасына өтеді. Тұтыну шығыны қысқарғанда керісінше жағдай пайда болады және құлдырау кезеңі басталады. Инвестицияның әсері: негізгі қорға салынған салым жаңа жұмыс орнын ашады, тұтынушының сатып алу қабілетін жоғарылатады – бұл экономикалық өсуге мүмкіндік туғызады. Инвестициялау деңгейі төмендегенде экономикалық жағдай нашарлай түседі. Үкіметтің ықпалы фискалдық және монетарлық саясатпен жүзеге асырылады.
3. Ішкі және сыртқы факторлардың синтезі. Авторлардың пікірінше сыртқы факторлар циклды қозғаушы, ал ішкі факторлар фазалық ауытқуларға алып келеді.