Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалық сабақ топтамасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
162.83 Кб
Скачать

Практикалық сабақ № 14

ҚОЛДАНБАЛЫ ЕСЕПТЕРГЕ ПРОГРАММАЛАР ҚҰРУ

Сабақтың мақсаты: Индексті айнымалы мен массивтер ұғымы бойынша теориялық білімдерін тексеру. Массивтерді сипаттау мен оны пайдаланып праграммалар жазу дағдыларын қалыптастыру. Массивтерді сипаттау әдістемесін меңгеру.

Практикалық сабақтың жоспары:

1. Индексті айнымалы мен массивтер ұғымы.

2. Массивтерді сипаттау және оның программа жазудағы ролі.

3. Массивтерді пайдаланып праграммалар жазу есептері.

4. Массивтерді пайдаланып қарапайым программаларды жазу мен тексеру әдістемесі.

5. Тақырып бойынша дидактикалық материалдар жинақтау.

Бақылау сұрақтары:

      1. Информатиканың ғылым ретінде дамуының негізгі этаптары.

      2. Информатиканың негізгі ұғымдарының қалыптасуы.

      3. «Информатика» оқу пәнінің мазмұнын сұрыптауға әсер ететін факторлар.

4. Информатиканың методологиялық ерекшеліктері.

5. ИОӘ-мен физиканы, математтиканы оқыту әдістемесінің арасындағы байланыс.

6.Дидактика принциптері және информатиканы оқыту.

Глоссарий

Объект – зерттеушінің әрекеті бағытталған болмыстың облысы, ал пән – зерттеу объектісімен субъектісінің арасын жалғастырушы звено. Информатика әртүрлі нақты ақпараттық процестерге (технологиялар) тән жалпылама заңдылықтарды зерттейді. Осы ақпараттық процестермен технологиялар информатиканың зерттеу объектісі.

Информатика пәні оның кең тараған қолданыстары арқылы анықталады, яғни «пәндік» информатиканы құрайды. Қоғамның сұраныстарын және информатиканы даму кезеңдеріне сәйкес оны оқытудың заңдарын зерттейтін педагогиканың бөлімі информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. («Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі»). Информатика курсының мазмұнын анықтау принциптері: ғылымилығы және практикадағы қолданысы; түсініктілігі және жалпылығы.

Информатика курсының мазмұнын таңдауға әсерететін негізгі принциптер: ғылымилық және іс-жүзіндегі қолданыс; түсініктілік және жалпы білімділік.

Дидактиканың принциптері: ғылымилық, бірізділік және қайталау, іс-әрекетті меңгерудің ұғынықтылығы, мазмұнның түсініктілігі, іс-әрекеттің және мазмұнның көрнекілігі, белсенділік және өзбетінділік, білімнің жүйелігі және беріктілігі, оқуды дербестендіру және коллективтендіру, оқу іс-әрекетінің тиімділігі, теориямен практиканың байланысы.

Реферат тақырыптары:

  1. Кибернетика ғылымы ретінде.

  2. Дидактиканың принциптері.

  3. Орта звенода информатиканы оқыту мақсаты.

  4. Информатиканың фундаментальді негіздері.

  5. Мектеп информатикасының тарихы.

Блиц - тест

  1. Информатика курсының мазмұнды әдістемелік ерекшелігіне жатпайды ол

    1. Сабақты ұйымдастыру формасын меңгеру;

    2. пән аралық;

    3. шама ұғымының кеңейуі;

    4. ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдерімен танысу;

    5. ақпараттық ұғымда (базирование) – алгоритм – ЭЕМ.

  2. ИОӘ курсын оқыту мақсатына жатады.

    1. Оқытудың классикалық және жаңа әдістерін меңгеру;

    2. информатикадан Мемлекеттік білім беру стандартын құру – даярлау;

    3. программалаушы қолдануышны даярлау;

    4. информатикадан алғашқы білімді меңгерту;

    5. компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру.

  3. Білім беру мазмұнынан оқушының танымдық мүмкіндіктеріне бейімделген сәйкес ғылым саласының жаңа жетістіктерінің орын алуын талап ететіндидактикалық принцип – бұл:

    1. Ғылымилық принцип;

    2. мазмұн мен қызметтің көрнекілік принципі;

    3. оқу ісінің тиімділік принципі;

    4. бірізділік принципі;

    5. мазмұнның түсініктілік принципі.

  4. Басқа пәндердің әдістемелігі сияқты ИОӘ-нің алдына дәстүрлі триада сұрақтары тұрады.

    1. Информатиканы не үшін оқытады? Нені оқыту керек? Информатиканы қалай оқыту керек?

    2. Информатика дегеніміз не? Информатиканы не үшін оқытады? Информатиканы қалай оқыту керек?

    3. Информатиканы не үшін оқытады? Информатиканы қалай оқыту керек? Информатиканы қашан оқыту керек?

    4. Информатиканы не үшін оқыту керек? Информатиканы қалай оқыту керек? Информатиканы қашан оқыту керек?

    5. Нені оқыту керек? Информатиканы не үшін оқыту керек? Информатиканы қашан оқыту керек?

  5. Информатиканы оқытудағы дидактиканың принциптерінің бірі.

    1. Ғылымилығы;

    2. модельдеу;

    3. алгоритмдеу;

    4. логикалық;

    5. дискреттілігі.

Әдебиеттер:

  1. Бочкин А.И. Методика преподавания информатики. Учебное пособие-Минск, 1998

  2. Лапчик М.П., Семакин И.Г., Хеннер Е.К. Методика преподавания информатики. Учебное пособие, Москва, 2005г.

  3. Семакин И.Г., Шеина Т. Ю. Преподавание базового курса информатики в средней школе. Методическое пособие, Москва, 2004г.

  4. Государственный образовательный стандарт области «Информатика», тематическое и календарное планирование. Алматы, 1998

  5. Ершов А.П., Звенигородский Г.А., Первин Ю.А. Школьная информатика (концепции, состояние, перспективы). – Новосибирск:ВЦ СО АН СССР, 1979

  6. Изучение основ информатики и вычислительной техники. Пособие для учителя/ А.Авербух, В. Гисин, Я. Зайдельман, Г.Лебедев- М.: Просвещение, 1992