Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД и Силлабус БТ Клеткалар мен ұлпалар биолог...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
154.62 Кб
Скачать

1 Курс, қ/б 2 семестр, 3 кредит,

Дәріскер:

Сапаров Қуандық Әбенұлы – б.ғ.д., профессор

Телефондары: 3773334 (12-14)

e-mail.ru: Kuandyk.Saparov@kaznu.kz

каб.:302

Оқытушы (практикалық, семинар, зертханалық сабақтар):

Сапаров Қуандық Әбенұлы – б.ғ.д., профессор

Оқытушы (практикалық, семинар, зертханалық сабақтар):

Базарбаева Ж.М. – б.ғ.к., профессор қызметін атқарушысы

Телефондары: 3773334 (12-13)

Каб.:308

e-mail.ru: Zhannat.Bazarbaeva@kaznu.kz

Оқытушы (зертханалық сабақ):

Манкибаева Сандуғаш Аманжолқызы

Телефондары: 3-77-33-34 (12-13)

e-mail: Sandugash.Mankibaeva@mail.ru

каб.: 312

Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты: “Биотехнология” мамандығында оқитын студенттерге арналған «Клеткалар мен ұлпалар биологиясы» курсы іргелі морфологиялық пәндердің біріне жатады. Студенттер осы курсты оқу барысында бірінші клетканың құрылысы мен қызметінің негізгі заңдылықтарымен танысып болып ұлпаның құрылысы, қызметі, эволюциясы, дамуы туралы негізгі білімге көшеді. Бұл курстың әрбір бөлімін оқу кезінде клеткалар мен ұлпалардың патологиясының, әртүрлі зақымдану кезіндегі олардың репаративті және физиологиялық регенерациясының, қалыпты дамудан ауытқушылықтың, өсудің, дифференцияланудың элементтеріне назар аударылады.

Міндеттері: Студенттерді жануарлар мен адамның қалыпты және кейбір патологиялық жағдайдағы клеткалар мен ұлпалар жүйелерінің дамуындағы, құрылысындағы, қызметіндегі негізгі ерекшеліктерімен таныстыру. «Клеткалар мен ұлпалар биологиясы» пәнінің жалпы биологиялық және қолданбалы маңызын, биологияның басқа да пәндерімен байланысты екенін көрсету.

Құзыреттері (оқытудың нәтижелері):

Осы курсты оқу барысында студенттер теориялық біліммен қатар микроскоппен жұмыс істеуге дағдылануы керек. Жарық микроскопының көмегімен цитологиялық және гистологиялық препараттарды қарау арқылы негізгі ұлпалардың түрлерін, клетка бөлінуінің морфологиялық белгілерін, ұлпалардың регенерациясын анықтай білу керек. Сонымен қатар тірі және бекітілген клеткалардың негізгі элементтерін микроскоп арқылы, микросуреттерден, электроннограммалардан суреттей алуы керек.

  • қалыпты және патология кезіндегі клетканың құрылысы мен қызметіне, клетка органоидтарына, клетка теориясының негізгі қағидаларына методикалық талдау жасауды;

  • клетканың құрылымы мен қызметінің арасындағы корреляция туралы;

  • клетка бөлінуінің әртүрлі типтерінің механизмдері туралы;

  • қалыпты және патология кезіндегі цитодифференциацияның молекулалық-генетикалық негізі туралы;

  • жануарлардың ұлпалар жүйесінің негізгі типтерінің құрылысы туралы;

  • қалыпты және патология кезіндегі ұлпалар қызметінің ерекшеліктері;

  • эмбриогенезде ұлпалардың дамуы және олардың физиологиялық регенерациясы;

  • ұлпалардың морфофункционалдық классификациясы;

  • әртүрлі ұлпалардың дамуы, олардың регенерациясы және басқа ұлпалармен қарым-қатынасы;

  • салыстырмалы және эксперименттік гистологияның негізі туралы дұрыс талдау жасауды игеруі керек.

Пререквизиттер:

  • омыртқасыз және омыртқалы жануарлар зоологиясы

  • ботаника

  • математика

  • физика

Постреквизиттер:

  • биохимия

  • адам және жануарлар физиологиясы